Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 34 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
23.40. Коронавирус жұқтырғандар саны – 1 402
- Алматы – 417;
- Нұр-Сұлтан – 326;
- Қызылорда облысы – 134;
- Қарағанды облысы – 84;
- Ақмола облысы – 81;
- Атырау облысы – 71;
- Жамбыл облысы – 53;
- Түркістан облысы – 53;
- Шымкент – 45;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 29;
- Алматы облысы – 29;
- Батыс Қазақстан облысы – 26;
- Ақтөбе облысы – 14;
- Павлодар облысы – 13;
- Маңғыстау облысы – 12;
- Шығыс Қазақстан облысы – 7;
- Қостанай облысы – 7.
Жазылғандардың жалпы саны – 277.
Көз жұмғандар – 17.
23.40 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 10 адам;
- Алматы – 19 адам;
- Шымкент – 2 адам;
- Атырау облысы – 1 адам;
- Түркістан облысы – 4 адам;
- Қызылорда облысы – 3 адам;
- Батыс Қазақстан облысы – 1 адам.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны – 1 402.
20.06 – Алматыда Covid-19 жұқтырған 4 науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсарып, енді қарқынды терапияны қажет етпейтінін алға тартқан.⠀
Елімізде барлығы 22 адам реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды.
19.30 – Нұр-Сұлтанда "Шарапат" қарттар үйінде Covid-19 жұқтырғандар саны 18 адамға дейін көбейді.
"Әлеуметтік-сауықтыру орталығындағы 380 адам тексерілді. Олардың 306-сы қарттар үйінің тұрғындары болса, 74-і – қызметкерлер. Нәтижесінде, коронавирус жұқтырған 18 адам анықталды. Барлық науқастар ауруханаға жатқызылды және емделуде", – деді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Оқи отырыңыз: Карантин талабы күшейді. Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарына тағы қандай шектеулер қойылды?
18.34 – 18 сәуір сағат 00:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантин режимі енгізіледі. Еліміздегі төтенше жағдай аяқталғанға дейін облыс аумағына кіріп-шығу шектеледі.
Облыс әкімі Даниал Ахметов карантин кезінде бірқатар жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жалақыны сақтай отырып, қашықтан жұмыс істеу режиміне жіберуі тиіс екенін атап өтті. Облыстық шұғыл штаб өз қызметін уақытша тоқтатуға міндетті кәсіпорындардың тізімін толықтырды.
"Өскемен және Семей қалаларында шектеу шараларын енгізу кезінде біз көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерінде бизнеске қолдау білдіргенімізді атап өткім келеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, жеке кәсіпкерлер берген рұқсатнамаларды мақсатты түрде пайдаланбады. Сонымен қатар, менде рұқсатнамалардың бір бөлігі ақылы түрде берілгені туралы сенімді ақпарат бар. Менің өтінішім бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл істі тексеруге кірісті. Олар рұқсатнама беру кезінде қызмет дәрежесін асыра пайдаланған мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдайды", – деді Даниал Ахметов.
18.23 – Қазақстанда тағы 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 1 адам;
- Батыс Қазақстан облысы – 1 адам;
- Қарағанды облысы – 2 адам.
Елімізде барлығы 277 адам аурудан айықты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Төтенше жағдай режимін сәуірдің аяғына дейін созуға тура келеді
17.33 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы әскери жиынға шақырылған аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті. Әрі Қарулы күштердің техникалық дайындығын және қала әкімдігінің төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын тексерді.
"Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер өте маңызды жұмыс атқарып жатсыздар. Бұл – нағыз патриотизмнің көрінісі. Қазір адамдардың көбі патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік туралы көп әңгіме айтады. Бірақ нақты іске келгенде бұғып қалады. Ал сіздер еліміз, Отанымыз үшін өз еріктеріңізбен осында қызмет етуге келіп отырсыздар. Сондықтан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын", – деді президент.
Ол нысандарды күзету, көшедегі тәртіпті сақтау және дезинфекция жасауда әскерилерге маңызды міндет атқарылғанын алға тартты. Соның арқасында вирусқа қарсы күресте оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын айтты.
"Шағын бизнесті шығарамыз деп жатырмыз. Жалпы қаланың тұрғындары карантин режимін міндетті түрде сақтауы керек. Онсыз болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
17:20 – Індетке шалдыққан тағы 21 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 11 адам;
- Алматы – 5 адам;
- Қостанай облысы – 2 адам;
- Жамбыл облысы – 3 адам.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 362 адам анықталды.
Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: Барлық медицина мекемелері жұқпалы аурулар ауруханасының форматында жұмыс істейтін болады
17.12 – Алматыда сауда орталықтары, базарлар, мейрамханалар, адам көп жиналатын жерлер мамыр айының ортасына дейін карантин режимінде болады. Ал 1 шілдеге дейін қалада мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Мұның барлығы қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және қалада коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жасалмақ. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн конференцияда мәлімдеді.
"1 шілдеге дейін барлық бұқаралық шараға тыйым салынды. Ештеңе өткізбейміз. Одан әрі қалай жа,дай қалай болатынын қараймыз. Әлемдік тәжірибені зерттейміз", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматының әлеуметтік-өндірістік саласы мен экономикасы Covid-19-дың таралу жағдайына байланысты біртіндеп қалпына келтіріледі.
Оқи отырыңыз: Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жабық. Карантин кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?
16.48 – 42 500 теңге жәрдемақыны қателікпен алған қазақстандықтарға ақшаны мемлекетке қайтарып беру ұсынылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтініш берушілер табысынан айырылғаны туралы жалған ақпарат жолдаған болса, заң алдында жауап беретінін алға тартты. Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" және 195-бабы "Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру" бойынша сараланатынын хабарлады.
Егер кімде-кім әлеуметтік төлемге өтінішті қателесіп жіберіп, 42 500 теңгені алған болса оны кері қайтаруға болады. Ол үшін төмендегі реквизиттерді пайдалану керек:
- Алушының аты: "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ";
- БСН: 160440007161;
- БСК: GCVPKZ2A;
- ЖСК: KZ67009SS00368609110;
- ТТК: 049.
Оқи отырыңыз: Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі
16.35 – Қазақстанда тағы 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылды. Олардың жетеуі Алматы тұрғыны болса, үшеуі Атырау облысында емделіп шықты.
Елімізде барлығы 273 адам ауруынан айықты.
15.40 – Алматыда вирусты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіретін 193 мың адам жаппай коронавирус инфекциясына ПТР әдісімен және экспресс-тестілеу арқылы тексеріледі. Тізімге әскери және полиция қызметкерлері, дәрігерлер, еріктілер, жүк пен жолаушы тасымалдаушылар, ТЖ көлігінің жүргізушілері, ірі нысандарда жұмыс істейтін құрылысшылар, интернат қызметкерлері және т. б. азаматтар енді.
Қалада күшейтілген карантин жағдайында 210 мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз еткен кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Бұл экономикада жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызын құрайды.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі
15.20 – Алматыда коронавирустық инфекциядан тағы бір адам қайтыс болды. Марқұм кешеге дейін Орталық қалалық клиникалық ауруханасының провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған.
"Кеше 1960 жылы туылған пациент көз жұмды. Ол 8 сәуірден бастап ауруханада жатты. Жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде болды", – деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бұл Алматыдағы үшінші және Қазақстандағы 17-ші өлім.
15.14 – Алматыда қала ішінде жүріп-тұруға арналған ескі рұқсат қағаздардың қолданылу мерзімі 20 сәуірге дейін ұзартылды. Себебі бұл күні бірқатар кәсіпкерлік субъектілері жұмысын қайта бастайды. Осы уақытқа дейін компаниялардың жаңа тізімін қалыптастыру жоспарлануда.
Әкімдік пен "Атамекен" ҰКП Алматы облысының аумағында тіркелген, бірақ іс жүзінде мегаполис ішінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қалаға жіберу мәселесін қарастыруда.
Оқи отырыңыз: Е-Polisia KZ қосымшасы Алматы ішінде кімге жүруге рұқсат екенін анықтауға көмектеседі. Нұсқаулық
15.08 – Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер 3,7 млн азаматқа тағайындалды.
"16 сәуір күні сағат 11.00-дегі жағдай бойынша әлеуметтік төлем алуға 7 251 526 өтініш келіп түсті. 1 253 959 қайталанатын өтінімнің қайталанып берілгені анықталды. Жәрдемақы 3 079 960 қазақстандыққа тағайындалды", – деп хабарлады қор өкілдері.
Ең көп өтініштер мына өңірлерден түскен:
- Алматы облысы – 752 901;
- Алматы – 722 112;
- Түркістан облысы – 705 755;
- Нұр-Сұлтан – 464 526;
- Шымкент – 382 669.
14.53 – Нұр-Сұлтандағы аз қамтылған 40 мың отбасы "Біз біргеміз" акциясы аясында тегін медициналық маска алады.
"Елордада 40 мың отбасын қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Әрбір отбасына 50 маскадан беріледі", – деді "Жас Отан" жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.
Оның айтуынша, 16 сәуірде еріктілер екі мың отбасыға 100 мыңға жуық маска таратуды жоспарлап отыр.
14.18 – Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел жүктіліктің 23-24 аптасында болып шықты. Ол 1986 жылы туған Кербұлақ ауданының тұрғыны. Сондай-ақ, бүгін Covid-19 диагнозымен Еңбекшіқазақ ауданының – 3 тұрғыны тіркелді. Барлық науқастар Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олардың байланыста болған адамдары анықталуда.
16 сәуір күнгі жағдай бойынша Алматы облысында індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның 7-еуі жазылып шықты.
14.00 – Covid-19 инфекциясынан елімізде тағы 23 адам жазылды.
- Нұр-Сұлтан – 17;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 4;
- Қызылорда облысы – 2 адам.
Қазақстанда барлығы 263 адам ауруынан айықты.
13.24 – Шымкентте Birgemiz қорының ақшасына сатып алынған маскалар тегін таратыла бастады.
"Birgemiz республикалық қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі мен СК-Фармация мемлекеттік операторы арасында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындарын 5 миллион қорғаныс маскасымен қамтамасыз ету туралы шартқа қол қойылды. Бүгін гуманитарлық көмек "Қайнар бұлақ" тұрғын үй аумағына келді, осы елді мекеннің 200 отбасына қорғаныс құралдары беріледі. Шымкентте барлығы 20 мың отбасы маска алады", – деп хабарлады Шымкент әкімдігі.
13.22 – 18 сәуірде 00.00-ден бастап Қарағанды облысының аумағында күшейтілген шектеу шаралары енгізіледі. Жұмыс орнынан алынған қағаз құжаттар Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Бұқар жырау ауданының елді мекендерінде жарамсыз болады. Карантиндік аймақтардың ішінде 22.00-ден 05.00-ге дейін жеке көлікпен жүруге тыйым салынады. Ал Теміртау мен Шахтинс қаласында жеке көліктердің қозғалысы толық тоқтатылады.
Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 84 жағдайы тіркелді.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге: бірінші ай төлемін алу үшін 15 сәуірге дейін өтініш беріп үлгеру қажет
13.13 – Нұр-Сұлтанның төрт тұрғыны 42 500 теңге жәрдемақы алу үшін жалған Telegram-боттың "құрбаны" болды. Олардың жеке деректерін алған алаяқтар онлайн-несие рәсімдеген. Осы ретте телеграм мессенджерінде 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғаны анықталды. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауды ресми түрде ескертеді.
42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы ғана беруге болады. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді талап етпейді. Өтінім беруге арналған ресми боттардың тізімі:
- https://t.me/Help42500Bot
- https://t.me/NurSultan42500Bot
- https://t.me/Almaty42500Bot
- https://t.me/Shymkent42500Bot
- https://t.me/JambylObl42500Bot
- https://t.me/Kostanai42500Bot
- https://t.me/Karagandy42500Bot
- https://t.me/Atyrau42500Bot
- https://t.me/Turkistan42500Bot
- https://t.me/Aqtobe42500Bot
- https://t.me/Pavlodar42500Bot
- https://t.me/Mangystau42500Bot
- https://t.me/ZKO42500Bot
- https://t.me/Qyzylorda42500Bot
- https://t.me/SKO42500Bot
- https://t.me/VKO42500Bot
- https://t.me/AlmaObl42500Bot
- https://t.me/Akmol42500Bot
Сондай-ақ, egov.kz және 42500.enbek.kz. сайттары арқылы да өтінім беруге болады.
Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер мен студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма? Маңызды 18 сұраққа жауап
12.50 – 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысының аумағында кәсіпкерлік немесе өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше жағдайлары ескерілген карантин режимі енгізіледі.
Қазіргі таңда облыста 142 адам карантиндік стационарда жатыр, 5 адамның ағзасынан Сovid-19 вирусы табылды, бір адам індет құрбаны болды.
12.28 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді.
- Нұр-Сұлтан – 3 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам;
- Ақмола облысы – 1;
- Жамбыл облысы – 1;
- Алматы облысы – 4.
11.56 – Алматыда әлеуметтік жағынан осал топтарға коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетіледі. Мемлекет бұл санаттағы отбасыларға айына 15 мың теңгеден жәрдемақы төлейді.
"Кеше бұл мәселе мемлекеттік комиссияда талқыланды. Біз алғашқылардың бірі болып коммуналдық қызметтерге төлемдерді екі айға кейінге шегердік. Егер қазір төлем жасауға мүмкіндік болмаса, оны жылдың соңына дейін қалдырып, шешуге уақыт болады. Енді қосымша шешім қабылданды: халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін екі айға 15 мың теңгеден бөлінеді. Яғни, егер коммуналдық қызмет ақысы үшін 20 мың теңге келсе, оның 15-ін мемлекет төлейді, ал отбасының өзі қалған 5 мыңын өтеуі керек", – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Оқи отырыңыз: 50 мың теңге көмек кімдерге беріледі? Оны алу үшін құжат тапсыру қажет пе?
11.57 – Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін – 5 130 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 2 479 адам айыппұл арқаласа, 1626-сы қамауға алынды.
"Мысалы, әкімшілік қамауға Алматы қаласының тұрғыны Асхат Жексебаев алынды. Ол тұрғындарға үйден шығып, бос ыдысты ұруға шақырған бейне үндеу жазды", – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Министрлік өкілі қазіргі кезде көптеген азаматтардың шыдамдылық пен түсіністік танытып, оқшаулау режимін сақтап құқық қорғау және денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Төтенше жағдай режимін сәуірдің аяғына дейін созуға тура келеді
11.40 – Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы құны 3 млн АҚШ долларынан астам сомаға әрқайсына 5 мың тонна көлемінде қазақстандық ұн жеткізу түрінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
"Шешім халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қырғыз және тәжік тараптарының ресми өтініштеріне байланысты қабылданды", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Жақын арада аталған жүктер көрші мемлекеттерге жеткізілетін болады.
11.30 – Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналып салынып жатқан госпиталь жақын орналасқан қорған кешеніне зиян келтірмейді. Бұл туралы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтты.
"Қорған кешені тарихи-мәдени қордың бас жоспарына сәйкес қорғалуда. Ауруханадан қорғандарға дейінгі қашықтық 150 метрден асады. Қорғандардың күзет аймағы 50 метрді құрайды. Барлық ережелер сақталуда", – деді ол.
Медициналық ұйым аумағында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды оқшаулау және емдеу үшін 280 орын ашылады. Ауруханада қызметкерлерге арнайы "таза" аймақтар белгіленген, болашақ инфекциялық палаталарда бөлек желдету жүйесі қарастырылатын болады. Жоспар бойынша штат шамамен 280 дәрігер мен медицина қызметкерлерінен құралады.
Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі
10.30 – Карантин кезінде Павлодар облысында діни қызметкерлерге діни рәсімдерді өткізуге рұқсат берілді. Ғибадат етуге 5 адамнан қатысуға болады, бірақ адамдар арасында екі метр ара қашықтығы сақталуы міндет. Сондай-ақ, діни қызметкерлердің барлығы маска киюі шарт. Ал діни рәсімдерді тікелей-трансляциядан көрсетуге рұқсат етілді.
10.17 – Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясы 18 жастағы тұрғыннан анықталды. Ол індет жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Қызылордада ауру жұқтырған төрт науқас тіркелді. Бұл 40 жастан асқан екі әйел және екі ер адам (24 және 54 жаста). Барлығы коронавирус инфекциясы бар адамдармен байланысқан соң сырқаттанған.
Қарағанды облысының Теміртау қаласының екі тұрғынында Covid-19 расталды. Олар да инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған.
Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі
10.15 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 36 адам тіркелді:
- Алматы – 13;
- Нұр-Сұлтан – 5;
- Батыс Қазақстан облысы – 5;
- Қызылорда облысы – 4;
- Шымкент – 3;
- Павлодар облысы – 2;
- Қарағанды облысы – 2;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Ақтөбе облысы – 1.
08.40 – Алматыда 16 сәуірден бастап қала ішінде жүруге рұқсат беретін жаңа база іске қосылды. Базада ЖСН және мемлекеттік автокөлік нөміріңіздің бар-жоғын infoalmaty.kz сайтында, сондай-ақ Е-Polisia KZ мобильдік қосымшасында (тек Android үшін қол жетімді) тексеруге болады.
ЖСН мен көлік нөмірін тексеру кезінде көптеген пайдаланушыларға әзірге олардың деректері жедел штабқа келісімге жіберілгені хабарлануда. Қала әкімдігі бұл қалыпты жағдай дейді.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.