Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 11 сәуір хронологиясы. 17 адам жазылып, 53 науқас қосылды

Суретті Алматы полиция департаменті ұсынды
Суретті Алматы полиция департаменті ұсынды
Іnformburo.kz отызыншы күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 29 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.00. Коронавирус жұқтырғандар саны – 865

  • Нұр-Сұлтан – 231;
  • Алматы – 137;
  • Қызылорда облысы – 116;
  • Қарағанды облысы – 63;
  • Ақмола облысы – 61;
  • Атырау облысы – 59;
  • Жамбыл облысы – 46;
  • Түркістан облысы – 36;
  • Шымкент – 35;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Алматы облысы – 11;
  • Маңғыстау облысы – 9;
  • Павлодар облысы – 9;
  • Батыс Қазақстан облысы – 7;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6;
  • Қостанай облысы – 3.

Жазылғандардың жалпы саны – 81.

Көз жұмғандар – 10.



23.00 Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді:

  • Шымкент – 2;
  • Алматы облысы – 1;
  • Қарағанды облысы – 1;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1;
  • Түркістан облысы – 1.

Қазірге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 865 адам анықталды.

20.50 – ТЖ кезінде бизнесті қолдау үшін қабылданып жатқан шаралар
1 маусымға дейін микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтардың барлық түрлерін, басқа да міндетті төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігі берілді.
1 маусымға дейін өсімпұл есептеу, шығыс операцияларын тоқтату, мүлікті билеуін шектеу бойынша шараларды қабылдау және салық және кеден қарыздарын, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу (тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда) тоқтатылды.
Ірі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кино залдары, театрлар, көрмелер мен спорт нысандары бойынша, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілер бойынша мүлік салығын төлеуден жыл соңына дейін босату қарастырылған.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитытн АӨК биологиялық активтерінің импортына ҚҚС салынбайтын болады.
1 сәуірден 1 қазанға дейінгі мерзімде еңбекақы төлеу қорынан міндетті төлемдер мен салық төлеуден босатуды тапсырды, оның ішінде сауда нысандары, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй бизнесі нысандары, көлік және консультациялық қызметтер мен ІТ саласы бар.

19.15 – Қазақстанда Covid-19 жұқтырған 2 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды:

  • Қарағанды облысы – 1 адам:
  • Түркістан облысы – 1 адам.⠀

Қазақстанда барлығы 10 науқас реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды:

  • Алматы – 2 адам;
  • Қарағанды облысы – 3 адам;
  • Нұр-Сұлтан – 2 адам;
  • Шымкент қаласы – 1 адам;
  • Ақтөбе облысы – 1 адам;
  • Түркістан облысы – 1 адам.

17.48 – Жамбыл облысында құрылған арнайы комиссия аудандық аурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Толқынай Ордабаева мен Қаламқас Төреқұлдың өтініштерінде көрсетілген деректер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптеген мәліметтер расталды. Жол берілген бұзушылықтар үшін аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Д. Нүсіпбаев, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Шойбекова және бас есепші З. Мұқаева қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі

17.46 – 750 мыңнан астам адамға төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлем тағайындалды.

11 сәуірдегі сағат 15:00-ге дейін ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 2 900 065 азаматтан барлығы 4 354 274 өтініш келіп түсті.

16.15 – Шымкентте 2 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 81-ге жетті.

15.40 – Қазақстанда коронавирус жұқтырып, жазылғандар саны 79-ға жетті.

Алматыда коронавирус жұқтырған 9, Жамбыл облысында 2 адам сауығып, ауруханадан шықты.

Оқи отырыңыз: Биыл мектеп түлектері қалай аттестат алады? Білім және ғылым министрінің түсіндірмесі

14.37Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 3, Қарағанды облысында 1 адам сауығып, ауруханадан шықты.

Қазақстанда вирустан емделіп, сауығып шыққандар саны 68-ге жетті.



12.42 – Алматыда бүгін тіркелген 14 науқастың 12-cі – медицина саласының қызметкерлері (2 дәрігер және 10 медбике).

Алматыдағы 80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 7 адам ауыр халде жатыр.

12.40 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 19 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 2;
  • Алматы – 9;
  • Шымкент – 2;
  • Қарағанды облысы – 1;
  • Павлодар облысы – 5.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 859 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер мен студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма? Маңызды 18 сұраққа жауап

12.22 – Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған дайындық тестілерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 нұсқасы ұсынылған.

10.39 – Алматы қаласында бүгін тіркелген 5 адам бұрынырақта вирус жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды. Екі ер адамның жағдайы полисегментальды пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланып отыр.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында 8, Арал ауданында 2 және Қазалы ауданында 1 адам тіркелді.

Атырау облысындағы 11 адамның барлығы карантинде оқшаулауда болғаны анықталды.

10.00 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 28 адам тіркелді:

  • Атырау облысы – 11;
  • Қызылорда облысы – 11;
  • Алматы – 5;
  • Нұр-Сұлтан – 1.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары