Тікелей эфир

Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жабық. Карантин кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?

Informburo.kz фотосы
Informburo.kz фотосы
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының шекарасы жабылып, карантин режимі енгізілді.

Қауіпсіздік шарасы қос қалада коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты, инфекцияның көрші елді мекендерге тарап кетпеуіне орай қолға алынды. Соңғы мәлімет бойынша елімізде Covid-19 инфекциясына шалдыққандардың саны – 37. Оның 19-ы Алматыда, 18 науқас Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. Бесінші күн

Карантин кезеңіндегі негізгі шаралар:

  • Карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
  • Карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіріп-шығу пункттерін анықтау;
  • Адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп-шығуын шектеу;
  • Үш санат: ауруды жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндегілер санаты бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуіне оңтайлы болуы үшін, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалар аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;
  • Қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;
  • Азық-түліктік емес сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру;
  • Санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, "клиенттерге дейін жеткізу" қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;
  • ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;
  • Карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен алғашқы қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;
  • Карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі алғашқы қажеттілік тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау.

Оқи отырыңыз: Көрме, театр, ойын-сауық орталықтарының қызметі тоқтайды. Төтенше жағдай кезінде тағы қандай шектеулер қойылады?

Қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынады

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының кіріп-шығатын жолдары жабылады. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия бұл қалаларға жақын маңда тұратын және жұмыс істеуге келетін адамдардың қатынауын жергілікті әкімдердің қарауына қалдырған болатын. Бірақ, қауіпсіздікке алаңдаған жергілікті билік өкілдері қақпаларды толық жабатынын мәлімдеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына кептеліс пен кезекті болдырмау үшін шаһардан шығып үлгеруге кеңес берілді. Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, әкімдік компанияларға қызметкерлері үшін қалада уақытша тұратын үй табу туралы ұсыныс берілгенін мәлімдеді.

"Біз облыс тұрғынадарын қалаға кіргізуге тыйым салу керек деп санаймыз. Әйтпесе карантиннің мәні жоқ. Күнделікті облыстан жарты миллион астам адам жұмысқа келеді. Біз оларға көмектесуге дайынбыз. Барлық қонақүй, хостелдер бос тұр. Бұл карантин кезінде қалаға көшіп алуға жақсы мүмкіндік. Әйтпесе қызметкерлерін төленетін еңбек демалысына жіберсін немесе қашықтан жұмыс істеуге көшсін", – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Әуе және теміржол көлігінің жолаушыларына 72 сағат берілді

22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматыға келетін қала маңы пойыздарының жүруі тоқтатылады. Одан кейін қос қаланың теміржол стансалары арқылы транзитпен өтетін жолаушылар ғана жүре алады. Ал қала маңы пойыздары жолаушыларды түсірмей және мінгізбей өтеді.

"Әуе желілері мен темір жол қатынастарына келер болсақ, қала мен елден тыс жерлерде жүрген барлық алматылықтарға 72 сағаттың ішінде қалаға кіруге рұқсат беріледі. Бұл ереже біздің Алматының тұрғындары мен осы қаладан кеткісі келетін шетел азаматтарына да қатысты", – деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Мұндай тыйым әуе рейстеріне де қатысты. Яғни, 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап жүк және халықаралық әуе рейстерінен басқа Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына келетін және шығатын жолаушылар әуе рейстері тоқтатылады.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан көз жұмғандар үлесі жөнінен Италия неге алға шықты? Осы елде жұмыс істейтін қазақстандық дәрігердің әңгімесі

Пойыз бен ұшақ билеттері қайтарылады

Төтенше жағдайлар кезеңінде әуе және теміржол көлігімен сапарлардан бас тартатын жолаушыларға билет құны хабарласқан уақытына қарамастан толық көлемде қайтарылатынын айта кету керек. Уақытша төтенше жағдайдың енгізілуіне орай «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ жолаушылар билеттерінің ақшасын толықтай қайтарып беруге шешім қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгінгі күні билет кассаларына өте көп жүктеме түсті. Осыған орай біз кассаларымызды қосымша ақшалай қаражатпен толықтырдық. Төлемдер қолма-қол ақша жетіспеген немесе басқа да жағдайларда болмаса, кассада жүргізіледі", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Егер кассада ақша болмаса, жолаушы ақшасын келесі күні немесе кез-келген ыңғайлы уақытта ала алады.

Төтенше жағдайлар кезеңінде әуе және теміржол көлігімен сапарлардан бас тартатын жолаушыларға билет құны хабарласқан уақытына қарамастан толық көлемде қайтарылатынын айта кету керек.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен күрес. Үкіметтің "Б" жоспары қандай шараларды көздейді?

Қала шекараларына блок-бекеттер қойылады


Алматыға кіріп-шығар жолдарға 27 блок-бекет қойылады

Алматыға кіріп-шығар жолдарға 27 блок-бекет қойылады / informburo.kz фотосы


Карантин жарияланған қалалардың периметрі бойынша көліктердің кіріп-шығуын, азаматтардың қозғалысын шектейтін арнайы блок-бекеттер орнатылады. 22 наурыз күнгі сағат 00:00-ден бастап онда қозғалыс толықтай тоқталыда. Тіпті жаяу адамдардың өтуіне рұқсат етілмейді. Блок-бекетте медицина қызметкерлері кезекшілікке тұрып, дене қызуын өлшейтін құралдармен коронавирусқа күдікті адамдарды бірден анықтап, бөлек оқшаулайды.

"Нұр-Сұлтан қаласының периметрі бойынша Жібек Жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Қоянды кенттері ауданында Денсаулық сақтау органдарымен, қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп көлік құралдарының барлық түрінің кіруін және шығуын шектеу үшін блок-бекеттер қойылады. Барлық бағыт бойынша қозғалыс шектеледі, бұл Нұр-Сұлтандағы Алматы, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қорғалжың және Қабанбай батыр атындағы кент бағытындағы автожолдары", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов.

Алматының барлық кіре берістеріне, соның ішінде 10 магистральді жолоға 27 блок-бекет жасалады. Олардың қайда орнатылатынын мына сілтемеден көруге болады. Күн сайын бұл жерде полиция мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері қызмет көрсетеді. Жұмыстарға Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады.

Карантин кезінде кіріп-шығуын шектеу келесі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды:

  • Бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған жағдайда;
  • Бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса;
  • Бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары (олар Қазақстанға оралған жағдайда);
  • Бұған дейін елден шығу үшін ҚР аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетелдіктерге;
  • Шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;
  • Емделу үшін шетелге шығатын ҚР азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;
  • Елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;
  • Пойыз және локоматив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне;
  • Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі – ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда);
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;
  • Әуе және теміржол транзиті қатынасымен жүрген Қазақстан азаматтарына;
  • Басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар Covid-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады.

Оқи отырыңыз: "Сақтаныңыздар, бұл – ойын емес!" Коронавирус тараған елдердегі қазақстандықтардың монологы

Уақытша шектеулерге бағынбағандар қылмыстық жауапқа тартылады

Карантинде бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленді. Бас Прокуратура оларды орындаудан бас тартқандар заң шеңберінде жауапқа тартылатынын хабарлады. Билік өкілінің заңды талаптарына бағынбаса үстінен тіпті қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қызметін тоқтата тұру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

  • Егер кәсіпкер мекемесін жаппай, абайсызда адамдарды жаппай жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 304-бабы – 2 мың АЕК айыппұлдан 10 жылға бас бостандығынан айыруға дейін);
  • Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген (ҚК-нің 379-бабы – 2 мың АЕК айыппұлдан 2 жылға бас бостандығынан айыруға дейін).
  • Әкімшілік жауапкершілік (ӘҚБтК-нің 476-бабы – 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу).

Сонымен бірге, қадағалау органы шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпараттарды таратпауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары

Емделуден және карантиннен қашқандарға бақылау күшейтіледі

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 16 наурыздағы қаулысымен стационарлық және үй карантині енгізілді. Карантин режимін сақтауға бей-жай қараған, эпидемиологиялық және басқа да жағдайларды анықтау үшін қолында бар мәліметтерді жасырғандарға бақылау күшейтіледі.

  • карантиннен қашып, полицияның талаптарына бағынбағандарға – 40 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамаққа алынады;
  • санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін – 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады;
  • санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін – 5 млн теңгеге дейін айыппұл белгіленген.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусқа тексеру кезінде карантиннен жалтарып, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасыру фактілері болғанын растады.

"Өкінішке қарай, карантиннен қашып, коронавирус жұқтырғандардың кімдермен байланысқа түскенін айтудан бас тартқан жағдайлар болды. Оларға қатысты заңнама бойынша шара қолданылып жатыр", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай, билікке сенім және доктор Фаучи

Балабақшалар жұмысын тоқтатады

Бұған дейін мектеп оқушылары демалысқа шығып, студенттер онлайн режимінде оқуға көшкен еді. Бірақ балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды. Бүлдіршіндерді бөбекжайға апару немесе апармау мәселесі ата-аналарының қалауына қалдырылған еді. Жағдай ушыққандықтан мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың жұмысын толығымен тоқтатату туралы шешім қабылданды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантинге байланысты бірінші кезекте ата-аналарды ақылы еңбек демалысына жіберуді сұрады.

"Егер балаға күтім қажет болса, ата-аналарын ақылы еңбек демаласына жіберулеріңізді сұраймыз. Жұмыс беруші отбасында жұмыссыз азамат бар-жоғы туралы анықтаманы сұрауға құқығы бар", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Beeline карантин кезінде барлық ТВ топтамаға қосылу мүмкіндігін ашты

Демалыстан кейін оқушылар қашықтықтан оқытуға ауысады

6 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін мектеп оқушылары көктемгі демалысқа шықты. Демалыс уақыты аяқталған соң оқушылар да студенттер тәрізді онлайн-режимде білім алуға көшеді. Қазірдің өзінде оқушылар ұстаздарынан қашықтықтан үйге арнайы тапсырмалар алып жатқан көрінеді. Сол тапсырмаларға байланысты мұғалімдермен, сынып жетекшілермен байланыста болады.
"Егер карантин жалғасын табатын болса, 5 сәуірде каникул аяқталған сәтте оқушылар қашықтықтан оқытуға ауысады. Осыған байланысты қазіргі таңда Алматы қаласы Білім басқармасы министрлікпен бірігіп, дайындық жұмыстарын жасап жатыр", – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Айтқұлова.
Колледж студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқуға көшті. Оларға арнайы бағдарлама мен арнайы тестпен электрондық форматта қашықтықтан оқу ұйымдастырылды. Колледждің жатақханаларында тұрып жатқан студенттерінің үйлеріне қайтуына мүмкіншілігі болмаған жағдайда, олар жатақханада қалып, қашықтықтан оқуын жалғастыра алады.

Қызметкерлердің 70 пайызы қашықтықтан жұмыс істейді

Өзін-өзі оқшаулау және үй карантині механизмдері арқылы эпидемияға қарсы шараларды жүргізу мақсатында барлық ұйымдардың басшыларына қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтықтан жұмыс жасауға немесе еңбек демалысына шығару ұсынылды. Бұл коммуналдық, құқық қорғау, арнайы органдарға, медицина қызметкерлеріне және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа адамдарға қатысты емес.

"ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады", – деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter парақшасында.

Оқи отырыңыз: Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын қалай тиімді өткізуге болады? Пайдалы онлайн контент топтамасы

Дәріханалар мен азық-түлік өнімдерін сататын орындар ғана жұмыс істейді

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты дәріханалар, көлік жуатын орындар және азық-түлік өнімдерін сататын аумағы 2000 ш.м. кем емес сауда нүктелері ғана жұмыс істейді. Бұл тізімге гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, басқа да бөлшек сауда объектілері кіреді. Дегенмен олардың қызметіне қатысты бірқатар шектеулер мен талаптар бар:

  • жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
  • сатып алушыларға қол жетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек буып-түйілген түрде жүзеге асыру керек;
  • көкөністер мен жемістерді қоспағанда, буып-түйілген түрдегі тамақ өнімдерін өткізу;
  • күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу;
  • келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық қолданыстағы кіреберістерде тепловизорлар орнату;
  • өз аумағына келушілерді тек бетперде киюге (маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз етуге) және келушілерге арналған коронавирусты алдын алу бойынша жадынамалар тарату;
  • қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;
  • нысандарды үнемі желдетуді қамтамасыз ету, сыртқа ауа алу жолымен үй-жайларды сүзуді және желдетуді арттыру;
  • олардың арасындағы кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;
  • сауда нысандарында жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекіту;
  • нысандарға іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу:
Алматыда 3 378 азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр, басқа тауарлар сататын 2 263 дүкен карантинге жабылды. Сондай-ақ, 29 базар жұмысын тоқтатты.

Оқи отырыңыз: "Қол жуып, үйде отырғаннан да басқа мәселе бар". Маман пікірі

"Жасыл дәліз"

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмекпен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" жүзеге асырылады. Мұндай тауар түрлерін тасымалдаумен айналысатын мекемелердің жүк көліктері қалаға еркін кіріп-шыға алады. Бұл ретте тұрғындарды маскалармен және антисептикпен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылған.

Алматы дәріханаларына күніне жалпы көлемі шамамен 80 мың дана медициналық маска жеткізіледі. Маскаларды қаланың барлық 8 ауданындағы 48 ірі дәріханалардан алуға болады. Оның көлемі, сондай-ақ дәріханалардың тізімі әрі қарай кеңейтілмек.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша мегаполисте бүгінгі күні, бір рет қана пайдаланылатын үш қабатты масканың құны – 87 теңгені, бұрышты маскалар – 111 теңгені құрайды. Ал елордадағы ахуал төмендегідей:

"Медициналық маска бойынша біз СК фармациямен бірлесіп күні кеше 400 мыңға жуық маска Нұр-сұлтанға алып келдік. Тағы 1 миллионнан астам маскаға тапсырыс бердік және антисептикке де тапсырыс бердік. Олар осы аптада жеткізіледі", – деді Алтай Көлгінов.

Оқи отырыңыз: "Бұл – уақытша дүрбелең!" Президент төтенше жағдайға байланысты үндеу жолдады

Мейрамхана, сұлулық салоны, жаттығу залдары жұмыс істемейді

Карантин жарияланғанға дейін кинотеатрлар мен сауда орталықтары жабылған болатын. Енді бұл тізімге сұлулық салондары, фитнес және SPA орталықтары, қоғамдық монша кірді. Ал мейрамханалар онлайн режимдегі қызметке көшеді.

"Барлық мейрамхана мен дәмханалар жабылады, бірақ толық емес. Олардың иелерінен тұтынушыға қажетті тағамды үйіне жеткізіп беруге кеңес берілді. Оған қоса, онлайн дүкендермен де келісімге келдік. Олар қазір бізге қолдау білдіріп, жұмыс қуатын аттыратын болды", – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына шектеу қойылды. Азаматтарға шұғыл шаруасы болмаса, мұндай орталықтарға бармауға кеңес берілді. Ал почта, банк қызметінің 80 пайызын онлайн режимге ауыстырылады. Атқарушы орган өкілдері халықтан үйде отыруды сұрап отыр.

Қызметін тоқтата тұру қажет нысандар:

  • азық-түлік емес сауда базарлары;
  • ірі сауда-ойын-сауық орталықтары;
  • сауда-ойын-сауық орталықтары;
  • кинотеатрлар;
  • балалар орталықтары,
  • адамдар көп жиналатын басқа да ойын-сауық нысандары.

Оқи отырыңыз: Коронавирус түрлі заттың бетінде қанша уақыт сақталады?

Дезинфекциялау шаралары күшейтіледі. Көшелер мен тротуарлар екі рет жуылады


Алматыдағы көпқабатты үйлердің кіре-берісі пәтер иелері есебінен залалсыздандырылады

Алматыдағы көпқабатты үйлердің кіре-берісі пәтер иелері есебінен залалсыздандырылады / Алматы әкімі баспасөз қызметінің суреті


Сауда ойын-сауық орталықтарында, базарлар, тамақ өнеркәсібі, ХҚКО-да, вокзалдарда, әуежайда, қонақүйлер және т.б. орындарда санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтіледі:

  • Қоғамдық орындар, инфекция жұқтыру қаупі бар орындар дезинфекцияланады;
  • Көшелер, тротуарлар, аялдамалар жуылады;
  • Үйлердің, лифтілердің кіре-беріс есіктері, есік және баспалдақ тұтқалары залалсыздандырылады;
  • Барлық коммуналдық қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылады;
  • Қоғамдық көліктер бағытқа шығар алдында және бағытын аяқтаған соң залалсыздандырылады;
  • Қоғамдық көлік жүргізушілерінің температурасы өлшеніп, медициналық маскалар беріледі.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан аман қалуға болады. Ол үшін дәл қазір не істеу керек?

Полицейлер мен коммуналдық қызметкерлер онлайн-режимде жұмыс істейді

Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицейлердің жүктемесі көбейтіледі. Індеттің өршуіне байланысты 8 мыңнан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 4 мың әскери қызметкері тұрғындардың тыныштығын қоруға жұмылдырылмақ. Елдің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаев, тәртіп сақшыларына еңбек демалысына және кезекші пункттерден тыс жерлерге шығуға уақытша тыйым салынғанын жеткізді. Олар әлеуметтік маңызы бар нысандар мен әкімшілік ғимараттарды да күзетеді.

Сонымен қатар, алматылық полицейлердің фронт-кеңселері жұмыстарын уақытша тоқтатты. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай мен карантин режимі кезінде азаматтарды жеке қабылдамайтын болды. Халықпен байланыс электронды форматқа көшеді.

Алматы тұрғындары құзырлы орган өкілдерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына келесі сілтемелер арқылы хабарласа алады:
Карантин кезінде коммуналдық және авариялық қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істейді. Ал қызмет көрсету істері, қызмет ақысын төлеу онлайн-режимде жүргізіледі.
"Қалада су, жылу, газ жеткізетін түрлі мекемелер бар. Төтенше жағдай кезінде олар барынша сапалы қызмет жасауға тырысады. Осы ретте қалада әр мекемеден біріккенде 100 апаттық топ құрылды. Жұмысшылардың барлығы қауіпсіздікке байланысты маскалармен және қол жуатын антисептиктермен қамтамасыз етілді", – деді Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Оқи отырыңыз: Үйде жұмыс істейтін мұғалімдерге жалақы төленеді, балабақшадағы бала орны сақталады

Карантин режиміне орай мегаполистердің бүкіл тіршілігі жаңа ережелердің талаптарына сәйкес қайта құрылады. Билік өкілдері бұған түсіністікпен қарауға шақырды.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары