Күллі әлемге қауіп төндірген коронавирус күн сайын дендеп барады. Бұл сырқатты жұқтырғандар саны әлемде 700 мыңнан асты. Індет әсіресе иммунитеті төмен, әлсіз адамдарға өте қауіпті. Өйткені, ағза әлсірегенде түрлі инфекцияны іліп алуға бейім келеді. Ал денсаулығы мықты және басқа да созылмалы ауруы жоқ науқастар бұл сырқаттан оңай айығады екен. Иммунитетті көтеру үшін неге мән беру керек, оның жолдары қандай? Маман кеңесін ұсынамыз.
Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары
Иммунитет – адам денсаулығын сыртқы жағымсыз әсерден сақтап, бактерия, микроб, вирус сынды бөтен а5залар мен инфекцияларға қарсыласатын ағзаның қорғаушы әрекеті. Адам ағзасы иммундық жүйенің мықтылығынан түрлі ауруларды жеңіп шығады. Ал иммунитеті төмен адамдар, керісінше аурушаң келеді.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын қалай тиімді өткізуге болады? Пайдалы онлайн контент топтамасы
№1. Құнарлы ас ішу
Иммунитетті нығайтудың бірден-бір жолы – құнарлы ас ішу. Тамақтану рационында дәруменге бай тағамдар: ет өнімдері, жеміс-жидек және көкөністер міндетті түрде болуы шарт. Мәселен, көмірсу мен ақуызға бай тағамдар ағзадағы жасушалардың қызметін жақсартады. Ал жасушалар бактерияларды жойып, вирусқа қарсы антидене қалыптастырады. Сондай-ақ, құрамында глутамині көп өнімдер: жұмыртқа, сүт өнімдері, соя, жасымық, асбұршақ пайдалану керек. Балық және теңіз өнімдерінің құрамындағы әлі толықтай сіңбеген майлы қышқылдар ағзадағы қорғаныш қабілетін өте жақсы көтереді. Көп жағдайда кальмар мен теңіз орамжапырағын жеген өте пайдалы.
Оқи отырыңыз: Коронавирус түрлі заттың бетінде қанша уақыт сақталады?
№2. Жеміс пен көкөністер тұтыну
Адам ағзасында фолий қышқылы, мырыш, селен, темір, мыс, А, В6, С және Е витаминдері жетіспеушілігінен иммунитет әлсірейді. Жеміс-жидек пен көкөністер ағзаның үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті дәрумендерге, антиоксиданттарға және басқа да пайдалы заттарға бай:
- апельсин, сәбіз, асқабақ, қауын, тәтті бұрыш сияқты сарғыш түсті жемістер мен көкөністердің құрамында иммунитетті күшейтетін А витамині бар;
- қызыл жемістер мен көкөністерде қабынуды басатын және антиоксиданттық қасиеттерге ие С витамині, фолий қышқылы мен флавоноидтардың жоғары мөлшері бар. Мысалы, мүкжидек бактериялардың сау клеткаларға түсуіне жол бермейтін жеміс болып табылады;
- жапырақты көкөністерде – шикі шпинат, қырыққабат, қызылшада иммунитетті нығайтуға қажетті глутамин көп;
- пияз бен сарымсақ шын мәнінде инфекциямен күресуге қабілетті көкөніс. Бірақ оны шектен тыс пайдалану, асқазанның жұмысына кері әсерін тигізеді. Сол себепті, сарымсақты тек тамақ қоспасы ретінде жиі пайдалану керек;
- жаңғақ, асқабақ дәндері, бидай өскіндері және қара шоколад та өте пайдалы. Олардың құрамында маңызды элемент – мырыш көп. Бұл жалпы суық тиюдің белгілерін жеңілдетеді және денсаулықты қалпына келтіруді тездетеді.
"Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Коронавирустан сақтанудың тағы бір жолы ретінде жиі жылы, таза су ішуге кеңес береміз. Жылы су адам ағзасын тазалайды. Ал иммунитетті көтеру үшін дәруменге бай жемістерден компот әзірлеп ішуге болады. Ең бастысы, денсаулыққа зиян бояу қосылған, қатты газдалған және алкогольді ішімдіктерден бас тарту қажет. Тәжірибе көрсеткендей, алкоголь ісікке қарсы иммунитеттің белсенділігін бәсеңдетеді. Тоқ ішек обыры мен бауыр ауруларының қаупін арттырады", – деді эпидемиолог Дастан Егімбаев.
Оқи отырыңыз: Балалар аллергиясы неге айрықша қауіпті? Дәрігер кеңесі
№3. Темекіден бас тарту
Шылым шегетін адамның аузында иммундық жүйеге зиянын тигізетін қабыну ошағы пайда болады. Темекі иммунитетке қарсы жұмыс істейді. Сондықтан, туберкулез, қатерлі ісік ауруын тудыруы оңай.
Оқи отырыңыз: Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы мен зияны қандай?
№4. Спортпен шұғылдану
Спорттың кез-келген түрі денеңізді шынықтырып, денсаулығыңызды нығайтары сөзсіз. Сол себептен көбірек қимылдап, денені шынықтырған жөн. Жүзу, салқын суға түсу, контрастты душ қабылдау ағзаны нығайтуға көмектеседі. Жоғары және төмен температураны алмастырып пайдалану иммундық жүйеге өте пайдалы. Ең тиімдісі таза ауада жүгіру. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданғанатындар өте аз сырқаттанады. Олардың ұйқы режимі дұрыс болады және артық салмақ мазаламайды.
Оқи отырыңыз: Күмістелген судың пайдасы мен зияны. Оны қауіпсіз тұтыну мөлшері қандай?
№5. Артық салмақтан арылу
Артық салмақ иммундық жүйеге көрінбейтін, бірақ айтарлықтай ауыртпалық тудырады. Өйткені, май тіндері гормондар шығарады. Олар ағзадағы қабыну процестеріне ықпал етеді. Сол себептен, семіздіктен арылуға тырысу керек. Сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарап, ағзадағы зат алмасу жылдамдайды.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика
№6. Жеткілікті ұйықтап, күйзеліске түспеу
Иммунитетті көтерудің ең қарапайым және айқын жолы – ұйықтау. Ұйқы кезінде ағза қалпына келіп, өмірлік қажетті гормондарды алады. Зерттеулер көрсеткендей, жиі ауыратын адамдар аз ұйықтайды екен. Дәрігерлер иммунитетті нығайту үшін дәруменге бай құнарлы тағамнан бөлек, ұйқы мен жан тыныштығы да қажет дейді. Егер сіз аз ұйықтап, көп жұмыс істеп, үнемі күйзелісте жүрсеңіз, дұрыс тамақтанғаныңыз зая кетеді. Күйзеліс гормондары иммундық жүйенің жұмысын бұзады. Сондықтан, уақытылы тынығып, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде болу маңызды. Көңіл-күй жақсарса, иммунитет те көтерілері сөзсіз.