Перейти на полную версию

Мектеп

Қазақстандық білім беру жүйесі

1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді.

Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің кезеңдері:

  • 1991-1994 жж. – жоғары білімнің заңнамалық және нормативтік- құқықтық базасының қалыптасуы;
  • 1995-1998 жж. – жоғары білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңарту;
  • 1999-2004 жж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру;
  • 2005-2010 жж. – "2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы" негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу;
  • 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделін қалыптастыру.

Білім алу жүйесінің сатылары

Білім туралы жаңа заңның 8-бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде Қазақстан үш деңгейлі моделге енді: бакалавриат-магистратура-PhD докторантура. Қазіргі кезде докторлық және магистратуралық бағдарламалары үшін кластерлі бастамалар негізінде озық мамандықтардың тізімі анықталған.