Ескерту: қолданушылар санының көптігіне байланысты Telegram желісіндегі EgovKzBot2.0. қазір уақытша істемей тұр.
Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау және оны алу келесі 7 қадам арқылы жүзеге асады:
- Telegram-ға кіріп, "EgovKzBot2.0" іздеп табу;
- "Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу" қызметін таңдау;
- Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді толтыруады, өз өз мәліметтерін көрсетіп, жіберу;
- Өтініш "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);
- Ақпарат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін "Е-Макет" ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;
- Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі;
- Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Оқи отырыңыз:
42 500 теңге. Төтенше жағдай кезіндегі бұл әлеуметтік төлем кімге және қалай беріледі?
Зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Президенттің дағдарысқа қарсы 8 тапсырмасыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың түсіндіруінше, 42 500 теңге әлеуметтік төлемді келесі санаттағы азаматтар ала алады:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын адамдар, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жеке тұлғалар;
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға жәрдемақы төленеді. Тоқаевтың жаңа тапсырмаларының толық тізімі
Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі қысқартылды, 3 жұмыс күнін құрайды.
"Біз тағайындау тәртібін өзгерттік, бүгінде ешқандай құжат тапсыру қажет емес, тек өтініш беріледі. Онда жеке деректер – аты-жөні, ЖСН және карточкалық шот көрсетіледі. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің тізімін ұсынады. Сонымен қатар, біреуге төтенше жағдай салдарынан сіздің табысыңыз жоғалғанын дәлелдеудің қажеті жоқ, оны ешкім қайта тексермейді", – деп атап өтті министр.