Тікелей эфир

Биыл мектеп түлектері қалай аттестат алады? Білім және ғылым министрінің түсіндірмесі

Фото creativebonito.com сайтынан алынды
Фото creativebonito.com сайтынан алынды
9-11 сынып оқушылары қорытынды аттестация емтиханынан босатылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту кезінде әдістемелік ұсынымдар бекітілген бұйрыққа қол қойды. Informburo.kz бұл ресми құжатқа сәйкес, білім беру саласында қандай өзгерістер болатынын түсіндіріп береді.

БЖБ мен ТЖБ қашан өтеді?

Төртінші тоқсанда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 2020 жылғы 4-8 мамыр аралығында бір рет өткізіледі. Бұл ретте ТЖБ келесі пәндер бойынша өткізілмейді:

  • өзін-өзі тану;
  • көркем еңбек;
  • музыка;
  • дене шынықтыру;
  • кәсіпкерлік және бизнес негіздері;
  • графика және жобалау;
  • қоғам және дін.

Оқушы бақылау жұмысын үйде жазатын болғандықтан, мұғалім нақты тапсыру күнін көрсетуі керек.

Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары сабақты қашықтан қалай оқиды? Министр түсіндірмесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) бір рет – 18-22 мамыр аралығында болады.

1-10 сыныптардағы жиынтық жұмыс саны:

  • бөлім үшін бір жиынтық бағалау 8 мамырға дейін;
  • тоқсан бойынша бір жиынтық бағалау 22 мамырға дейін.

11-сыныптағы бақылау жұмыстарының саны:

  • бір өзіндік жұмыс 8 мамырға дейін;
  • бір бақылау жұмысы 22 мамырға дейін.

2018-2020 оқу жылы 4-тоқсандағы

БЖБ мен ТЖБ, оқу пәндерінің саны

Сынып

Саны

Пән

БЖБ

ТЖБ

1

10

6

4

2

11

7

5

3

12

7

5

4

12

7

5

5

13

9

7

6

13

9

7

7

16

13

11

8

16

13

11

9

17

14

11

10

15

12

11

11

17

14 бақылау / зертханалық жұмыс

Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары қашықтан оқуды бастайды. Ата-аналар не білуі тиіс?

9-11 сыныптың қорытынды аттестациясы неге болмайды?

Осы кезге дейін 9-11 сынып бітірушілері аттестат алу үшін емтихан тапсырып келді. Төтенше жағдайға байланысты білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

"Мемлекеттік емтихан болмайды. Ағымдағы бағалар негізінде жылдық баға шығарылады. Бұл баға аттестатқа қойылады. Біздің 11-сынып оқушылары аттестаттарын осылай алады. Көптеген елдер қорытынды емтиханнан биыл бас тартты, біз де осындай шешім қабылдадық", – деді Асхат Аймағамбетов.

ҰБТ кейінге қалдырыла ма?

Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған дайындық тестілерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 нұсқасы ұсынылған.

"Қолданыстағы ережеге сәйкес, ҰБТ өткізіледі. Мерзім өзгерген жағдайда, ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады. ҰБТ-ны балалардың қауіпсіздігіне 100% сенімді болған жағдайда ғана өткіземіз", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Ұлттық бірыңғай тест тапсырушылары нені білуі керек?

Білім және ғылым министрі де ҰБТ тапсыру мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ екенін айтып отыр. Пандемия жағдайы маусым аяғына дейін дұрысталса, дәстүрлі режимде өткізіледі.

"ҰБТ – оқушылар үшін маңызды қадам. Оларға тиісті көмек беріп, қол ұшын созуымыз керек. Бұрын орталықтарға, мектепке барып дайындалатын еді. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Ұлттық тестілеу орталығы 70 нұсқаны өз сайтына енгізді. Балалар сол нұсқалармен әбден дайындалып, тағы керек десе, жаңа нұсқаларды ақысыз беруге дайынбыз", – дейді Асхат Аймағамбетов.

Сабақ кестесі бола ма?

Дене шынықтыру, көркем еңбек және өзге пән сабақтары мектептің оқу жоспарына сәйкес өткізілуі тиіс. Бірақ қашықтан оқытуда нақты бекітілген кесте болмаған соң, сабақтар икемді кесте бойынша өткізіледі:

  • бір пән бойынша сабақ ұзақтығы көрсетілмейді, ол оқыту мақсатына орындауға байланысты;
  • оқушы өзі оқу кестесін таңдайды;
  • оқушы тапсырмаларды өзіне ыңғайлы уақытта орындайды;
  • электронды күнделікке сабаққа қатысқаны туралы ақпарат енгізілмейді.

Оқушы мен ата-аналар демалыс күндерінен басқа уақытта пән мұғалімдерімен және сынып жетекшісімен байланысты болуы тиіс. Бұл ретте білім министрлігі ата-анадан тапсырмалардың орындалуын растайтын фото- және бейнематериалдарды талап етуге тыйым салады.

Оқи отырыңыз: Бүгін бала – ертең студент. Оның болашақта сапалы білім алуына қалай қаражат жинауға болады?

Телесабақтар қалай өтеді?

Әрбірінің ұзақтығы 10 минут болатын телесабақтар аптасына бес күн "Балапан" және "Ел арна" телеарналарында көрсетіледі:

  • жаңа оқу материалын түсіндіру – 6 минут;
  • материалды пысықтау үшін 2-3 сұрақ қою – 1 минут;
  • материалдарды пысықтауға арналған 2-3 оқу тапсырмасы –1 минут;
  • тақырып бойынша 1-2 қосымша цифрлық ресурс – 1 минут;
  • өз бетімен оқу үшін қосымша ресурстарға сілтеме – 1 минут.

Телесабақтар оқушылар білім алуы тиіс міндетті кей пәндер бойынша жүргізіледі. Әр сыныптың өз телесабақ кестесі бар. Музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық (АӘД)секілді пәндерге телесабақ түсірілген жоқ. Пән мұғалімдері өз бағдарламаларын әзірлей алады:

  • АӘД мұғалімі – үйде орындайтын физикалық және саптық жаттығулар кешенін;
  • музыка мұғалімі – тыңдау қажет ететін музыкалық шығармалардың тізімін;
  • көркем еңбек мұғалімі – қолөнер, макеттер және т. б. жасау бойынша нұсқаулықтар;
Телесабақтар "Балапан" мен "Ел Арнадан" бөлек бірқатар жергілікті өңірлік арнада көрсетіледі және толық тізім Білім және ғылым министрлігінің бұйрығында көрсетілген:
  • 1-2 сынып – 7 пәннен;
  • 3-4 сынып – 8 пәннен;
  • 5-6 сынып – 10 пәннен;
  • 7-11 сынып – 14 пәннен.
Оқи отырыңыз: "Балаларды кітап оқуға баулу өте маңызды". Асхат Аймағамбетовтың ата-аналарға хаты

Қандай онлайн-платформаларды қолдануға болады?

Педагог оқу материалын оқулықтан да, онлайн-платформадан да ұсына алады. Білім министрлігі ұсынатын интернет-платформалар:

  • BilimLand;
  • Kundelik.kz;
  • Daryn.online.

Цифрлық білім беру ресурстары:

  • Mektep.OnLine;
  • QaradomalakStudio;
  • Оpiq.kz;
  • Microsoft TEAMS;
  • GoogleClassRoom.

Бұл интернет-платформалар оқу процесін онлайн-режимде ұйымдастыруға арналмаған.

Мұғалімен түрлі платформа, сондай-ақ WhatsApp секілді мессенджерлер көмегімен кері байланыс жасауға болады. Әрбір оқушы өзіне ыңғайлы платформаны, оқу және үй тапсырмасын тапсыру уақытын таңдайды.

Мұғалім оқушымен кері байланысты:
  • электронды пошта;
  • месcенджер – WhatsApp, Aitu- чат, Telegram және т.б.;
  • мобилді және стационар телефон байланысы;
  • пошта байланысы арқылы жүргізе алады.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: Оқушыларға 80 мыңға жуық компьютер мен планшет сатып алынады

Қандай мектептер офлайн оқиды?

Төтенше жағдай кезінде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілген. Әкімдіктер шешімді денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып қабылдайды. Басты шарттар:

  • алыс оқшауланған елді мекендердегі оқушы саны 5-тен 80-ге дейін мектептер;
  • санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтау;
  • карантин мен коронавирусты жұқтыру фактілері болмаған жағдайда мектепте сабақ штатты режимде жүреді.
Оқи отырыңыз: Үйде жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төленеді, балабақшадағы бала орны сақталады

Білім және ғылым министрлігі мен білім басқармаларына:

  • қашықтан оқыту кезінде есеп беруді талап етуге;
  • білім беру ұйымдарына барып түрлі тексеру (мониторингтік) іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.

Талапты бұзған білім беру бөлімі мен басқарма басшыларына қатысты шаралар қолдануға рұқсат етілді.

Серіктестер жаңалықтары