Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 21 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
3 сәуір, сағат: 21.30. Вирус жұқтырғандар – 464.
- Нұр-Сұлтан – 202;
- Алматы – 93;
- Қызылорда облысы – 26;
- Қарағанды облысы – 22;
- Атырау облысы – 20;
- Ақмола облысы – 19;
- Түркістан облысы – 19;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 18;
- Шымкент – 11;
- Алматы облысы – 9;
- Ақтөбе облысы – 7;
- Жамбыл облысы – 8;
- Шығыс Қазақстан облысы – 4;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Маңғыстау облысы – 2;
- Павлодар облысы – 1;
- Қостанай облысы – 1.
Жазылғандардың жалпы саны – 29.
Көз жұмғандар – 3.
21.30. Коронавирус жұқтырған тағы 4 адам:
- Нұр-Сұлтанда – 3 адам;
- Маңғыстау облысында – 1 адам тіркелді.
Қазақстан бойынша вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 464.
20.25. Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыста коронавирус инфекциясының тарлуына жол бермеу мақсатында келесі талаптар бекітілді:
- Қостанай облысының тұрғындары мен басқа аймақтардан келгендерге маскасыз көшеге шығуға және қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады;
- тұрғылықты жерінен 20.00-ден таңғы 6.00-ге дейін шығу шектеледі, аса қажет болғанда ғана шығуға болады;
- Қостанай облысының аумағында жолаушыларға барлық көлік түрі бойынша тек маскамен қозғалуға рұқсат етіледі;
- таксиде екі жолаушы ғана болуы керек және олар артқы орында отыруға тиіс.
Оқи отырыңыз: Індет пен міндет. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің түсіндірмесі
20.20. Қорғаныс министрлігінде арнаулы жиындарға әскери міндеттілерді шақыру мәселелері бойынша call-орталық іске қосылды.
Қазақстан азаматтары әскери міндеттілерді шақырумен байланысты мәселелер бойынша ақпараттық және консультациялық көмекті 8 (7172) 72-15-11 нөмірі бойынша ала алады. Call-орталық жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
20.05. Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас анықталды. 1991 жылы туған азаматша 23 наурызда Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен ұшып келген. Оны және Қостанай облысының төрт азаматын бірінші тексергенде вирус анықталмаған. Олар Отар станциясынан пойызға отырып, Қостанайға бағыт алған.
Алматының тиісті мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдаған. Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған 12 жолаушы мен жолсерік оқшауланды. Ауруханаға жатқызу кезінде алынған талдау теріс нәтиже көрсеткен.
"Бүгін он екінші күні қайтадан алынған талдау азаматшадан оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті. Ол облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Науқастың жағдайы – қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы тиісті шаралар қабылданып жатыр", – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев
Облыста 291 адам:
- стационарға – 99;
- карантиндік стационарға – 163;
- инфекциялық төсек орынға – 29 жатқызылған.
1б санатындағы елдерден келген 2 124 адам үй карантинінде.
20.02. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер стипендиясы мен педагогтардың еңбекақысын төлеу тоқтатылмайтынын айтты.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: Оқушыларға 80 мыңға жуық компьютер мен планшет сатып алынады
19.55. Алматыда 14 індет ошағындағы шектеу шаралары алынып тасталды:
- Алатау ауданы – Заря Востока ы/а, Сары-ой к-сі, 234;
- Алмалы ауданы – Желтоқсан к-сі, 125; Жароков к-сі, 16; Жароков к-сі, 7;
- Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал к-сі, 242;
- Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75; Достық к-сі, 111;
- Жетісу ауданы – Еңлікгүл к-сі, 34а;
- Түрксіб ауданы – Алтай-1 ы/а, 8; Жас Қанат ы/а, 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а.
Алматы қаласында белсенді үй ошақтары – 28. Қала аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 28 аймағы бар.
- Әуезов ауданында – 6 ошақ: Жетісу-2 ы/а, 70а; Мамыр-4 ы/а, 313; 6 ы/а, 35; 1 ы/а, 28; Мамыр ы/а, 4, 54; Афцинао, 4;
- Алатау ауданында – 5 ошақ: Ақкент ы/а, 7; Ақбұлақ ы/а, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі, 190;
- Алмалы ауданында – 2 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85 мекенжайы бойынша орналасқан;
- Медеу ауданында – 4 ошақ: Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ы/а, 25; Достық көшесі, 116; Достық көшесі, 493.
- Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; ы/а 4 ошақ. Құлагер, 45; Борзов к-сі, 85;
- Түрксіб ауданында – 2 ошақ: Жұлдыз ы/а, 45; Жұлдыз-1 ы/а, 13.
- Бостандық ауданында – 4 ошақ: Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310; Орбита-1, 27;
- Наурызбай ауданында – Береке көшесінің 1/97.
19.50. Оқушыларды қашықтан оқыту: төртінші тоқсан дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталады.
Оқи отырыңыз: Мектептерде қашықтан білім беру қалай жүргізіледі? Министр түсіндірмесі
19.40. Павлодар облысында өкпені жасанды желдететін 20 аппарат сатып алынады.
700 млн теңгеден астам қаражат коронавирус жұқтырғандар анықталған жағдайға онкологиялық диспансер мен орталық аудандық ауруханалар үшін медициналық жабдықтар сатып алуға бөлінді. Бірден өкпені жасанды желдету 20 аппараты мен 10 төсек жанындағы мониторлар сатып алу жоспарланып отыр. Тағы 8 аппарат жалпы сипаттағы трансферт есебінен сатып алынады.
Бүгінде өңірде өкпені жасанды желдететін 128 аппараты бар, қосымша қажеттілік – 56 аппарат.
19.32. Балалар дәстүрлі оқу кестесімен оқытылмайды.
"Біз үйренген дәстүрлі оқу кестесі болмайды. Бала берілген тапсырманы ыңғайлы уақытта орындайды. Онлайн оқыту жоқ. Ең бастысы бізге нәтижесі керек. Оны жинақтық бақылауда көріп отырамыз. Балаларға сеніп, қолдауымыз керек. Кейбір директорлар, ұстаздар оқушыларға мектеп формасын киіп сабақ оқу талабын қойып жатыр. Мұны қолдамаймыз, бұлай жұмыс жүргізуге болмайды", – деді Асхат Аймағамбетов.
19.25. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен енді мұғалімдерден сабақ өткізгені жөнінде есеп талап етілмейді.
Министрлік барлық тексерулерді тоқтатты. Енді ешқандай тексеру болмайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, мұғалімдер мен мектептерден жиналатын есептің көбеюі себебінен оларды тоқтату бойынша арнайы бұйрық қабылданды. Енді мұғалімнен сынып журналынан басқа ештеңе талап етілмейді.
"Балалаларымызға, ұстаздарымызға, әріптестерімізге сенуіміз керек. Артық есептер қажет емес. Кейбір жерлерде өткізіп жатқан сабақтар скринін, кейбір жерлерде оны видеоға түсіріп алуды талап ету секілді келеңсіз жағдайларға көз жеткіздік. Бұған жол бермейміз. Жергілікті өңірлерде бақылау департаменттеріне енді тексеру жүргізбей, керісінше ұстаздардан есепті талап етпеу мәселесін қадағалауды тапсырдық" – деді Білім министрі.
Оқи отырыңыз: "Балаларды кітап оқуға баулу өте маңызды". Асхат Аймағамбетовтың ата-аналарға хаты
19.20. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем алатындар:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер;
- нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор секілді жеке практикамен айналысатын адамдар;
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
19.10. Бірінші сәуірдегі сынама сабақтар нәтижесі:
Онлайн режимге 1 млн 250 бала шықты. Жалпы 2,5 млн бала Kundelik, BILIM Land, Daryn.Online сияқты платформалар мен әртүрлі мессенджер арқылы сынама сабаққа қосылған.
"Ұстаздарымыз қысқа уақыт ішінде тез қашықтан оқыту жүйесіне бағытталып, қайта шеберлігін шыңдап, дайын болды деп айта аламыз. Әріптестеріме, барлық ұстаздарға алғыс айтамын. Балалар да жақсы қабылдады, мектепті, оқуды мұғалімдерін сағынғаны көрініп тұр", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Сынама сабақтар нәтижесінде мәселелер анықталған. Онлайн оқыту осыншама қосылуды көтермейді. Техникалық ақаулар жеткілікті. Интернет бұл жүйені көтере алмады. Сол себепті министрлік онлайннан басқа платформалар арқылы қашықтан оқыту жүргізу қажет екенін айтты.
19.02. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды қашықтан оқыту кезінде әртүрлі мессенджерлерді пайдалануға болатынын айтты.
19.00. Қашықтан оқыту мен онлайн оқыту бір ұғым емес – Асхат Аймағамбетов.
Министрдің сөзінше, қашықтан оқыту – пошта, теледидар, радио, интернет секілді әртүрлі құралдар арқылы оқыту. Ол екі ұғымға жеке-жеке қарау қажет екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап сабақты қалай оқиды? Министр түсіндірмесі
18.50. Қазақстанда 4 сәуірде Covid-19 күресуде психологиялық көмек сайты іске қосылады.
Сайт Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы БҰҰ жанындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен сайт құрылды.
18.50. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сәуірдегі ораза, православ, католиктердің пасхасы, яһудейлік песах секілді маңызды діни мейрамдар алдында қазақстандықтарға үндеу жасады.
"Біз дінге сенетін азаматтарымыздың сеніме зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус инфекциясы барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіріп отыр. Сондықтан көптеген ел эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізіп жатыр. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады", – деді Дәурен Абаев.
Ол діни ұйымдарға мейрамдағы қызметтерін қазіргі заманғы байланыс құралдары арқылы онлайн режимде өткізуге кеңес берді.
18.42. Оқушыларды интернет арқылы оқытуда екі мәселе бар:
- компьютер жетіспеушілігі;
- интернетке қосыла алмау.
"Мектеп балансындағы компьютерлерді балаларға уақытша пайдалануға беру арқылы мәселені шешуге болады. Қазірдің өзінде 120 мың компьютер мектеп баланысынан уақытша ата-анаға берілді. Жетпей жатса қосымша сатып аламыз. Жергілікті атқарушы органдардың бізге берген ұсынысына сәйкес, 79 870 компьютерді сатып алу жоспары бар", – деді министр.
Балаларда компьютер болса да, интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Алматыда қысқа мерзім ішінде ата-аналарға 4 220 роутер берілген. Нұр-Сұлтан қаласында 5 583 отбасы осылай интернетке қосылды. Бұл жұмыс барлық өңірде жалғасын табады.
18.20. Оқушыларды қашықтан оқыту төрт тетік бойынша жүргізіледі:
- телеарналар арқылы: Balapan арнасында – қазақша, "Ел арнада" – орысша. Күніне – 8 сағат. Эфир кестесі дайын. Әр видеосабақ – 10 минуттан. 3360 видеоның 500 жуығы түсірілді. Видеосабақтар интернетте жарияланады;
- радио арқылы: Qazaq radiosy қосымша құрал ретінде пайдаланылады. Тиісті аудиосабақтар радиодан беріледі;
- пошта арқылы: Білім және ғылым министрлігі "Қазпошта" АҚ-пен келісімге қол қойды. Мектебі жоқ 1200 жуық елдімекенге материалдар пошта арқылы жеткізіледі;
- шағын жинақталған мектептер: шалғайдағы елдімекендерде 100 балаға дейін білім алатын 1 080 мектеп бар. Жергілікті атқарушы органдар осындай мектептер штатты режимде бұрынғыдай оқи береді деген шешім қабылдады.
18.16. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 6 сәуірден бастап 3 млн астам мектеп оқушысы қашықтан оқыту форматына көшеді.
18.11. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды.
- Түркістан облысында – 3 адам;
- Жамбыл облысында – 2 адам;
- Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам;
- Қостанай облысында – 1 адам.⠀
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 460.
18.10. Денсаулық сақтау министрлігі санаторийлерде, демалыс үйлерінде, жатақханаларда және қонақ үйлерде карантиндік объектілерді орналастыруды ұсынды.
Медициналық ұйымдардың 13%-ында санитарлық нормаларды орындау бойынша бұзушылықтар анықталды, ұйымдардың 40%-ында карантиндік төсектер дұрыс орналастырылмаған.
Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж
18.08. Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің жылдық сыйақы деңгейін 9,5%-ға дейін төмендету және пайыздық дәлізді +/- 2 пайыздық тармаққа дейін кеңейту туралы кезектен тыс шешім қабылдады.
17.48. Қазақстанда мобильдік тез құрылатын үш жұқпалы аурулар аурухана құрылысы басталды. Денсаулық министрлігінің жоспары бойынша, 2000 жуық науқасқа инфекциялық төсек орын дайындау қажет.
17.40. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) тесті вирусты анықтауда ең тиімді тест.
17.37. Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастарды жатқызатын 3 500 инфекциялық төсек орны дайын.
17.30. Қазақстанның ішкі нарығындағы тапшылықтан соң Қытайдан 5 млн маска сатып алуға 590 млн теңге бөлінді. Маскалар 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жеткізілуге тиіс.
17.25. "Коронавирус инфекциясын бастан өткерген адамдарда иммунитет бар, бірақ иммунитет қаншалықты ұзақ уақыт сақталады дегенді әзірге ешкім айта алмайды. Инфекция да, иммунитет те жаңа", – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
17.20. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнұранды бірге шырқаған қазақстандықтар туралы айтты.
Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 3, 2020
Мемлекет басшысы "карантинде отырған азаматтардың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты Бәріміз Бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады" деп жазды.
17.16. "Фармация" СК жыл соңына дейін 19,7 млн медицина маскасын жеткізуге жеке қорғану құралдарын өндіретін екі ірі компаниямен келісімшарт жасасты. Қазірдің өзінде 9,3 млн маска жөнелтілді. Үкіметтің резервінен бөлінген қаражатқа сұраныстың артуына байланысты қосымша 10,6 млн маска сатып алу жоспарлануда. Маска ішкі нарықта өндіріледі.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика
17.10. Қазақстанда зертханаларда бір мезгілде 30-40 Covid-19 тесті тексеріледі. Қорытындысы 6-8 сағатта дайын болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 10 зертхана ашылады. Қазақстанда күніне орта есеппен 2500 тест жүргізіледі.
17.04. Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерін дүрлікпеуге шақырды.
"Құрметті әріптестер, медицина қызметкерлері. Біздің алдымызда көп жұмыс тұр. Дүрлікпеңіздер. Мемлекет сіздерді ұмытқан жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмалары толық көлемеде орындалады. Денсаулық сақату министрлігі мен жергілікті билік жұмыстарыңызда қауіпсіз және қолайлы жағдай болуы үшін қажет шараларды қабылдайды", – деді Елжан Біртанов.
17.00. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, барлық қазақстандық медицина қызметкері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті үстеме ақыны алады.
"Барлық шешімдер жұртшылықтың, кәсіподақтардың қатысуымен облыстар деңгейінде комиссиялық түрде қабылданады. Бұдан өзге, өңірлерде бұл тізімдерге әкімдіктердің шешімі бойынша тартылған адамдар санаттары енгізіледі. Республикалық бюджет қайта есептелуде. 5 сәуірге қарай бұл жұмыс аяқталады", – деді Денсаулық сақтау министрі.
16.58. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесіп, өңірлердегі ахуал және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті биліктің дайындығын талқылады.
Оқи отырыңыз: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Толық мәтіні
16.55. Қазақстанда наурыз айында коронавируспен күреске 16 мың маман қатысты. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, қосымша 10 мың медицина қызметкері қосылады.
16.45. Семей мен Өскеменде 2 сәуір сағат 00.00-ден бастап төтенше жағдай аяқталғанша автокөлік қозғалысы шектеледі. Сенбі, жексенбі және мереке күндері арнайы көліктерден басқа, жеке автокөлікпен жүруге тыйым салынады.
6 сәуірден бастап автомобильдің мемлекеттік нөмірінің соңғы санына сәйкес, тақ не жұп болу қағидаты бойынша қозғалуына рұқсат етіледі. Мемлекеттік нөмірлері жұп санға аяқталатын автомобиль иелеріне 6 сәуірде, мемлекеттік нөмірі тақ санмен аяқталатындар 7 сәуірде және одан әрі осы қағидат бойынша жүруге рұқсат етіледі.
16.41. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үш айдың ішінде эпидемиядан шығуға мүмкіндік барын айтты.
16.36. Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерін инфекциядан қорғау туралы:
"Науқастармен қарым-қатынаста жұмыс істейтін медицина қызметкерлері ол объектілерде (аурухана, стационар) болмауы тиіс. Олардың барлығы карантин режиміне ауыстырылды. Облыс әкімдері оларға қонақ үй, жатақханадан орын беріп жатыр. Медицина қызметкерлері тасымалдаумен, тамақтануымен қамтамасыз етіледі. Оларға тұрмыстық жағдай жасалуы тиіс".
Оқи отырыңыз: #Biz birgemiz! Төтенше жағдай кезінде кімге және қандай көмек беріледі?
16.32. Нұр-Cұлтан және Алматыда вирусты жұқтыру өсімі тұрақтанды және күніне 30%-дан аспайды.
16.28. Қазақстанда 28 медицина қызметкері короновирус жұқтырған:
- Нұр-Сұлтанда – 15;
- Алматыда – 8;
- Қарағанды облысында – 3;
- Қызылорда облысында – 1;
- Атырауда – 1.
16.22. Әлеуметтік төлемдерге өтініш беруге арналған 42500.enbek.kz сервисі жұмыс істеді. Алайда, бір сәттік қызмет көрсетуге шектеу қойылды, яғни бір сәтте енді 25 мыңнан астам өтініш қабыланады. Бұл азаматтардың толассыз өтінішіне байланысты сервистің іркілмей, дұрыс жұмыс істеуі үшін жасалды.
16.12. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов:
"Соңғы күндері енгізілген карантиндік шаралар жалпы жақсы әсер етіп жатыр. Нұр-Сұлтан мен Алматыда инфекция өсімі төмендеп келеді. Біздің бақылауымызда. Әрі қарай карантиндік шаралар күшейтіледі. Өңірлердегі өсімді Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының деңгейіндей төмендету үшін карантин шараларын енгізу керек.
Өкінішке қарай, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы жағдайды көріп отырғанымыздай, инфекция қалада ғана емес, аудандық және ауылдық деңгейдегі науқастар тіркелді. Ауылда тұратын азаматтар "инфекция бізге жетпейді, біз оны көрмейміз" деп сенбейді. Ауылға да қатаң карнатиндік шаралар қолдану қажет".
16.04. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, 11 науқастың жағдайы өте қиын. Олар интенсивті реанимация бөлімшелерінде ем қабылдап жатыр.
- 68 науқастың жағдайы – орташа;
- 341 науқастың жағдайы жеңіл немесе симптомсыз.
Науқастармен 13 467 адам қарым-қатынаста болған. Оның ішінде, 442 азамат шетелге шығып кетті. Қалған 13 025 азаматтың 96,7%-ы табылып, стационарлық немесе үй карантинінде.
Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап
15.52. Алматыда қалалық емханалар мен денсаулық сақтау жүйесі қалай жұмыс істейді?
- қалалық емханалар штатты режимде жұмысын жалғастырады;
- 65 жастан асқан адамдардың зертханалық талдаулары үйінде жүргізіледі;
- жүкті әйелдер, балалар мен шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттер жазбасыз қабылданады;
- пациенттерге онлайн-рецептілерді беру немесе үйге жеткізу ұйымдастырылған;
- карантинде жатқан адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары медицина ұйымына бармай-ақ, үйде рәсімделеді;
- барлық медицина ұйымында Covid-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда, оқшаулау үшін үй-жайлар бөлінген.
15.50. Алматыда 10 мыңнан астам адам Covid-19 инфекциясына тексерілді.
Соның ішінде 93 жағдай расталды. Ауырғандардың басым бөлігі келесі қалалардан ұшып келген:
- Мәскеу – 33%;
- Ыстанбұл – 25%;
- Берлин – 16%;
- Санкт-Петербург – 13%;
- Минск – 13%.
15.24. Ауыл шаруашылығы министрі "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды.
- Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар: қарақұмық, картоп, пияз, дәндер, қант, күнбағыс майы;
- Экспортқа шығару үшін сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар: сәбіз, шалқан, қызылша, қырыққабат, ұн, жұмсақ бидай.
15.15. Қарағандыда бағдаршамның жасыл сигналын шақыру түймелері сөндірілді. Бұл төтенше жағдай кезінде адамдардың түймелерді баспай жолдан өтуі үшін жасалынды. Енді бағдаршамдар белгілі бір цикл бойынша жұмыс істейді және жарық автоматты түрде ауысып тұрады. Қарағандыда осындай 46 бағдаршам бар.
15.05. Алматыда Covid-19 тестілеенетін санаты кеңейтілді. Енді пневмониясы және ЖРВИ ауыр түрі бар стационарларға түсетін адамдардың барлығы коронавирустық инфекцияға тексеріледі. Пневмония симптомдары бар 49 адамның басым бөлігі тексерілді. Олардың арасында коронавирус жұқтырған бір науқас анықталды. Бронх-өкпе ауруының белгілері бар есепте тұрған 60 жастан асқан адамдар да санатқа қосылды.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі
14.52. Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәліметінше, медицина маскасын кезексіз келесі мекенжайлардан алуға болады:
- Тұран даңғылы, 37;
- Достық, 18;
- Сарыарқа даңғылы, 3;
- Конаев, 14/2;
- Ахмет Байтұрсынұлы, 3;
- Қабанбай батыр даңғылы, 21;
- № 90 дәріхана, Момышұлы даңғылы, 16;
- Тәуелсіздік даңғылы, 21/4;
- Шәймерден Косшығұлұлы, 3/1;
- Мәңгілік Ел даңғылы, 19;
- Сарайшық, 5;
- Қаныш Сәтпаев, 23/1;
- Жансүгірұлы, 8/1;
- Мәңгілік Ел даңғылы, 53;
- Мәңгілік Ел даңғылы, 35;
- Ұлы Дала даңғылы, 6/1;
- Бараева, 21;
- Сауран, 3/1;
- №276 дәріхана, Рысқұлбеков, 16/3;
- Кенесары, 47;
- Иманбаева, 8;
- Жанайдар Жирентаев, 2;
- №280 дәріхана, Мәлік Ғабдуллин, 16;
- Сығанақ, 15;
- Иманов, 50;
- №62 дәріхана, Алаш тас жолы, 23/1;
- Тұран даңғылы, 55;
- Тәуелсіздік, 32.
14.45. Премьер-министр Асқар Мамин төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардың 42 500 теңге алуы үшін азаматтарға есепшот ашуды қамтамасыз етуді тапсырды.
14.25. Ақтөбе облысында 40 мыңнан астам отбасыға 20 000 теңгеден беріледі.
15 сәуірге дейін біржолғы көмекті мүмкіндіктері шектеулі жандар, жалғыз тұратын зейнеткерлер, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ ауыр сырқаттары бар тұрғындар алады. Ақтөбе облысының бюджетінен мұқтаждарды қолдауға 900 млн жуық теңге бөлінді.
14.00. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi:
- Алматы қаласында – 2 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам.
Қазақстан бойынша барлығы – 453 адам.
13.44. Алматыда инфекциялық стационардан 2 адам жазылып шықты. Екеуі де әйел:
- бірі – 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен;
- екіншісі 22 наурызда Египеттен келген.
Барлық шығарылғандар саны – 13, оның ішінде екеуі – бала.
13.38. Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 91 науқас тіркелді. Инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны. 68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы – ауыр, 11 ересек адамның жағдайы – орташа ауыр (олардың біреуі облыстан).
Оқи отырыңыз: Иммунитеті мықтыға коронавирус қауіп емес. Оны қалай нығайтамыз?
13.34. Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкентте тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханасы салынады.
13.25. Мемлекеттік комиссия коронавирус таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан мен Алматыда барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызмет етпеу режимін 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл тізімге қызметі мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен және халықтың денсаулығымен байланысты ұйымдар енбейді.
13.15. Солтүстік Қазақстан облысында короновирус жұқтырғандар арасында 2 бала бар.
Әкесімен бірге стационарда жатқан бес жасар баланың Covid-19 тесті оң болып шықты. Тест қорытындысы баланы үйге шығаруға дайындалған кезде алынған. Бала Петропавлдағы №1 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Алты жасар бала – Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан. Ол Петропавлдағы карантиндік стационарға жатқызылды. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы 87 жастағы әйелден табылды. Ол байланыста болғандар қатарында. Карантиндік стационарға жатқызылды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
12.35. Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі:
- барлық мекеме жұмысы уақытша тоқтатылады;
- саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды;
- кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді;
- қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді;
- азық-түлік базарлары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді;
- 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.
Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді.
12.25. 42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтінішті 42500.enbek.kz сайтында беруге болады:
- Сайтқа кіріңіз;
- "42 500 жәрдемақы алу" дегенді таңдаңыз;
- Өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген форманы толтырыңыз;
- Форманы жіберу;
- Жүйе телефон нөмірін сұрайды;
- Телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растайсыз;
- Өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады
12.20. Шымкентте коронавирус жұқтырғандар тұрған Тайманов көшесі карантинге жабылды. Іргелес жатқан Сәрсенбаев пен Сүлейменов көшелеріне шектеу енгізіліп, 7 блокпост қойылды. Карантиндік учаскедегі 70 үйдің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.
12.00. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді:
- Қарағанды облысы – 1;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1;
- Түркістан облысы – 2.
Қазақстан бойынша барлығы – 448 адам.
11.55. Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған үш науқастың екеуі Жетісай ауданынан, біреуі Кентаудан анықталды. Олар осыған дейін Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Вирус жұқтырғандар оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 14 адам тіркелген.
11.45. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру кезінде олардың денсаулық және отбасылық жағдайы, жасына назар аударылатынын айтты. Ең алдымен еріктілер шақырылады.
Жалпы бұл жиындар үш айға созылады. Әскери міндеттілер тек тұрғылықты жері бойынша ғана шақырылады, басқа аймақтарға жіберілмейді. Жиындар жекелеген аймақтарда мүлдем қажет болмауы мүмкін. Шақырылғандар "әскери қызметші" мәртебесін алады. Заңға сай оларға әлеуметтік сипаттағы барлық жеңілдік беріледі. Жиын кезінде олардың жұмыс орны мен қызметі сақталады, зейнетақы жарнасы аударылады. Мемлекет есебінен оларға жұмыс орнынан орташа айлық жалақы төленеді. Ал жұмыссыздарға ең төменгі жалақы 42 500 теңге беріледі.
Әскери жиындарға шақырудан босатылады:
- мемлекеттік органдарда қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты лауазымдарда қызмет атқаратын тұлғалар;
- мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның персоналы;
- егін және жинау науқанында ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтіндер;
- оқу жылы кезінде күндізгі оқу формасындағы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлер;
- күндізгі оқу формасында білім беретін ұйымдарда білім алушылар;
- әскери міндетті әйелдер;
- 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар азаматтар;
- қылмыстық заңнамаға сай іс жүргізу әрекеті жүргізілген тұлғалар;
- Парламент депутатына немесе жергілікті атқарушы органдарға сайланған (тағайындалған) әскери міндеттілер.
Оқи отырыңыз: Әскери міндеттілер аумақтық әскер жасақтау үшін арнаулы жиындарға шақырылады. Президент жаңа қаулыға қол қойды
10.54. Primeminister.kz елімізде Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ресми парақшасын іске қосты. Сайтта Қазақстан аумағында Covid-19-дың таралуына жол бермеу шаралары туралы басты жаңалықтар мен ресми құжаттарды қоса алғанда, шұғыл штабтың жұмысы туралы соңғы ақпарат жарияланады.
10.25. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ Қытаймен екі арада темір жол қатынасы жандана бастағанын хабарлады. Жақын уақытта Қытайдан Еуропа мен Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін елдерге пошта тасымалы қайта іске қосылады.
09.40. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус жұқтырған тағы 9 адам тiркелдi. Олардың ішінде:
- Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам;
- Түркістан облысында – 3 адам;
- Ақтөбе облысында – 2 адам;
- Атырау облысында – 1 адам.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 444.
00.55. Қазақстанның Ресейдегі студенттері оқу жылының соңына дейін Ресей аумағында қала алады. Бұл туралы еліміздің Ресейдегі елшілігі хабарлады. 6 cәуірден бастап елдегі жоғары оқу орындары қашықтан білім беру процесін бастайды. Өзге қалаларда тұратын студенттердің жатақханадағы орны сақталады.