Үздік қалалардың рэнкингі әлемде түрлі санат бойынша жасалады. Қала халқының саны, оның аумағы, экономикасы, қалаға келетін туристер саны, қауіпсіздігі мен өмір сапасы – негізгі көрсеткіштер. Әрбір санат бойынша жеке-жеке үздіктер бар.
Informburo.kz жоғарыда аталған санаттар бойынша үздіктер тізімдері мен Best cities рэнкингі бойынша әлемнің ең үздік 10 қаласы туралы мәліметтерді ұсынып отыр.
Оқи отырыңыз: Ниагараға саяхат. АҚШ пен Канаданың шекарасындағы табиғат ғажайыбы
Халық саны (2020)
Токио (Жапония) – 37 млн адам;
Дели (Үндістан) – 30 млн адам;
Шанхай (Қытай) – 27 млн адам;
Сан-Паулу (Бразилия) – 22 млн адам;
Мехико (Мексика) – 21,7 млн адам;
Дакка (Бангладеш) – 21 млн адам;
Каир (Египет) – 20,9 млн адам;
Бейжің (Қытай) – 20,4 млн адам;
Мумбай (Үндістан) – 20, 4 млн адам;
Осака (Жапония) – 19 млн адам.
Толық тізіммен ағылшын тілінде мына жерден танысуға болады.
Қала аумағы (2020)
Нью-Йорк (АҚШ) – 8 683 м2;
Токио (Жапония) – 6 993 м2;
Чикаго (АҚШ) – 5 498 м2;
Атланта (АҚШ) – 5 083 м2;
Филадельфия (АҚШ) – 4 661 м2;
Бостон (АҚШ) – 4 497 м2;
Лос-Анджелес (АҚШ) – 4 320 м2;
Даллас (АҚШ) – 3 644 м2;
Хьюстон (АҚШ) – 3 355 м2;
Детройт (АҚШ) – 3 267 м2.
Толық тізіммен ағылшын тілінде мына жерден танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Көлік өндірісінің астанасы тоқырауға жақын. Детройт бұрынғы қалпына орала ма?
Экономика (2019)
Лос-Анджелес ($1,4 трлн) – Малибу, Беверли Хиллз секілді бай аудандары бар;
Гонконг ($1,2 трлн) – Еуропа мен Азия арасындағы дәліз;
Сидней ($1,1 трлн) – байлар қаладағы өмірсүру салтын, қауіпсіздік пен климатын жақсы көреді;
Сингапур ($1,0 трлн) – әлемдегі бизнеске қолайлы және салық төлемі арзан қалалардың бірі;
Чикаго ($980 млрд) – жоғары әртараптандырылған экономика;
Мумбай ($960 млрд) – Үндістанның қаржы орталығы;
Торонто ($900 млрд) – қаржы қызметтері, жылжымайтын мүлік, IT, медиа және телекоммуникация негізгі салалар;
Хьюстон ($880 млрд) – мұнай және газ, биотехнология, машина құрастыру, аэронавтика секілді негізгі өндіріс салалары;
Женева ($850 млрд) – Монакодан кейінгі жан басына шаққандағы миллионерлер тығыз қоныстанған қала;
Франкфурт ($800 млрд) – құрлықтық Еуропаның қаржы астанасы.
Толық тізіммен ағылшын тілінде мына жерден танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Чикагода жаңа жылға дайындық қарқыны қандай? Фоторепортаж
Туристер саны (2019)
Гонконг (Қытай) – 26,7 млн;
Макао – 20,6 млн;
Сингапур (Сингапур) – 19,8 млн;
Лондон (Ұлыбритания) – 19,6 млн;
Париж (Франция) – 19,1 млн;
Дубай (БАӘ) – 16,3 млн;
Дели (Үндістан) – 15,2 млн;
Ыстанбұл (Түркия) – 14,7 млн;
Куала-Лумпур (Малайзия) – 14,1 млн.
Оқи отырыңыз: Түркия туралы қызықты мәліметтер. Стамбұлдықтар қайда демалғанды ұнатады? Фоторепортаж
Қауіпсіздік (2019)
- Токио (Жапония);
- Сингапур (Сингапур);
- Осака (Жапония);
- Амстердам (Нидерландтар);
- Сидней (Австралия);
- Торонто (Канада);
- Вашингтон (АҚШ);
- Копенгаген (Дания);
- Сеул (Оңтүстік Корея);
- Мельбурн (Австралия).
Қаладағы өмір сүру сапасы (2019)
- Вена (Австрия);
- Цюрих (Швейцария);
- Ванкувер (Канада);
- Мюних (Германия);
- Окленд (Жаңа Зеландия);
- Дюссельдроф (Германия);
- Франкфурт (Германия);
- Копенгаген (Дания);
- Женева (Швейцария);
- Базель (Швейцария).
Ал әлемнің ең үздік қалаларының рейтингін Best cities рэнкинг жүйесі әзірлеген. Үздік қалаларды іріктеуде 6P (Place, Product, Programming, People, Prosperity, Promotion) қағидасын ұстанған. Қазақшаласақ, олар – қаланың орны, инфрақұрылымы, мәдениеті, халқы, даму деңгейі және танымалдылығы болып келеді.
Сонымен, төменде – 2019 жылғы рэнкинг бойынша әлемнің үздік 10 қаласы:
№1. Лондон
- Тұрғын саны: 9 млн адам;
- Аумағы: 1 572 км2.
Лондон жоғары білімді халық санынан әлемде 2-орында, ал университеттер сапасы бойынша 11-орында. 2019 жылы Times Higher Education World University Rankings рейтингінде үздік 40 ЖОО қатарына Лондондағы төрт университет қосылды.
№2. Нью-Йорк
- Тұрғын саны: 8,6 млн адам;
- Аумағы: 1 214,9 км2.
АҚШ иммигранттар елі болса, оның астанасы – Нью-Йорк. Мұнда әлемнің кез келген елінің азаматын кездестіруге болады. Метро 24 сағат бойы қатынайды.
Оқи отырыңыз: Нью-Йорктегі туристер көп келетін көрікті мекендер. Фоторепортаж
№3. Париж
- Тұрғын саны: 11 млн адам;
- Аумағы: 105,4 км2.
2018 жылы Парижге келген туристер саны рекордтық көрсеткішке (38 млн адам) жетті. 2020 жылы Франция шетелдік туристер санын 100 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр. Париж сауда санатында алғаш рет Нью-Йорк пен Лондонды басып озып, бірінші орынды иеленді.
№4. Токио
- Тұрғын саны: 37 млн адам;
- Аумағы: 2 188,67 км2.
№5. Мәскеу
- Тұрғын саны: 12,5 млн адам;
- Аумағы: 2 511 км2.
Оқи отырыңыз: АҚШ-қа саяхатқа сіз ойлағандай көп қаржы кетпейді
№6. Дубай
- Тұрғын саны: 2,8 млн адам;
- Аумағы: 4 514 км2.
Дубай сәулет өнерінің соңғы үлгілеріне таң қалдырудан жалықтырмайды. Мұнда әлемдегі ең биік ғимарат орналасқан. Адамдар ең көп баратын сауда орталығы да осында. Дубай әлемнің ең үздік қалалары рейтингіндегі "шоппинг" санатында 30-орында тұр. 2019 жылы қалаға 19 млн турист келген.
№7. Сингапур
- Тұрғын саны: 5,9 млн адам;
- Аумағы: 724 км2.
Малай тілінен аударғанда Сингапур "Арыстан қаласы" деген мағынаға ие. Жергілікті валюта биржасы әлемде 4-орында. Ал теңіз порты ірі порттардың қатарында. Әділ салық салу саясатының арқасында Сингапур бизнесті дамыту мен саудамен айналысуда шетелдіктерді өзіне тартады. Ал қаланың атақты әуежайы жылына миллиондаған жолаушы келетін "must-see" орынға айналды.
Оқи отырыңыз: Алыс та жақын Сингапур. Мұнда қоғамдық тәртіпті бұзсаңыз, қалтаңыз қағылады
№8. Барселона
- Тұрғындар саны: 5,5 млн адам;
- Аумағы: 100,4 км2.
№9. Лос-Анджелес
- Тұрғын саны: 4 млн адам;
- Аумағы: 1301,97 км2.
Лос-Анджелес миллиардтаған инфрақұрылымдық жобаларды бірінен соң бірін ұсына отырып, туристердің рекордын жаңартуда. 2018 жылы АҚШ-тың көптеген қаласында шетелдік келушілер біршама азайған болатын. Биыл Лос-Анджелес алғаш рет үздік қалалардың ондығына кірді. Қала батыс жағалауының инновациялық брендін дамытып, 2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кетті.
Оқи отырыңыз: АҚШ: тәуелсіздік жолындағы күрес. Фоторепортаж
№10. Рим
- Тұрғын саны: 4,2 млн адам;
- Аумағы: 1 287,36 км2.
Рим – батыс әлемінің тарихын жалғастырып келе жатқан қала. Туристер ағылмайтын екі мың жылдық батыс өркениетін сақтап қалған Палатин төбесі мұның айқын дәлелі. Рим де Лос-Анджелес секілді алғаш рет үздік 10 қаланың қатарына қосылды.