Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 18 сәуір хронологиясы. 31 адам жазылып, 84 науқас қосылды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Іnformburo.kz отыз жетінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 36 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 1 630

  • Алматы – 506;
  • Нұр-Сұлтан – 366;
  • Қызылорда облысы – 143;
  • Қарағанды облысы – 89;
  • Ақмола облысы – 81;
  • Атырау облысы – 76;
  • Жамбыл облысы – 58;
  • Шымкент – 58;
  • Түркістан облысы – 57;
  • Батыс Қазақстан облысы – 46;
  • Алматы облысы – 41;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29;
  • Ақтөбе облысы – 27;
  • Павлодар облысы – 18;
  • Қостанай облысы – 15;
  • Маңғыстау облысы – 12;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 7.

Жазылғандардың жалпы саны – 378.

Көз жұмғандар – 17.

23.59 – 18 сәуірде коронавирустан 31 адам жазылып шықса, 84 адамнан Covid-19 анықталды.



23.50 – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 7 адам туралы:

7 азамат та облыстың Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін тұрғындары. Олардың ішіндегі ең жасы 20-да болса, ең үлкені 47 жаста.

"Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар қашықтық термометрия арқылы тексеру және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулығына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, жедел жәрдем шақырылып, азаматтар карантиндік стационарға орналастырылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 7 адамда да Covid-19 нақтыланып, барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық.

БҚО-да коронавирус жұқтырған жалпы 46 адам тіркелді.

Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі

23.30 – Қостанай облысында Covid-19 жұқтырған 6 адам туралы:

Олардың үшеуі 1943, 1949 және 1950 жылғы зейнеткерлер. Сонымен қатар, 2017 жылы туған бала мен 1987 жылғы ер адамның да вирус жұқтырғаны белгілі болды. Олар коронавирусты жұқтырған адамдардың көршілері және жақын байланыста болғандар. Барлық науқастар Жітіқара аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Арқалық қаласының 48 жастағы тұрғынынан Covid-19 анықталып, ауруханаға жатқызылды.

Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі анықталып жатыр, олар медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған барлығы 15 адам тіркелді.

22.35 – Коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Алматы – 1;
  • Қостанай облысы – 6;
  • Батыс Қазақстан облысы – 7.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 1 630 адам анықталды.



22.00 – Алматыда 17 сәуірде коронавирус жұқтырған әйел босанды. Нәрестенің салмағы – 3 келі. Қалада осыған дейін 15 сәуірде Covid-19 анықталған 28 жастағы әйел дені сау сәбиді өмірге әкелген болатын.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?

21.35 – 19 сәуірден бастап Түркістан облысында карантин енгізіледі:

  • көршілес аймақтармен шекарада санитариялық блок бекеттердің жұмысы күшейтіледі. Қалааралық, ауданаралық және ауыларалық қолжетімділік шектеледі, ал қоғамдық және жеке көлік қызметтері тоқтатылады;
  • қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жабылатын болады;
  • азық-түлік және киім нарықтарының жұмысы, сондай-ақ үй тауарларын өткізу жұмыстары тоқтатылады;
  • балалардың ойын алаңдарында, көп қабатты үйлердің аулаларында ойнауға тыйым салынады;
  • отбасы мерекелерін, туған күндерін және үйлену тойларын тұрғылықты жері бойынша өткізу шектеледі;
  • көшелерде және қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады. 65 жастан асқан азаматтар үйден шықпай оқшаулануы тиіс;
  • тұрғындарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін олардың үйлерінің жанында орналасқан дүкендер мен дәріханаларда ғана жүруге рұқсат етіледі. Азық-түлік дүкендерінің жұмысы 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі;
  • өңірге қажетті тамақ өнімдері мен материалдарды, өнеркәсіп тауарларын, құрылыс, медицина және көктемгі егіс жұмыстарына арналған материалдарды тасымалдайтын рұқсат құжаттары бар көлік құралдары ғана кіріп-шыға алады; Сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж азаматтар кіруге, шығуға мүмкіндік бар;
  • құрылыс индустриясы, көктемгі егіс, жұмыспен қамтудың жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері карантиндік режимге қарамастан штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады

21.25 – Ақтөбеде карантин режимінің шектеу шаралары күшейтілді.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек сатып алу үшін 3 күнде бір рет қана шығуға рұқсат етіледі. Барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысы тоқтатылды. Саяжай учаскелеріне баруға болмайды. Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясына қатысты жағдай дәрігерлердің бақылауына алынған.

20.45 – Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері болып тағайындалды.

20.25 – Covid-19 жұқтырған 2 науқас қарқынды терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды:

  • Алматы ‒ 1 адам;
  • Нұр-Сұлтан ‒ 1 адам.
Қазақстанда барлығы 24 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.

20.05 – Ақтөбе облысында 1 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Қазақстанда барлығы 378 адам ауруынан айықты.

19.35 – Нұр-Сұлтанда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Елорданың шығармашылық қауымдастығы медициналық қызметкерлерге арнап мурал салып жатыр.


Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі


18.30 – Алматыда төтенше жағдай режимі кезінде азық-түлік жиынтығымен 10 243 мұқтаж отбасы қамтамасыз етілген. Ал 2 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмекпен 68,2 мың адам қамтылса, 44,2 мың адамға 246,2 млн теңге көмек көрсетілген. Ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген ІІІ топтағы 17,2 мың мүгедек жан 95,8 млн теңге көмек алған.

Төтенше жағдайға орай табысынан айырылған азаматтарға тиесілі 42 500 теңге әлеуметтік төлем 333 215 тұрғынға 14,2 млрд теңге сомасында тағайындалып, аударылды.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алғандар жауапқа тартыла ма? Министр түсіндірмесі


18.25 – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы жұмыс орнында маска мен медициналық қолғап кимеген 49 жастағы азық-түлік дүкенінің сатушысына ӘҚБК 476-баппен 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

18.20 – Алматы облысында Covid-19 жұқтырған екі адам туралы:

Еңбекшіқазақ ауданының 1991, 1998 жылы туған тұрғындарынан алынған сынама оң нәтиже көрсетті. Науқастар Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының инфекциялық стационарына жатқызылды. Олармен бірге бір үйде 4 адам болғаны анықталды. Аталған азаматтар 15 сəуірден бері үй карантинінде болған.

18.15 – Павлодар облысында Covid-19 анықталған адам туралы:17 сәуірде 1974 жылғы павлодарлық 17 сəуірде жедел жəрдем бригадасымен провизорлық ауруханаға жеткізілген. Ер адамның дене температурасы 38 градусты көрсетті, талдау нәтижелері вирусты жұқтырғанын нақтылады.

Бұл азамат жер үйде тұрып жүрген. Қатынас жасаған адамдар анықталып жатыр, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Павлодар облысында короновирус жұқтырған барлығы 18 адам тіркелген.

18.10 – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тез құрастырылатын модульдік блоктардан тұратын госпиталь құрылысының барысымен танысты. 280 орынға арналған госпиталь байланыста болғандар мен Сovid-19 инфекциясына күдігі бар адамдарға арналған.


Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі


Нысан 90% дайын. Қазіргі уақытта персонал іріктеліп, жабдықтар жинақталуда. Бақытжан Сағынтаев дәрігерлер жұмысы мен науқастарды емдеу үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге төлем алуға өтініш беру жалғасуда. Қандай қателіктерден абай болу керек?

18.00 – Тағы 11 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 10;
  • Ақтөбе облысы – 1.
Қазақстанда барлығы 377 адам ауруынан айықты.


17.35 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты.

"Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімі:

    • Жүсіп Баласағұн. Құтты білік;
    • Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom;
    • Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance;
    • Тұрсын Жұртбай. Құнанбай;
    • Ерлан Сыдыков. Кунанбай;
    • Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир;
    • Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future;
    • Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее;
    • Parag Khanna. The Future is Asian;
    • "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Turkistan" және т.б. газеттер, "Жұлдыз" журналы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Оқи отырыңыз: "Денсаулық сақтау, білім беру салаларын түбегейлі реформалау қажет". Президент мәлімдемесіндегі 10 маңызды мәселе

17.30 – Коронавирус жұқтырған тағы 22 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 15;
  • Алматы – 1;
  • Шымкент –1;
  • Алматы облысы – 2;
  • Павлодар облысы – 1;
  • Ақтөбе облысы – 2.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 615 адам анықталды.

17.15 – 20 сәуірден бастап Көкшетауда ПТР-зертханасы жұмыс істейді,онда Ақмола облысының әрбір тұрғыны коронавирусты анықтайтын тест тапсыра алады. Ол көп салалы балалар ауруханасында орналасқан. Зертханада әзірге 1 000 тест бар, дүйсенбі күні тағы 6 500-ге жетеді. Нәтижені бір күн күту керек. Күніне 200 жуық тест өткізу жоспарланып отыр.



16.55 – "Халық" жеке қайырымдылық қоры Алматы әкімдігімен бірлесіп алматылықтарды Cоvid-19-ға тегін тестілеуден өткізеді. Жобада мобильді тестілеу орталықтары іске қосылған, олардың базасында коронавирусты ерте анықтаудың бірден-бір сенімді әдісі болып табылатын әрі қарай ПТР-диагностика үшін биоматериал жинау жүргізілетін болады.⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀

ПТР-диагностиканы қалалық денсаулық сақтау департаментінің өтінімі бойынша жүргізетін болады.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Тегін диагностикадан өтетіндер:

  • коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  • карантин жағдайында қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері, соның ішінде банк, сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінің, медициналық және дәріханалық мекемелердің, коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындарының, қалада дезинфекция жүргізетін компаниялардың қызметкерлері;

Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?

16.30 – "Алтын белгі" беру ережелері өзгеріссіз қалды.

2017 жылдан бастап ҰБТ-да "Алтын белгіні" растау талап етілмейді, 5-11-сыныптар аралығында барлық пәндер бойынша қорытынды жылдық бағасы "5" болса және бітіру аттестаттау емтихандарын үздік тапсырса жеткілікті.

Қазіргі жағдайға байланысты 9, 11-сынып оқушылары бітіру емтихандарын тапсырмайды, сондықтан "Алтын белгі" жылдық қорытынды бағаларының негізінде беріледі.

Биыл "Алтын белгіден" 7 444 түлек үміткер.



16.20 – Алматыда инфекциялық стационарларда 422 науқас ем-дом қабылдауда:

  • екі науқастың жағдайы өте ауыр;
  • бес науқастыкі – ауыр;
  • 106 науқастыкі – орташа ауыр;
  • қалғандарының денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда 298 адам, соның ішінде 18-і бала, карантиндік оқшаулауда – 418, үй карантинінде – 7 992 адам бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай кәсіпорындар жұмысын жалғастырады?

16.10 – Алматыда коронавирус жұқтырған жалпы 504 адам анықталды.

Қауіпті індетті жұқтырған 43 жаңа адам бар:

  • 26 науқас пневмония және ЖРВИ белгілерімен сырқаттанған жандармен байланыста болған;
  • карантинде болған 13 адам;
  • медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 медицина қызметкері.

17 сәуірде Алматыда Cоvid-19-дан 13 науқас жазылып шықты. Олардың ішінде 2007 жылы туған бір бала бар. 10 адам шетелден келген. Біреуі балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері, біреуі жергілікті вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған. Қала бойынша емделіп шыққандардың саны шығарылғандар саны жалпы 80 адамға жетті.

15.30 – Алматыда бес адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.

Елімізде барлығы 366 адам ауруынан айықты.



14.15 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында полиция бөлімінің қызметкерлері карантинде болудан бас тартқан Сергеевка қаласының 1962 жылы туған тұрғынын ұстады. Коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған ер адам орталық аудандық ауруханадан өз еркімен кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері оны емдеу мекемесіне қайтарды. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды.

Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?

13.50 – Қазақстанда тағы 7 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Атырау облысы – 5;
  • Қызылорда облысы – 2.

Барлығы 361 адам ауруынан айықты.

13.45 – Алматы облысындағы тосқауыл-бекетте полиция қызметкеріне 5 000 теңге пара бермек болып Алматы қаласына өтпек болған 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

13.40 – Шығыс Қазақстан облысының тергеу изоляторының қызметкерлері бір күндік жалақыларын тапсырып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік апарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

13.30 – Алматыда Magnum Cash & Carry ЖШС-дағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 12 түрі тұрақты бағамен сатылып жатыр.



13.00 – Алматы облысының Сарыөзек ауылы карантинге жабылды.

Сарыөзек ауылында коронавирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті.


Фото: Jetisy media


12.40 – 7 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 5;
  • Қызылорда облысы – 2.

Қазақстанда барлығы 354 адам ауруынан айықты.



12.35 – Жамбыл облысында Covid-19 анықталған 5 адам туралы:

  • Қордай ауданы – 2;
  • Тараз қаласы – 2;
  • Жамбыл ауданы – 1.

17 сәуірде Қордай ауданында анықталған адам – Қырғызстан Республикасының азаматы, көлік жүргізушісі, Алматы қаласына жүк тасуға барған. Мемлекеттік шекарадан "Карасу" бекеті арқылы өту кезінде одан ПТР талдауға сынама алынып, зертханалық зерттеу нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын көрсеткен. Ол Бішкек қаласына арнайы көлікпен жеткізілді.

Вирус жұқтырған қалған 4 адам 18 сәуір күні анықталды.

2002 жылғы қыз бала коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін Тараз қаласында карантиндік стационарға жатқызылған. Карантиндік стационарға жатқызған күнгі зертханалық талдау вирустың ағзада жоқ екенін көрсетті, алайда екінші рет тексерген кезде талдау нәтижесі коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.

Жамбыл ауданының 1991 жылғы тұрғыны вирус жұқтырған адаммен байланыста болғанына байланысты үй карантинінде отырған, ПТР талдау нәтижесі Covid-19 жұқтырғанын көрсетті.

Тараз қаласының тұрғыны 1970 жылғы әйел дене қызуының жоғары болуына байланысты демалыс алған. Covid-19 анықтау үшін алынған талдау вирустың ағзада бар екенін нақтылады.

1987 жылғы тараздық әйел жүктіліктің 20 аптасында болған. Емханаға жөтел, дене қызуының көтерілуі, ентігу белгілері бойынша денсаулығына шағымданып барған.

Төрт азамат облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қарым-қатынаста болған 35 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет

12.30 – Павлодар облысында Covid-19 анықталған екі адам туралы:

1983 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған.

1963 жылғы Екібастұз тұрғыны жоғары температура, әлсіздік пен қалыпты жөтел барын айтып, провизорлық госпитальге жеткізілді. Вирус расталды. Пациенттің айтуынша, елден тыс жерге шықпаған, коронавирус жұқтырғандармен байланыста болмаған.

12.20 – Ақтөбе облысында Covid-19 анықталған 5 адам туралы:

1994 және 1998 жылғы екі ер адамнан, 1945 жылғы әйел адамнан анықталды.

1978 жылғы ер адам Ақтөбе облысының тұрғыны. Ресейден пойызбен, содан кейін Жайсанға дейін таксимен келген. Ол бірден карантиндік стационарға жатқызылды.

1986 жылғы Түркістан облысының тұрғыны 16 сәуір күні Жайсанның карантиндік стационарына түсіп, Мәскеуден Жайсан арқылы таксимен келген. Ол жөтелге байланысты провизорлық стационарға ауыстырылды.

12.10 – Қостанай облысында Covid-19 анықталған екі адам туралы:

48 және 49 жастағы ер адамдар Жітіқара ауданының тұрғындары. Бір ер адамның диагнозы карантинге алынған адамдарды тексеру кезінде анықталды. Екінші науқас бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика

12.00 – Алматы облысында Covid-19 анықталған тағы 2 адам тіркелді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 1 593 адам анықталды.

11.30 – Карантин енгізілген өңірлерде тұратын қазақстандықтарға коммуналдық қызметтер төлемі субсидияланады. Әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына екі ай бойы 15 мың теңгеден жіберіп отырады.

Төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
  • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді алу үшін ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беру керек.



10.30 – Атырау облысында Covid-1 анықталған 4 адам туралы:

1980, 1990, 1990 және 1983 жылғы ер адамдар бұрын жұқтырғандармен байланыста карантиндік стационарда болған.

Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

10.10 – Түркістан облысында Covid-19 анықталған адам туралы:

Сарыағаш ауданының 1994 жылғы тұрғыны жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі. 15 сәуірдее Ресейден келуіне байланысты стационарлық клиникаға жатқызылған. Сынама нәтижесі – оң. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Түркістан облысында Covid-19 жұқтырғандар саны 57 адамға жетті.

10.05 – Қарағанды облысында Covid-19 жұқтырған 2 адам туралы:

18 және 52 жастағы екі науқас бұған дейін вирус анықталған науқаспен жақын қарым-қатынаста болған. Каратиндік стационарда жатқан.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғаны жалпы 89 адам тіркелді.

9.55 – Батыс Қазақстан облысында Covid-19 анықталған 6 адам туралы:

  1. 33 жастағы Орал қаласының тұрғыны коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған;
  2. Қалған 5 адам Ресейде вахта әдісімен жұмыс істейтін БҚО тұрғындары. "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар қашықтық термометриямен тексеріп, сауалнама алу кезінде азаматтардың дене қызуы жоғары екені байқалған. Іс-қимыл алгоритміне сәйкес жедел жәрдем шақыртылып, провизорлық стационарға жатқызылған. Сынама нәтижесі – оң. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

БҚО-да коронавирус жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап

9.40 – Шымкентте Covid-19 жұқтырған 11 адам туралы:

Ауру жұқтырған азаматтар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус анықталған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шымкентте коронавирус жұқтырған жалпы 57 адам анықталды.

09.30 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 45 адам тіркелді:

  • Шымкент – 11;
  • Алматы – 9;
  • Батыс Қазақстан облысы – 6;
  • Жамбыл облысы – 4;
  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Атырау облысы – 4;
  • Павлодар облысы – 2;
  • Қарағанды облысы – 2;
  • Ақтөбе облысы – 2;
  • Түркістан облысы – 1.


Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406
Серіктестер жаңалықтары