USD: 488.1 / 490.7
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Оқушылардың білімін бағалау үшін мазмұндама, шығарма жазу қайта енгізіледі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
5-7 сынып оқушылары үшін "Конституция негіздерін" оқу міндетті болмақ.

Мектеп оқушыларының білім деңгейін бағалау мен сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Атырау облысындағы "Келешек мектебіне" барған кезінде айтты, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

"Кездесу барысында білім сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің оқу сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін айтты", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрдің сөзінше, 5-7 сыныптарға "Конституция негіздері", 8-9 сыныптарға "Заң және тәртіп" пәндерін енгізу, ал 10-11 сыныптарда "Құқық негіздерін" оқытуды міндеттеу жоспарланып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз