USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мұғалімдердің білімін бағалау сынағы тоқтатылды – Жұлдыз Сүлейменова

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл шешім президенттің тапсырмасы аясында қабылданды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау рәсімі тоқтатылғанын хабарлады

"Құрметті ұстаздар. Сіздермен сүйінші жаңалықты бөлісемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тоқтатылды. Өте жақсы. Менің ойымша, мемлекет басшысы Сіздерге зор сенім артып, үлкен жанашырлық танытуда. Бұл туралы хат білім басқармаларына жолданды", – деді ол. 

Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасына сәйкес, "модератор", "сарапшы", "зерттеуші", "шебер" санаттарына жұмыс істеп жүрген педагогтер және санатқа тапсыратын басшылар үшін ПББ өткізу тоқтатылады.

"Төлемді қайтару үшін uto@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жолдауларыңыз қажет.  Жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, сондай-ақ педагогикалық қызметін қайта бастауға ниет білдерген тұлғалар үшін "ПЕДАГОГ" санатына ПББ өтініштерге сәйкес өткізіледі. Сонымен қатар, тестілеуді ай сайын өткізу жоспарланғанын еске саламыз", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, педагогтердің білімін бағалау – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тесттер бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Алайда, ол жыл сайын мұғалімдердің наразылығын тудырып, үлкен пікірталасқа негіз болып келген. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз