Қазақстан мектептерінде оқу жылындағы ең ұзақ әрі күрделі саналатын үшінші тоқсан мәресіне жетуге жақын.
Көктемгі каникул 19 наурыздан басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады. Демалыс кезеңіне елдегі басты мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы да кіреді. Сондай-ақ Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты күндердің ауысуына орай оқушылар 9 наурызда қосымша демалады.
Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбе бойынша, төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға жалғасады. Ол 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Одан кейін оқушылар үшін жазғы демалыс басталады.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13