Қызылшаның өршіп тұрғаны туралы ақпарат былтырғы жылдың соңында пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл 17 қаңтарға дейін 594 адам ауырған. Ауру Астанада асқынып тұр (200 адам тіркелген). Одан кейін Алматы, Түркістан, Ақмола және Атырау облыстарында да ауырғандар саны артқан. Олардың арасында бір жасқа дейінгі балалар көп. Ақмола облысында 7 дәрігер емделушілерден жұқтырып алған деген күдік бар.
Оқи отырыңыз: Ангинадан айығу үшін не істеу керек? Дәрігер кеңесі
Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің хабарлауынша, қызылша ауруы қазір әлемде дендеп тұр. Ел, елімізде бұл аурумен ауырғандардың жартысынан көбі оған қарсы екпе алмағандар. Іnformburo.kz ауруға қатысты жан-жақты зерттеп көрді.
№1. Қызылша – қандай ауру?
Инфекциялық жұқпалы ауру. Көбіне балаларда кездеседі. Кейбір кезде соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Ауруға қарсы екпе алмаған адамның оны жұқтырып алуы әбден мүмкін.
Негізгі белгілері:
- Әлсіздік;
- Дене қызуының көтерілуі;
- Бас ауруы;
- Ұйқысыздық;
- Тамаққа тәбеті болмау.
Мұрын бітеліп, құрғақ жөтел болу мүмкін. 3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастайды.
Оқи отырыңыз: Обыр жастарды обып барады
№2. Ауру қалай жұғуы мүмкін?
Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады. Кезінде қызылшамен ауырған әйелден туған бала 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені, оның бойында анасынан берілген аурудан қорғайтын қарсы денелер (антитела) уақытша сақталады. Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда кез келген жаста, тіпті өмір бойы бұл ауруға шалдығу қаупі сақталады.
№3. Диагностикасы
Егер аурудың белгілері байқалса, сау адамдарға жұқтырмас үшін қарым-қатынасты дереу тоқтату керек. Мұндайда бірден емханаға бару керек. Зертханалық сынамаларын алғаннан кейін диагнозды инфекционист-дәрігерлер қояды. Ауру адам қан және зәр тапсырады. Дәрігердің жолдамасымен тағы да қажетті анализдерді тапсыруы ықтимал. Дәрігерлер аурумен қарым-қатынаста болған адамдарың бәрін 21 күн бойына тексереді.
Оқи отырыңыз: Ауыздың уылуын (стоматитті) қалай емдейді? Бұл ауру шынымен қатерлі ме?
№4. Аурудың салдары
Вирустың алдын алмаса пневмония, энцефалит ауруларына шалдығу қаупі бар. Сол үшін дер кезінде дәрігерге жүгіну керек. Көбіне қызылшамен 5 жасқа дейінгі балалар немесе 20 жастан асқандар ауырады. Оларда құлақ қуысы, мойын тұсы ауырады, көз ауруы барларда соқырлыққа дейін асқыну қаупі болуы мүмкін. Сондықтан учаскелік дәрігер ауруды жиі бақылап тұруға тиісті.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Вспышка кори в Казахстане: всё, что нужно знать о болезни
№5. Қызылшаны қалай емдейді?
Арнайы емдеу тәсілі жоқ. Ауру жұқтырған науқастарға төсекте жату, сұйықтықты көп ішуге кеңес беріледі. Қызу түсіретін, мұрын бітелуіне және тамақ ауруына қарсы дәрілер мен витаминдер тағайындалады. Ауруы асқынғандар ауруханаға жатқызылады.
№6. Ауырмас үшін не істеу керек?
Ең тиімді әдісі – екпе алу. Екпе бала бір жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде салынады. Одан соң алты жасында тағы салынады. Дәрігерлер екпе алмағандарға емханадан оны тегін салдыруға болатынын ескертеді.
Алдын алу шарасы ретінде бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау ұсынылады. Науқас адамның үйіне, ауру өршіп тұрғанда адам көп жерлерге бармауға кеңес беріледі. Халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Қан тамыры қысымы ауруынан қалай сақтану керек және оның алдын алу жолдары қандай?
№7. Елімізде қызылшамен ауыру деректері қандай?
- 2000 жыл – 245;
- 2001 жыл – 94;
- 2002 жыл – 18;
- 2003 жыл – 24;
- 2004 жыл – 2204;
- 2005 жыл – 16 119;
- 2006 жыл – 109;
- 2007 жыл – 13;
- 2008 жыл – 20;
- 2009 жыл – бірде бір жағдай тіркелмеген;
- 2010 жыл – 4;
- 2011 жыл – 127;
- 2012 жыл – 55;
- 2013 жыл – 73;
- 2014 жыл – 321;
- 2015 жыл – 2351;
- 2016 жыл – 122;
- 2017 жыл – 2;
- 2018 жыл – 576.
Оқи отырыңыз: Күйзеліс күйретеді
№8. Аурудың өршу қаупі немен байланысты?
2005 жылы елімізде осы аурумен 16 119 адам ауырды. 2009 жылы керісінде ешбір дерек тіркелген жоқ. Дәрігерлер аурудың асқынуын 1990 жылдардың басындағы екпе тапшылығымен байланыстырады. Сол кездері туылған қыздар ауруға қарсы мүлдем екпе алмаған. Кейін ана болғасын олардың нәрестелерінің қызылшаға қарсы тұратын иммунитеті де болған жоқ. Сол кездегі ауырған адамдардың 70 пайызы солардың емізулы балалары болатын.
1990 жылдардың ортасында екпе тапшылығы жойылды. Алайда ара тұра аурудың асқынуы кездесіп отыр. Дәрігерлер жағдайды ірі қалаларға жұмыс істеуге, оқуға, демалуға адамдардың, оның ішінде қызылша ауруын жұқтырғандардың көптеп келуімен байланыстырады.
Оқи отырыңыз: ХХІ ғасырдың эпидемиясы – аллергиядан құлантаза айығуға бола ма?
№9. Қазақстандықтар не үшін екпеден бас тартады?
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті бұл мәселеге қатысты халық арасында сауалнама жүргізді.
Нәтижесі төмендегідей:
- 51% – өз сеніміне байланысты, себебін түсіндіруден бас тартқан;
- 32% – діни сенімдеріне байланысты;
- 11% – екпенің сапасына сенбейді;
- 6% – бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпараттың салдарынан.
Авторы Зарина Жакупова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.