"Әлеуметтік желіден тапсырма алған". Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген

Фото: freepik
Фото: freepik
Полиция оқушының әрекетіне қатысты тергеу бастады.

Алматының Жетісу ауданында мектепке қолына балта алып келген кәмелетке толмаған қыздың әрекеті дер кезінде тоқтатылды.

Tengrinews.kz редакциясына оқушылардың ата-аналары жүгінген. Олардың айтуынша, болжам бойынша 6-сыныпта оқитын қыздардың бірі мектепке балта алып келіп, заңсыз әкрекет жасауға бекінген.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың ықпалымен заң бұзуға баруды жоспарлағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында заңсыз әрекетке жол берілген жоқ", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ, жасөспірімді заңсыз әрекетке итермелеген тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, қыздың заңды өкілдеріне қатысты тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз