Тікелей эфир

Түркия туралы қызықты мәліметтер. Стамбұлдықтар қайда демалғанды ұнатады? Фоторепортаж

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Стамбұл – тарихи орда мен қорғанға толы, көне Рим мен ислам мәдениетінің түйіскен бесігі. Сүлеймен сұлтан мен Хүррем ханшайымның жүрген жерін тамашалайсыз.

Құбылмалы табиғаттың тосын мінезінен жалығып, жұмыстан шаршарған азаматтар бір жылда бір келетін демалыстарын есте қаларлықтай өткізгісі келетіні белгілі.

Дәл сондай еңбек дамалысы кезінде бұрынғы Кеңестік республика азаматтарының бір бөлімі ыстық теңізді аймақтарға аттанады. Сол арқылы қыстың суығынан кейін рахаттанып, өмірден ләззәт алады.

Біз де осы мақсатпен Түркияға барып қайттық. Әрине Стамбұлда тұрған туыстарымыздың арқасында бәрі де керемет өтті.

Бізді Ілияс Шолпан ағамыз күтіп алды.


Егей теңізінің жағасындағы демалыс орны

Егей теңізінің жағасындағы демалыс орны / Сурет informburo.kz


Қай теңізге суға түскен дұрыс?

Түркияның айналасын Ақ теңіз (Жер орта теңізі), Қара теңіз, Мәрмәр теңізі және Егей теңізі секілді төрт теңіз қоршап жатыр. Ендеше, қай теңізге барған дұрыс?

Ілияс ағамыздың айтуынша Қара теңізде жел мен боран көп болады. Қайықтарды аударып кетуі мүмкін. Ал Ақ теңіз жақ өте ыстық, тұзы қатты әрі туристер көп.

Мәрмәр теңізі де адам көп әрі қалаға тірелгендіктен отбасылық демалыстарға ыңғайсыздау.

Стамбулдықтар үшін ең қолайлы, яғни таза әрі тыныш, қатты ыстық емес (орташа 40⁰С), дем алу құны қол жетімдісі – Егей теңізі.


Теңіз жағасындағы ыстық құм да денсаулыққа пайдалы

Теңіз жағасында таңды қарсы алу / Сурет informburo.kz


Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлық орындар бар. Ең әйгілі орындар. Олар:

  • Стамбұл – Ислам мен Византиялық мәдениет мұралары мол тарихи қала.
  • Каппадокия – Түркияның ең ғажап жері. Әуешарымен ұшатын және үңгірлі қала орналасқан табиғи мұраларға бай өлке.
  • Егей теңізі (түр. Ege denizi) – Грекия мен Болғарияға шектескен, теңіздік демалыс аймағы. Қираған көнегрекиялықтар мен римдік ескі қалалар.
  • Жерорта теңізі – (түр. Ak deniz) – Теңіздік демалыс орындары жайғасқан Түркияның оңтүстік жағы.

Теңіз суына түскенде көңіл бөлетін жәйттер

Теңіз суы тұзды болатындықтан батырмайды. Денең су бетіне тез қалқып шығады.

Жергілікті халықтың айтуынша, теңізге алғаш түскенде суының мұрынға, құлаққа кіруінен қорықпау керек. Бұл түрілі аллергиялық аурулардың алдын алады. Мұрын қуысын тазалау үшін дәріханаларда сатылатын "Аква марис" дәл осы теңіз суы екенін еске алыңыз.


Құмға көміліп қыздырыну

Құмға көміліп қыздырыну / Сурет informburo.kz


Кішкентай балалар тұзды суға бірнеше рет түскеннен кейін-ақ кеңсіріктері ашылып, мұрындары бітелмейді.


Суға түсу

Теңіз суы батырмайды / Сурет informburo.kz



Теңізде машығып жүрген қарттар

Теңізде машығып жүрген қарттар / Сурет informburo.kz


Сонымен бірге алғашқы күндері судан шыққаннан кейін теңіздің тұзды суын денеден шайып тастамау керек. Бұл да тері аурулары үшін пайдалы.

Су адам денесін сорып кететіндіктен, әлсірейді. Сол үшін жақсы тамақтану керек.


Көлеңкелі қостар бар

Теңіз жағасында дәмхана көп. Көлеңкелі қос та бар / Сурет informburo.kz


Теріні күннен түскен ащы сәуленің зақымдануынан сақтану үшін денеге май жағады немесе судан шыққан соң көлеңкеге дем алған дұрыс.


Шексіз теңізге құмарту

Теңіз толқынының дауысы да адам жанын сергітеді / Сурет informburo.kz


Түркияда жер барған сайын қымбаттап кетті

Соңғы жылдары Түркиядағы жер бағасы айтарлықтай өскен. Сол себепті жер иелері мүліктерін мирасқа қалдырғанда дау осы жерден туындайтын болған. Алайда жерді балаларына тең үлестірген сайын жер көлемі тарылатындықтан оны пайдалану мемлекеттің ауыл шаруашылық саласын дамытуға едәуір кедергі келтіріп отыр.


Жол бойындағы егістік

Жол бойындағы егістік / Сурет informburo.kz


Ілияс мырзаның айтуынша, қазір мирасқа қалдырғанда жерді бөлуге үкімет тиым салған. Сол үшін жерді тек бір мирасқор алуы керек немесе сатып ақшасын бөліп алулары тиіс. Бұны мемлекет қадағалап отыр екен.

Түркияда ақылы жол екі түрлі

Мемлекет иелігіндегі ақылы жолдардың ақысы төмен. Біз Егей теңізі бойындағы Енез қаласына жолға шыққанда мемлекеттік автожолмен жүрдік. Жолды пайдалану ақысы көлік терезесіне жапсырылған QR код арқылы қабылданады. Сол үшін көлікті тоқтатып жатпайды.


Жол, теңіз және қала (Мәрмәр теңізінің жағасы)

Жол, теңіз және қала (Мәрмәр теңізінің жағасы) / Сурет informburo.kz


Соңғы жылдары жекелік жол компаниялары да ақылы автожолдар салып, пайдалануға беріпті. Олардың жол пайдалану ақысы мемлекеттікіне қарағанда қымбат.

Қалада жеріңіз болса...

Ілияс мырзаның айтуынша, қаладағы жеріңізге қала басшылығының ұсынысымен стандартқа сай құрылыс тұрғызуыңыз керек.

Егер 3-5 сотық жеріңізге 4-5 қабатты ғимарат түсуге тиісті болса, үкімет сізге жобасын, құрылыс эскизін толық өздері дайындап, әкеліп береді.

Сізде үш түрілі таңдау ғана болады:

  • Құрылысты толықтай өз қаржыңызбен салуыңызға болады;
  • Салуға қаржыңыз жетпесе үкімет бөліп төлеуге төмен өсімді несие береді;
  • Немесе құрылыс компаниясымен келісіп, салынатын құрылысты олармен бөлісуіңіз керек. Құрылысты салушы жеке адам болуы да мүмкін. Оны өзіңіз таңдайсыз.

Ешқашан жер тартып алынбайды және қысым түсірілмейді.


Ауылдағы үйдің ауласы (Тракиядағы Енез ауданына қарасты ауыл)

Ауылдағы үйдің ауласы (Тракиядағы Енез ауданына қарасты ауыл) / Сурет informburo.kz


Кезінде Еуропадан қуылған түріктер қалған мүліктерін қайтарып алып жатыр

Ілияс Шолпанның айтуынша, Греция, Бұлғария қатарлы елдер өз жерлерінде қоныстанған түріктерді 1910, 1945 жылдары екі рет Түркияға қудалап жіберген. Жүз мыңдаған түріктер елге қайтқанымен сондағы дүние мүліктері қалғаны белгілі.

Еуропа Одағының жаңа конвенциясына сәйкес енді сол қудаланғандардың ұрпақтары сот арқылы өз мүліктерін қайтарып алып жатыр екен. Сол үшін тіптен, азаматтықтарын да өзгерткен.

Сонымен бірге Түркиядан қудаланған гректер де келіп өз мүліктерін қайтарып алып жатыр. Ол үшін иелік құқықты дәлелдейтін құжаттары болса болды.

Тракия тұрғындары мен жер аттары туралы

Кіші Азия түбегін кезінде гректер, римдіктер билегені жасырын емес. Стамбұлдың батысындағы Еуропаға дейін жалғасқан аймақ – Тракия аймағы делінеді. Еуро Одақтағы Грециямен және Бұлғариямен шегараласады. Оларға байланысты жер аттары сол күйінде қалған.

Ондағы халықтардың басым бөлігі еуропадан жер аударылған түріктер болғандықтан ба, түрлері өзгеше. Еуропалықтардан еш айыра алмайсыз. Тек діні мен салт-дәстүрі болмаса.

Ілияс мырзаның айтуынша, онда түріктерден басқа сығандар, римдіктер және бұлғарлар да көп болған. Алайда түркияда ұлт аталмайтындықтан сырт түрлерінен айыра алмайсыз.

Стамбұлда қайда барған дұрыс?

Стамбұлда тарихи қамалдар мен қорғандар, патша ордалары мен мешіттер, көне базарлар әлі күнге дейін сақталған.

Сұлтан Сүлеймение мешіті кәдімгі түрік сериалдарында айтылатын, 1520-1566 жылдары билік құрған, атақты I Сүлеймен патша салдырған құрылыс. Ол Стамбұлдың ең биік жерінде орналасқан. Қасында Сүлеймен сұлтанның мазары бар.

Сұлтан Сүлеймение мешітінің артынан түсірілген суреті

Сұлтан Сүлеймение мешітінің артынан түсірілген суреті / Сурет informburo.kz


Мешіт ғажайып сәулетті және керемет орны арқылы саяхатшыларды баурап тұр.

Сулеймание мешіті – Стамбулдағы маңыздылығы жағынан екінші, ал көлемі бойынша бірінші мешіт.

Ішіне 5000 адам сияды. Мешіт қаланың Вефа ауданының көне бөлігінде орналасқан. 1550-1557 жылдар аралығында салынған. Авторы – Синан. Мұнараның биіктігі – 53 м, диаметрі – 26,5 м, күн сәулесі 136 терезеден түседі. Мешітте төрт мұнара бар.


I Сүлеймен сұлтанның мазары

I Сүлеймен сұлтанның мазары / Сурет informburo.kz


Мешіттің ауласында бейіттер бар және көрші екі мазарда Сулейман мен оның әйелі Роксолана жерленген. Кейбір дерек көздерінің айтуынша мешіт жыл санап Алтын Мүйіз шығанағына қарай баяу жылжып бара жатыр.


Мазар ішіндегі патша зияраттары

Мазар ішіндегі патша зираттары / Сурет informburo.kz



I Сүлеймен сұлтанның мазарына жазылған жазу

I Сүлеймен сұлтанның мазарына жазылған жазу / Сурет informburo.kz



Мешіттің іші

Мешіттің іші / Сурет informburo.kz



Мешіт төбесі

Күмбездегі ішкі өрнектері / Сурет informburo.kz



Мешіт ауласында тұрып қалаға көз жіберуге болады

Мешіт ауласында тұрып қалаға көз жіберуге болады / Сурет informburo.kz



Мешіт ауласындағы бұрыннан сақталған жауын суының ағып кететін карізі

Мешіт ауласындағы бұрыннан сақталған жауын суының ағып кететін кәрізі / Сурет informburo.kz


Айя София музейі – Стамбұлдағы мұражай ғимараты

Көне сәулет өнерінің үлгісі. Iргетасы император Константиннің бұйрығы бойынша 325 жылы қаланған. Оны 10 мың жұмыскер 5 жылда салып бітірген. Талай рет қирап, талай рет қалпына келтірілген. Ол христиан және ислам мәдениетінің жауһары.


Ая София музейі

Айя София музейі / Сурет informburo.kz


Айя Софья кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болды.

Түріктерге дейін Византия империясының, кейін 500 жыл бойы (1935 жылға дейін) түріктердің діни орталығы қызметін атқарды. Ол 1453 жылы мешітке айналдырылған соң, ғимараттың ішкі көрінісі қайта көркемделді. 16-18 ғасырларда мешіт мұнаралары, қосымша құрылыстар салынды. 1935 жылы Ататүрік Айя Софияны мұражайға айналдырды.


Музей алдындағы кезекте тұрған саяхатшылар

Музей алдындағы кезекте тұрған саяхатшылар / Сурет informburo.kz



Музей алды түрлі гүлді ағаштарға толы

Музей алды түрлі гүлді ағаштарға толы / Сурет informburo.kz


Сұлтан Ахмет мешіті (Көк мешіт)

Стамбұл қаласындағы тарихи ескерткіш. Ірі және көрікті мешіттердің бірі. Сұлтан Ахметтің бұйрығымен салынған. Ол Мәрмәр теңізінің жағасында, Сұлтан Ахмет ауданындағы Айя-София мұражайына қарсы орналасқан.

"Көк мешіт" атауы күмбездерінің түсіне байланысты. Мешіттің аумағы өте үлкен, ол жерден бірнеше алаңдар мен субұрқақтарды кездестіруге болады. Ғимараттың биіктігі 43 метрге жетеді. Ол 1616 жылы ашылған.


Сұлтан Ахмет мешіті

Сұлтан Ахмет мешіті / Сурет informburo.kz


Мешітте 6 мұнара бар. Төртеуі бірқалыпты, ал алдыңғы екеуі биігірек. Ислам және әлем архитектурасындағы ұлы туындылардың бірі болып саналады.


Мешіт ішіндегі саяхатшылар

Мешіт ішіндегі саяхатшылар / Сурет informburo.kz



Мешіт төбесіндегі өрнектер

Мешіт төбесіндегі өрнектер / Сурет informburo.kz


Топқапы – патшалар ордасы

Топқапы (түрікше Topkapı, "Зеңбіректі қақпа" деген мағынаны білдіреді) – 1453 жылы II Мехмет бастаған османлы әскері Константинополь қаласын басып алды. Сол кезде Топқапы орнында Византия императорларының сарайы болған. XIX ғасырдың ортасына дейін Осман императорларының сарайы болды. Мұражайдың ауданы – 700 000 м². 1400 м болатын қоршаумен жан-жақтан қоршалған.


Топқапы сарайының оңтүстік қақпасы

Топқапы сарайының оңтүстік қақпасы / Сурет informburo.kz


1854 жылы бұл сарайдың құрылысы жалғастырылған, 400 жыл бойы Ұлы Османлы Мемлекетінің басты сарайы болып қалған. 1923 жылы мұражай атанды.


Дуан кеңесінің залы

Дуан кеңесінің залы / Сурет informburo.kz


Топқапы музейінде 65 мыңнан астам жәдігер бар. Қазір музейде тұрғаны соның 10%-ы ғана.


Беті-қол жуатын су шүмегі орнатылған орын

Беті-қол жуатын су шүмегі орнатылған орын / Сурет informburo.kz



Кітапханада отырған патша мәкеті

Кітапханада отырған патша макет-мүсіні / Сурет informburo.kz



Сұлтандар тайып жығылмауы үшін жолға жатқызылған тастарға да осындай бедерлер салынған

Сұлтандар тайып жығылмауы үшін жолға жатқызылған тастарға да осындай бедерлер салынған / Сурет informburo.kz


Сауыт-саймандар


Саут пен дуылға

Сауыт пен дулыға / Сурет informburo.kz



Көне заманғы от мылтықтың түрлері көп екен

Көне заманғы от мылтықтың түрлері көп / Сурет informburo.kz



қол мылтық пен оқшантай

Қол мылтық пен оқшантай / Сурет informburo.kz



Қанжардың түрлері де жетерлік

Қанжардың түрлері де жетерлік / Сурет informburo.kz


Османлы патшалары Меккені басқарғанда қалған жәдігерлер де бар


Осман империясы кезінде Медине Кағбада пайдаланылған заттар

Осман империясы кезінде Медине Кағбада пайдаланылған заттар / Сурет informburo.kz


Оқи отырыңыз: Стамбұлға сапар: Қала өмірі және барғанда көңіл бөлетін жәйттер (Фоторепортаж)

Дастарқан мен ыдыс-аяқтар


Теріден жасалған дастарқан мен төре табақ

Теріден жасалған дастарқан мен төре табақ / Сурет informburo.kz



Тамақ ысытып әкелетін мыс ыдыс

Тамақты ыстық күйінде сақтайтын мыс ыдыс / Сурет informburo.kz



Ыдыс және ыдыс қап

Ыдыс және ыдыс қап / Сурет informburo.kz



Тайқазандар

Тайқазандар / Сурет informburo.kz



Тамақ сақтайтын фарфор ыдыс

Тамақ сақтайтын фарфор ыдыстар / Сурет informburo.kz



Түрлі дәрі үгітетін ыдыс

Түрлі дәрі үгітетін ыдыс / Сурет informburo.kz



Шарап құйып әкелетін шәугім

Мынау патшаларға шарап құйып әкелетін шәугім / Сурет informburo.kz



Шай және сусын ішітін ыдыстар

Шай және сусын ішетін ыдыстары / Сурет informburo.kz



Сырты жаһұтталған кесе

Сырты жаһұтталған кесе / Сурет informburo.kz



Басы сүйектен жасалған қасықтар

Басы сүйектен жасалған қасықтар / Сурет informburo.kz



Қорқор да бар

Қорқор да бар / Сурет informburo.kz



Жез елегендер

Жез елегендер / Сурет informburo.kz



Үлкен ыдыстар салып таситын кебеже

Кебеже / Сурет informburo.kz



Таразының тасы

Таразының тасы / Сурет informburo.kz


Хейбели (Heybeli ada) аралына қалай тегін бардық?

Стамбұлды қоршаған Мәрмәр теңізіндегі аралдарға барып демалып қайтатындар да көп. Соның бірі қаладан 30-50 шақырым қашықтағы Хейбелла аралы.

Аралға Құрбан айт намазынан кейін жолға шықтық. Мерекеге орай әр азамат үшін барып-келуге кететін 40 лира, яғни 2800 теңге қалтамызда қалды.


Қаладан алыстап барамыз

Қаладан алыстап барамыз / Сурет informburo.kz


Аралда арнайы ат арба яғни күйме бекеті бар. Сізді сол арбалармен аралды аралатады. Ол үшін бір ат арбаға 100 лира яғни 7 мың теңге шамасында ақы төледік.


Аралда ат арба немесе күймелер қатынайды екен

Аралда ат арба немесе күймелер қатынайды / Сурет informburo.kz



Балалр күйме тізгіншісінің орнына отырып көрді

Күймеде жүру балалар үшін таңсық / Сурет informburo.kz



Орман арасында дастархан жайылды

Орман арасында дастархан жайылды / Фото informburo.kz



Кәуап қақтауға да уақыт таптық

Кәуап қақтауға да уақыт таптық / Сурет informburo.kz



Аралдағы саяхаттың әсері өзгеше. Таза ауа, тыныштық

Аралдағы саяхаттың әсері өзгеше. Таза ауа, тыныштық / Сурет informburo.kz


Түркияда болсын, Стамұлда болсын тарихи мекендер өте көп. Аралап бола алмайсыз.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары