Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 19 сәуір хронологиясы. 2 адам көз жұмып, 81 науқас қосылды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Іnformburo.kz отыз сегізінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 37 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.10 Коронавирус жұқтырғандар саны – 1 711

  • Алматы – 524;
  • Нұр-Сұлтан – 372;
  • Қызылорда облысы – 148;
  • Қарағанды облысы – 93;
  • Ақмола облысы – 82;
  • Атырау облысы – 80;
  • Жамбыл облысы – 61;
  • Шымкент – 67;
  • Батыс Қазақстан облысы – 62;
  • Түркістан облысы – 60;
  • Алматы облысы – 44;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
  • Ақтөбе облысы – 27;
  • Павлодар облысы – 26;
  • Қостанай облысы – 15;
  • Маңғыстау облысы – 12;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 7.

Жазылғандардың жалпы саны – 401.

Көз жұмғандар – 19.

23.55 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде індеттің әлі шарықтау шегіне жетпегендігін айтып, қазақстандықтардан карантинді сақтауды сұрады. Президент дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс білдіріп, олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажеттігін алға тартты.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Президенттің дағдарысқа қарсы 8 тапсырмасы

23.45 – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:

Науқас 1994 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында тұрады. 15 сәуірде Ресейдің Түмен қаласынан туған жеріне келген. Бастапқы тексеру кезінде Covid-19 анықталмаған.

"18 сәуірде науқастың дене қызуы 37,9 градусқа дейін жоғарылап, бас ауруына шағымданды. Содан кейін провизорлық стационарға ауыстырылды. КВИ оң нәтиже алғаннан кейін науқас "Бірінші қалалық аурухана" жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Инфекциялық бөлімшеге түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуының жоғарылауы байқалмады. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде", – деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жалпы саны – 30 адам індетке шалдыққан.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі

23:10 – Алматыда 2 адам індеттен көз жұмды. Олар 1958 және 1931 жылы дүниеге келген. Осылайша Қазақстанда барлығы 19 адам қауіпті дерттің құрбаны болды.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тіркелді:

  • Алматы – 6 адам;
  • Шымкент – 5 адам;
  • Батыс Қазақстан облысы – 16 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам;
  • Қызылорда облысы – 1 адам;
  • Алматы облысы – 3 адам;
  • Түркістан облысы – 3 адам.


Шымкентте КВИ жұқтырған 5 адам да Covid-19 вирусымен сырқаттанған адаммен қарым-қатынаста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынды. Нәтижесі оң болған науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 82 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны. Ол да бұрын КВИ жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Науқастан екінші мәрте алынған сынама ағзада қауіпті індет барын көрсеткен. Қазір қария жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Оқи отырыңыз: Иммунитеті мықтыға коронавирус қауіп емес. Оны қалай нығайтамыз?

22.00 – Нұр-Сұлтанда құтқарушылар "Біз біргеміз" акциясы аясында өрт сөндіру көліктерімен көшелерге дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Әрбір автоцистернаға 8 тонна дезинфекциялық сұйықтық құйылды.


Нұр-Сұлтандағы көшелерді дезинфекциялау

Нұр-Сұлтандағы көшелерді дезинфекциялау / Александр Куприенконың суреті


21.20 – Шымкентте 1 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Қазақстанда барлығы 401 адам аурудан айықты.

21.00 – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамасын жариялады. Бұл хаттаманың алтыншы нұсқасы. Құжатпен мына жерден танысуға болады.

Оқи отырыңыз: Коронавирус залалы: миллиондаған адам кедейленеді, жұмыссыздық 3-4 есе артады.

20.55 – Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада Covid-19 жұқтырғандармен байланысқандар түгел анықталды. Мекеменің басшысы міндетін атқарушы Марат Абдуллаев өткен тәулікте ауруханадағы 316 адамнан екінші мәрте талдау алынғанын мәлімдеді.

"Бүгін тағы 249 адам қайта тестілеуден өтеді. Нәтижесі теріс шыққан дәрігерлер мен медицина қызметкерлері арнайы дайындалған қонақ үй кешендеріне инкубациялық кезең аяқталғанға дейін карантинге жатқызылады", – деді Марат Абдуллаев.

Сондай-ақ, ол осыған дейін дәрігерлер тарапынан айтылған ұсыныстар ескерілгенін хабарлады. Ең алдымен антисептикалық және дезинфекциялық құралдар саны артып, тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тауыпты.

Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?

20.40 – 20 сәуірден бастап Nur Otan және Jas Otan Нұр-Сұлтанда #Bizbirgemiz акциясы аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетудің екінші кезеңін бастайды.

Еріктілер бірінші кезектегі қажетті тауарларды, оның ішінде медициналық маскалар мен антисептерді мұқтаж, жалғызбасты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға жеткізіп береді.

Азық-түлік себеттерімен бұған дейін көмек алмаған 6 000 отбасы қамтамасыз етіледі. Бұрын мұндай себеттер бүкіл ел бойынша 56 000 мұқтаж отбасыға жеткізілген еді.

20.05 – Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 1 науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Елде барлығы 25 адам реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.

Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі

19.05 – Атырау облысындағы медицина мекемелеріне 1 млрдтан астам теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді. "СК Фармация" ЖШС Атыраудың медицина мекемелеріне бұған дейін 345 млн теңгеге жіберілген дәрі-дәрмектерге тағы да қосымша 876 млн теңгеге түрлі дәрілік препараттар жіберді.

"Дәрі-дәрмектер стационарларға, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған адамдарды рецепт бойынша дәрімен қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелерге жеткізілді. Емделушілер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тегін кепілдендірілген медициналық көлемі аясында берілді", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

18.17 – Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер карантин кезінде қазақ тілін үйреніп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

"Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын", – деді Уильям Мозер.

Оқи отырыңыз: Америкалықтар асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық әке-шешесін іздейді

18.00 – Павлодар облысында Covid-19 вирусын жұқтырғандардың екеуі кәмелет жасына толмаған бала. Бірінің жасы алтыда, екіншісі 10 жасар ұл. Қалған екеуі 1971 және 1996 жылы туған әйелдер. Барлығы Екібастұз қаласының тұрғындары.

17.25 Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 1 адам;
  • Алматы – 5 адам;
  • Қарағанды облысы – 3 адам;
  • Атырау облысы – 1 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 адам;
  • Павлодар облысы – 4 адам.

Елімізде індет жұқтырғандардың саны – 1676.

16.20 – 20 сәуірде "BALAPAN" арнасынан көрсетілетін телесабақтардың кестесі жарияланды.



15.58 – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 400-ге жетті. Осы сағатта 11 адам сырқаттан сауықты:

  • Нұр-Сұлтан – 5 адам;
  • Ақтөбе облысы – 2 адам;
  • Түркістан облысы – 4 адам.

Оқи отырыңыз: Е-Polisia KZ қосымшасы Алматы ішінде кімге жүруге рұқсат екенін анықтауға көмектеседі. Нұсқаулық

15.43 – Атырауда өткен тәулікте карантин режимін бұзған 24 такси жүргізушісі ұсталды. Олар жолаушыларды түнде тасымалдаған.

"Полицейлер мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан үш жүргізушіні ұстады. Олар күндіз азық-түлік жеткізумен айналысса, түнде жолаушы тасымалдаған болып шықты. Бұл жүргізушілер түнде ұсталды. Олар тек 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын тамақ жеткізу тәртібін бұзды", – деп хабарлады жергілікті полиция.


Polisia.kz сайтының суреті


14.37 – 19 сәуірде Алматыда Cоvid-19 жұқтырған 8 адам анықталды. Олардың алтауы Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, біреуі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері және бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болып, провизорлық стационарда карантинде емделіп жатқан адам.

"Жалпы инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, коронавирустық инфекциядан 427 адам емделуде. Үш науқастың жағдайы – өте ауыр, алтауы – ауыр халде. 121 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда", – деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Қалада провизорлық госпитальдарда 278 адам, карантиндік оқшаулауда – 431, үй карантинінде 9687 адам бар. Індеттен жалпы саны 80 алматылық жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Биыл тарауық намазы мешітте оқылмайды. Төтенше жағдай кезінде ораза ұстаудың ерекшелігі қандай?

14.15 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Қазақстанда 389 адам індеттен емделіп шықты.⠀

12.20 – Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 науқас жазылып шықты. Сондай-ақ Қызылорда облысында да 3 науқас сауығып, үйлеріне жіберілді. Қазақстанда жалпы саны 382 адам індеттен айықты.



13.00 – 19 сәуірде Шымкентте Covid-19 жұқтырудың 4 жаңа жағдайы тіркелді. Олардың барлығы бұрын жұқтырған адамдармен байланыста болған.

"Қазір науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда", – деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

12.15 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Олардың екеуі Нұр-Сұлтан, біреуі Алматы, төртеуі Шымкент қаласынан анықталды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1661 адам тіркелді.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады

12.08 – Індет жұқтырғандар туралы белгілі болды:

Жамбыл облысында анықталған науқастың бірі Павлодар тұрғыны болып шықты. Ол Қырғызстаннан Алматыға бара жатқан. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде "Қарасу" бекетінде алынған талдау Covid-19 инфекциясына оң нәтиже көрсетті.

Екінші оқиға Тараз қаласында анықталды. Қала тұрғыны ЖРВИ диагнозымен провизорлық стационарға жатқызылып, зерттеу нәтижесі инфекцияның бар екенін анықтады.

Павлодар облысында анықталған барлық науқастар өздеріне дейін індет жұқтырған адамдармен байланыста болған. Олардың екеуі Павлодар қаласының тұрғыны, қалған екеуі Екібастұз қаласының тұрғындары. Бұл азаматтармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр.

Ақмола облысында коронавирус инфекциясын 20 жастағы қыз жұқтырған. Ол Целиноград ауданында бұған дейін вирус табылған үй ошағында анықталған. Қазір азаматша жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылып, қатынасқан адамдары анықталды.

Қызылорда облысында сырқаттанғандардың үшеуі өздеріне дейін КВИ жұқтырған адамдармен байланыста болған. Ал төртінші адамнан пневмония симптомдарына байланысты зертханалық сынамалар алынған. Ауру жұқтырғандардың екеуі 27 және 68 жастағы әйел адамдар, қалған екеуі 19 және 65 жастағы ер адамдар.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?

11.50 – Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимін бұзған 619 дерек анықталды.

Оның ішінде 138 адам қамауға алынды, 182 – айыппұл салынды, 236 – адам ескертумен құтылды. 9 – тұрғынға қатысты іс тоқтатылып, 25 – материал сотқа жолданды.

11.23 – 19 сәуірде қытайлық дәрігерлер делегациясы арнайы рейспен Алматыға келеді. Шетелдік мамандар алматылық әріптестеріне бірқатар тренингтер өткізіп, тәжірибелерімен бөліседі. Кездесулер С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және қалалық көпбейінді ауруханада өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін қытайлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда болған еді. Мамандар аталмыш қалаларда онлайн сессия өткізіп, стационарларды дезинфекциялау, аурухана ішінде инфекцияның таралуына жол бермеу, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалану, коронавирус жұқтырған науқастарды физикалық және психологиялық тұрғыдан қарау сынды тақырыптарда тренинг өткізді. Тренинг барысында жеке қорғану құралдарын дұрыс киіп, шешу туралы бейнероликтер көрсетілді. Әрі коронавирустық инфекцияны ерте анықтау, оқшаулау және дер кезінде емдеу туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі

10.55 – Нұр-Сұлтанда "Северное сияние" тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісі карантинге жабылды. Аумақта дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кіреберіс қоршалып, полиция қызметкерлері кезекшілікте тұр.


Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметінің суреті


Карантиндегі тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ғана шығуға болады. Қалған жағдайда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алу керек.

10.27 – Нұр-Сұлтанда полицейлер дәрігерлердің көліктеріне қызыл крест түріндегі арнайы белгі жапсырды. Таңбалар медицина қызметкерлерін бірден тану үшін жасалды.



10.00 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 адам тіркелді:

  • Алматы – 6;
  • Қызылорда облысы – 4;
  • Павлодар облысы – 4;
  • Нұр-Сұлтан – 3;
  • Атырау облысы – 3;
  • Жамбыл облысы – 2;
  • Қарағанды облысы – 1;
  • Ақмола облысы – 1.


09.15 Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түнгі сағат 00.15-те Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Береке ауылында болған жергілікті тұрғындардың наразылығы бойынша түсініктеме берді.

Жиналғандар ауылдық медициналық мекеменің (амбулатория) коронавирус инфекциясымен ауырған азаматтармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін қолданылатын обсервациялық стационар ретінде пайдаланылуына өз наразылығын білдірген.

Тұрғындар арасынан бұзақылар шығып, ғимаратқа материалдық шығын келтіруіне байланысты мас күйіндегі азаматтар Қарасай аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша Қарасай АПБ-да ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни бөгденің мүлкіне қасақана зиян келтіру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары