Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 45 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 2 860
- Алматы – 876;
- Нұр-Сұлтан – 547;
- Қызылорда облысы – 182;
- Шымкент – 175;
- Қарағанды облысы – 132;
- Батыс Қазақстан облысы – 125;
- Атырау облысы – 123;
- Түркістан облысы – 115;
- Павлодар облысы – 110;
- Жамбыл облысы – 106;
- Алматы облысы – 100;
- Ақмола облысы – 93;
- Ақтөбе облысы – 57;
- Қостанай облысы – 43;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
- Маңғыстау облысы – 30;
- Шығыс Қазақстан облысы – 16.
Жазылғандардың жалпы саны – 725.
Көз жұмғандар – 25.
23.59 – 27 сәуірде 43 адам коронавирустан жазылса, жұқтырған 143 адам анықталды.
23.55 – Батыс Қазақстан облысында коронавирус анықталған азаматтар Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 20, 21 және 24 жастағы Түркістан облысының тұрғындары. "Сырым" автоөткелінен өткен соң карантиндік стационарға жатқызылып, сынама оң нәтиже көрсеткен. Үшеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Павлодар облысында вирусты жұқтырғандардың төртеуі облыс тұрғындары: 1984, 1979, 1963 жылдары туған әйел адам және 2011 жылғы ұл бала. Тұрғылықты жері бойынша байланыста болуы мүмкін болғаны үшін үй карантині режимін сақтап отырған. Вирус жұқтырғаны анықталған соң жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Мичурино ауылының маңындағы бақылау-өткізу бекетінен өтпекші болған Шымкент қаласының 1986 жылғы тұрғынынан анықталған. Қолында Covis-19 жұқтырмағанын растайтын анықтама болмаған соң карантиндік стационарға жеткізілген. Сынама оң нәтиже көрсеткен.
23.10 – Коронавирус жұқтырған тағы 25 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 10;
- Павлодар облысы – 5,;
- Батыс Қазақстан облысы – 3;
- Қарағанды облысы – 4;
- Маңғыстау облысы – 3.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 2 860 адам анықталды.
21.00 – Шымкентте Covid-19 бар 1науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауысты.
Қазақстанда барлығы 43 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылған.
Оқи отырыңыз: Еңбек министрі: 42 500 теңге төлемді заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылмайды
20.45 – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі соңғы қоңырау түлектер кешімен бірге өткізілуі мүмкін екенін айтты. Карантиндік шаралар алынар болса, мектеп бітіру кеші әдеттегідей маусымда болады.
20.00 – Бес адам коронавирустан емделіп шықты:
- Алматы – 1;
- Ақмола облысы – 2;
- Түркістан облысы – 1;
- Маңғыстау облысы – 1.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 725.
19.35 – Нұр-Сұлтанда блок бекеттерге тоқтамай, карантин аймағын кесіп өту әрекеті үшін 143 адам қамауға алынып, 44 адамға айыппұл салынған. 24 материал сот қаруына жіберілген.
19.30 – Жамбыл облысында Covid-19 анықталған науқас туралы:
1987 жылы тараздық бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған. Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың өршуіне байланысты алты жақын адам анықталды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.⠀
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 106 адам тіркелді, 43 адам емделіп шықты.
Оқи отырыңыз: "Көмек, қолдау сұрауға арланбаңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес. ІІ бөлім
19.20 – Алматы облысында Covid-19 жұқтырған үш адам туралы:
Еңбекшіқазақ ауданының 1992, 1999 жəне 1972 жылы тұрғындары бұған дейін жұқтырғандармен тығыз байланыста болған. Олар Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған екі адам үй карантинінде, вирусологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 100-ге жетті.
19.18 – 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам азамат ұсталды. Олардың ішінде 12 мыңнан астамы әкімшілік жауапқа тартылса, 4 мыңнан астам іс сотта қаралуда.
19.15 – Шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың сөзінше, олардың көбі отанына оралғысы келеді. Қайта оралғысы келетіндердің бәрі елге әкелінеді. АҚШ-тан – 179 студент пен мектеп оқушысын, Польшадан – 65, Израильден – 28, Ресейден 6 мыңнан астам азаматты әкелу жоспарланып отыр.
19.10 – Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында ұшу үшін жолаушыда Covid-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталып жатыр. Жолаушы жеке қорғаныс құралдарын, яғни маска, қолғап қолдануы керек. Қызуын өлшетіп, тиісті дистанцияны сақтауы қажет.
Оқи отырыңыз: Карантин талабы жеңілдеді. Енді аулаға шығуға, саяжайға баруға рұқсат
19.05 – Сәуір айында анықталған ауру жағдайларының 67% – симптомсыз. Бұл профилактикалық диагностика арқасында анықталды. Медицина қызметкері арасында 20 мың тест жүргізілді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
18.55 – 28 сәуірде Balapan арнасындағы бейнесабақтар кестесі.
18.40 – 42 500 теңге әлеуметтік төлем алушылар туралы:
- 8,2 млн адамнан өтініш келіп түсті;
- 4,2 млн адамға төлем тағайындалса, 3,6 млн адамға бас тартылды.
Ең көп өтініш келіп түскен аймақтар:
- Алматы облысы – 1,4 млн;
- Түркістан облысы – 999,5 мың;
- Алматы – 896,6 мың;
- Нұр-Сұлтан – 594,5 мың;
- Шымкент – 534,5 мың.
Ең көп төлем жасалған аймақтар:
- Алматы облысының тұрғындарына – 620,5 мың;
- Түркістан облысының тұрғындарына – 508,5 мың;
- Алматы қаласының тұрғындарына – 412,1 мың.
18.35 – Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 28 наурыздан 4 мамыр кезеңінде Алматы мен Нұр-Сұлтанда жұмысы қалпына келтірілетін банктер мен ломбардтардың жұмыс тәртібін бекітті. Банк, микроқаржы ұйымы, сақтандыру компаниясы, төлем және брокерлік компаниясы үшін жұмыс кестесі 9.00-17.00 аралығында. Жұмыс орнындағы қызметкерлер саны штаттық құрамның жартысынан аспауы тиіс. Ломбардтар жұмыс кестесі – 9.00-16.00 аралығында. Ломбар ішінде үш адамнан артық жұмыс істеуге болмайды.
Оқи отырыңыз: Дағдарыс жағдайындағы жылжымайтын мүлік нарығы. Баспана қымбаттай ма?
18.30 – Beeline Kazakhstan, Kcell, Altel және Tele2 мобильді байланыс операторлары Алматыдағы кейбір кеңселері жұмысын бастайтынын айтты. Жұмыс кестесі – 10.00-ден 18.00-ге дейін.
18.07 – Коронавирус жұқтырған тағы 44 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 8;
- Алматы – 28;
- Жамбыл облысы – 1;
- Түркістан облысы – 4;
- Алматы облысы – 3.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 2 835 адам анықталды.
17.50 – Нұр-Сұлтанда саяжай иелеріне карантиндік аймақ шегінде орналасқан бау-бақшаға баруға рұқсат берілді. Тұқым мен көшет отырғызуға рұқсат. Қонақ шақыруға, табиғатта немесе саяжай аумағында пикниктер ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.
17.45 – Нұр-Сұлтан тұрғындарына 27 сәуірден бастап қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып аулаға және балалар алаңдарына шығуға рұқсат берілді.
Инфекцияны жұқтыру қаупі жойылмағандықтан ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Қоғамдық көліктің жұмысы карантин соңына дейін тоқтатылды.
Балабақшалар, үйірмелер мен секциялар жұмыс жасамайды. Ал жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді.
Оқи отырыңыз: ЖОО студенттері биыл қалай емтихан тапсырып, диплом жұмысын қорғайды?
17.40 – 24 адам коронавирустан емделіп, жазылды:
- Қызылорда облысы – 4;
- Қарағанды облысы – 6;
- Түркістан облысы – 2;
- Атырау облысы – 12.
Қазақстанда жазылғандар саны – 720.
17.38 – Облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдеріне 27 сәуірден бастап өңірлік штабтар әзірлеген ережелерге сәйкес аула алаңдары мен саяжай алқаптарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.
17.35 – 1 мамырдан бастап Air Astana, SCAT және Qazaq Air әуе компаниялары Алматы мен Нұрсұлтан арасында тұрақты рейстерді орындай бастайды. Билеттер ашық сатылымда. Жолаушыларға коронавирус анықтайтын тест тапсырудың қажеті жоқ.
Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейсті құрайды. Рейстер күшейтілген санитарлық талаптарды сақтап, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз: 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Тоқаев мәлімдемесінің толық мәтіні
17.30 – Мемлекеттік комиссияның шешімімен барлық өңір 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;
- банктер мен қаржы секторының ұйымдары.
Бұдан өзге, ІІ кезеңде Нұр-Сұлтанда жұмысы қайта жанданады:
- қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;
- электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.
Алматыда жұмысын қайта бастайды:
- көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары;
- қаржы және сақтандыру секторлары;
- сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).
16.30 – Қазақстанда коронавирус жұқтыру динамикасы туралы:
26 сәуірде вирус 116 адамнан анықталды. Өсім – 4,5%. Өткен аптада республикада 8% дейін өсті. Кейбір өңірлерде өсім 50%дейін жоғарылаған. 682 адам жазылып шыққан.
16.25 – Түркістан облысының Жетісай, Ордабасы, Кентау, Отырар, Сарыағаш, Сайрам, Қарабұлақ, Түлкібас аудандық орталық ауруханалары мен Түркістан қалалық орталық және балалар ауруханасына 26 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді. Облыстық бюджет есебінен сатып алынған аппараттарға 2019 жылдың желтоқсанында тапсырыс берілген. Әрқайсысының құны – 16 млн теңге.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезіндегі төлемдер. Декреттегі аналардың жағдайы қалай өзгереді?
16.18 – 14 адам коронавирустан емделіп шықты:
- Шымкент – 6;
- Павлодар облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 7.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 696.
16.10 – Қазақстанда Covid-19 жұқтырған қызметкерлер саны 820 жетті. Негізінен бұл орта және кіші қызметкерлер. Комиссия олардың арасынан жұмыста кімнің вирус жұқтырғанын және кімге 2 млн теңге төленетінін анықтап жатыр.
15.35 – Алматы орталығында төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген жасырын казино анықталды. Арнайы операция 24-25 сәуір аралығында өткізілді. Казиноның 30 астам қызметкері мен клиенті ұсталды.
15.25 – Батыс Қазақстан облысында Covid-19 жұқтырған алты адам туралы:
Төртеуі – медицина қызметкері. Өздеріне дейін вирусты жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң.
23 және 24 жастағы екі азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасаістейтін йтын Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғыны. Шекара бекетінен карантиндік стационарға жіберіліп, сынама алынған. Нәтижесі – оң.
15.20 – Алматыда қалалық коммуналдық қызметтерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырып, 29 млн метр2 көшелер мен тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын жуып жатыр. Қаладағы қоқыс жәшіктеріне, саябақтар мен скверлердегі балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына және басқа да тұрғындар көп шоғырланған орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
15.15 – Кәсіпкерлер ұлттық экономика министрлігі ұсынған жүйе құраушы кәсіпорындар тізімін сынға алды. Тізім әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Бизнесмендер қолдау қажет ететін компаниялардың әділ таңдалғанына күмән келтіреді. Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған тізімнің рас-өтірігіне қатысты әзірге түсініктеме бермеді.
Оқи отырыңыз: Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі
15.05 – Түркістан облысында Covid-19 жұқтырған екі адам туралы:
Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылының 1936 жылғы тұрғыны мен Ордабасы ауданы Бадам станциясының 1994 жылғы тұрғынынан коронавирус расталды. Олармен жақын байланыста болғандар анықталып жатыр. Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.
13.50 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай бойынша мәлімдемесіндегі негізгі тармақтар.
13.30 – Коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді:
- Шымкент – 4;
- Түркістан облысы – 2;
- Қызылорда облысы – 3;
- Атырау облысы – 2.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 2791 адам анықталды.
Оқи отырыңыз: #Biz birgemiz! Төтенше жағдай кезінде кімге және қандай көмек беріледі?
13.15 – Карантинге байланысты елордалықтар 28 сәуір Ата-аналар күнінде зиратқа бара алмайды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін православ храмдары мен зираттары уақытша жабық, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
13.05 – Қарағанды облысында Covid-19 жұқтырған 8 адам туралы:
Теміртау тұрғындары – 1995 және 1996 жылғы ер адамдар, 1967, 1985, 1990 және 1998 жылғы әйелдер, 2017 және 2020 жылғы қыз балалар. ПТР-талдау коронавирусты растады. Жұқтырғандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 128 адам анықталды. Бір адам қайтыс болып, 37 адам сауығып кетті.
13.00 – Жамбыл облысында Covid-19 жұқтырған адам туралы:
1972 жылы туған Тараз тұрғыны бір күн бұрын дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамақ ауруына қатысты шағымдарымен көмекке жүгінген. Зертханалық зерттеу нәтижелері коронавирусты растады.
Байланыста болған үш тұлға анықталды. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шараларі жүргізілді.
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 105 адам анықталды. 43 адам емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы. Маңызды 10 сұраққа жауап
12.55 – Қызылорда облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған науқас анықталмаған. Облыста 179 науқас тіркелсе, 99 азамат сауығып шыққан.
Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған – 2658 азамат анықталған: 1361 адам – жақын қарым-қатынаста, 1297 адам жанама байланыста болған. Жұқпалы аурулар ауруханасында 80 науқас емделіп жатыр. Провизорлық стационарда – 53 науқас, карантиндік бақылауға 490 азамат жатқызылған.
12.40 – Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірлейді. Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады.
12.35 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігі вирусты тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс екенін айтты. Халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет.
Осыған орай, Үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын.
12.30 – Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде көмек береді. Бұрын өтінім бергендер қайта жіберудің қажеті жоқ. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді.
Оқи отырыңыз: Covid-19: төтенше жағдай кезінде интернет тұтынушы үшін қауіп қандай?
12.25 – 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстер ашылады.
12.15 – Коронавирус жұқтырған тағы 63 адам тіркелді:
- Павлодар облысы – 10;
- Батыс Қазақстан облысы – 6;
- Жамбыл облысы – 1;
- Нұр-Сұлтан қаласы – 31;
- Қарағанды облысы – 8;
- Шымкент қаласы – 4;
- Атырау облысы – 2;
- Алматы – 1.
Қазақстан бойынша барлығы – 2 780.
12.05 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай кезеңінде азаматтарға қолдау көрсетуге арналған шараларының екі топтамасы бойынша:
- 4 млн 250 мың азаматқа қаржылай көмек берілді;
- 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды;
- 1,1 млн астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр;
- сәуір-мамырда 1,6 млн астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек беріледі;
- әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы жергілікті билік органдарының бақылауында;
- 1,6 млн астам адам, 11 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды;
- 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды;
- шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінді;
- көктемгі егіс науқанына және өнімді алдын ала сатып алуға 200 млрд теңге бөлінді;
- азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 трл теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.
Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім
12.02 – Мемлекет басшысының шешімімен төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 11 мамырына дейін созылды.
Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады.
11.55 – Алматыда карантин режимі кезінде жұмыс істеген тұрған караоке-бар мен түнгі клуб анықталды. Түнгі клуб туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлаған. Ол жерден полиция бөліміне 30 адам жеткізілген, алтауы – қызмет көрсету персоналы.
12 адам болған караоке клубты полиция қызметкерлері анықтаған. Караокеден бөлек мұнда эротикалық массажға дейін көптеген қызмет ұсынылған. Ұсталғандарға қатысты ӘҚбК-нің 476-бабы 6-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, сот шешімімен 9 адам әкімшілік қамауға алынса, қалғандарына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
11.30 – Алматыдағы 18 күнде Covid-19 емделушілеріне арналып салынған госпиталь науқастарды қабылдай бастады. Бұл – И. С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы. Қазір мұнда 43 науқас бар. Барлығы 280 төсек орын.
Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де, өзгелерге де қамқор болыңыз". Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес
10.55 – Алматыда коммуналды қызметтерді өтеуге берілетін 15 мың теңгені алуға қатысты қосымша контакт-центр +7 (727) 377-74-44 жұмысын бастады. 22 сәуірде алғашқы сall-центр +7 (727) 341-05-2722 іске қосылған болатын.
10.25 – Алматыда коронавирус 847 адамнан анықталған. Оның ішінде:
- 96 адам стационарда емделіп, 14 күндік үй карантиніне шықты;
- 498 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық;
- 2 ересек науқастың жай-күйі өте ауыр жағдайда;
- 29 ересек науқастың жай-күйі ауыр жағдайда;
- 214 ересек адамның дәрежесі орташа.
09.00 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасайды.
Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 27, 2020
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.