Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 8 қару тәркіленді

Видео скрині
Видео скрині
Қазақстанда мыңдаған оқ-дәрі мен ондаған қару қолға түсті.

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі 9–12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде заңсыз айналымдағы жүздеген атыс қаруы мен мыңдаған оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, төрт күн ішінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 340 қару мен 2 мыңнан астам оқ-дәріні анықтап, тәркіледі. Сонымен қатар 14 криминалдық қару табылған. Оның ішінде сегіз қару 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, ал тағы алты қару бұрын жоғалған болып шықты.

Тексеру барысында алыс орналасқан бір шаруа қожалығынан 70 атыс қаруы табылып, тәркіленген.

Сонымен қатар тұрғындар полицияға 35 қаруды өз еркімен тапсырған. Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде өткізген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз