11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтықтан оқуға жіберіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, желдің күшеюі мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты 0–11 (12) сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып негізінде білім алып жатқан колледждердің бірінші және екінші курс студенттері онлайн форматта білім алады.
Ал "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына сәйкес, 11 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағында жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде жел күшеюі мүмкін.
USD:
491.5 / 494.3
EUR:
568.0 / 573.0
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…