Мектептерде көзі нашар көретін балаларға лайықты жағдай жасалмаған – сенатор

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл санаттағы оқушыларға қажетті жабдықтардың көбісі ескірген.

Сенатор Амангелді Есбай Қазақстан мектептерінде көру қабілеті бұзылған балалар толыққанды оқуға лайықты жағдаймен қамтамасыз етілмегені айтып, депутаттық сауал жолдады. 

Оның мәліметінше, елімізде инклюзивті білім беруге басымдық берілсе де, осы салада жүйелі проблемалар сақталып отыр. Көзі нашар көретін балалардың саны едәуір болса да білім беру жүйесі тиісті деңгейде бейімделмеген күйде қалып келеді.

Үлкен әріппен басылған оқулықтар, арнайы материалдар және инклюзивті білім берудің басқа да маңызды бөліктері жетіспейді. Бұл оқу сапасына тікелей әсер етеді: көру қабілеті нашар балалар тез шаршайды, ақпаратты нашар қабылдайды және бағдарлау қиынға соғады. Сауал барысында ол Астанадағы мамандандырылған мектепті мысал ретінде келтірді. Онда инклюзивті сыныптардың болуына қарамастан жабдықтар ескірген және жаңартылмаған, бұл оқушылардың көру қабілетін сақтау мен қалпына келтіру мүмкіндіктерін шектейді. 

"Ең өзекті әрі жүйелі шешімін таппаған мәселенің бірі – көзі нашар көретін балаларға арналған үлкейтілген қаріппен жазылған қажетті оқулықтардың жартысынан көбі жоқ. Қазіргі таңда елімізде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім деңгейлерінде ірі қаріппен жазылған оқулықтар мен оқу құралдары толық әзірленбеген, арнайы сызықтары бар дәптерлер, көрнекілігі күшейтілген оқу құралдары жүйелі түрде қамтылмаған. Оқу материалдары көбінесе стандартты форматта ұсынылады, бұл нашар көретін балалардың көруіне шамадан тыс күш түсіріп, оқу үлгерімінің төмендеуіне әкеледі", – деді Амангелді Есбай.

Сенатор осыған байланысты білім берудің барлық деңгейдегі оқушыларға арналған ірі қаріптегі оқулықтар әзірлеуді және енгізуді, сондай-ақ арнайы дәптерлермен және оқу материалдарымен орталықтандырылып жабдықтауды ұсынды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз