Коронавирус Қазақстанда: 12 сәуір хронологиясы. Алматыда "жұмыссыз режим" мамырға дейін ұзарды
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 30 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 951
- Нұр-Сұлтан – 251;
- Алматы – 165;
- Қызылорда облысы – 118;
- Ақмола облысы – 71;
- Қарағанды облысы – 65;
- Атырау облысы – 59;
- Жамбыл облысы – 46;
- Түркістан облысы – 43;
- Шымкент – 38;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
- Алматы облысы – 21;
- Ақтөбе облысы – 11;
- Маңғыстау облысы – 10;
- Павлодар облысы – 10;
- Батыс Қазақстан облысы – 9;
- Шығыс Қазақстан облысы – 6;
- Қостанай облысы – 3.
Жазылғандардың жалпы саны – 99.
Көз жұмғандар – 10.
23.59 – 12 сәуірде республика бойынша коронавирус жұқтырған 86 адам анықталса, 18 адам жазылып шықты:
- Алматы – 12;
- Нұр-Сұлтан – 3;
- Атырау облысы – 2;
- Батыс Қазақстан облысы – 1.
23.45 – Алматы облысында Covid-19 анықталған 9 адам туралы:
9 адам да Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді. Олар жұқпалы аурулар стационарына жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынады. Ауру ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
23.38 – Қызылорда облысында Covid-19 жұқтырған адам туралы:
Жаңақорған ауданының 58 жастағы тұрғыны бұрын коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 118:
- Шиелі ауданы – 56;
- Сырдария ауданы – 23;
- Жаңақорған ауданы – 18;
- Қызылорда қаласы – 12;
- Арал ауданы – 4;
- Қармақшы ауданы – 4;
- Қазалы ауданы – 1.
23.35 – Коронавирус жұқтырған тағы 24 адам тіркелді:
- Алматы облысы – 9;
- Түркістан облысы – 7.
- Алматы – 5;
- Нұр-Сұлтан – 2;
- Қызылорда облысы – 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 951 адам анықталды.
23.20 – Денсаулық сақтау министрлігі аутизммен ауыратын балалардың далаға шығуына рұқсат берді.
Сыртқа шыққанда келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- баланы алып жүрушілер саны екі адамнан аспауы керек;
- басқа адаммен қарым-қатынасқа түспеу;
- адам жоқ жерлерде жүру;
- жеке қорғаныс құралдарын, антисептик пайдалану.
23.15 – Алматыда 12 сәуірде коронавирус жұқтырған 15 медицина қызметкері анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар. Екі күн ішінде дәрігерлер арасында 27 науқас анықталды. Екі адамның жағдайы полисегментаралық пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланып отыр. Ал қалғандарының денсаулығы – қанағаттанарлық.
23.05 – Алматыда күн сайын 25 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Шамамен 3 мың қызметкер Алматыдағы 8 қонақ үйге, 1 хостелге және 11 жатақханаға орналастырылған.
23.00 – Алматыда "жұмыссыз режим" сәуір соңына дейін ұзартылды.
Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай жедел штабының шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Рұқсат тек қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін беріледі. Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компания қызметкерлері ғана қалада кедергісіз жүре алады.
Оқи отырыңыз: 50 мың теңге көмек кімдерге беріледі? Оны алу үшін құжат тапсыру қажет пе?
21.03 – 13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасында тегін экспресс-тест тапсыруға болады:
- тест тапсыру үшін адам www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек;
- денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдардың эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде іріктейді;
- бекітілген тізімдер "Олимп" КДЗ-ға жіберіледі;
- бекітілген тізімдегі адамға байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді.
20.32 – Коронавирус жұқтырған тағы 16 адам тіркелді:
- Алматы – 15;
- Батыс Қазақстан облысы – 1.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 927 адам анықталды.
19.25 – Коронавирус жұқтырған 13 адам емделіп шықты:
- Алматы – 12 адам;
- Батыс Қазақстан облысы – 1 адам.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 99-ға жетті
19.02 – Теңіз вахталық кентiнде екі апталық карантин режимі енгізілді .
Күн сайын карантиндік нысанның тұрғын үй блоктарына бірінші кезекте қажет тауарлар курьер арқылы жеткізіледі. Медицина маскасы мен қорғаныс заттары жеткілікті.
Вахталық кентте екі дәрігер, фельдшер және санитарлық дәрігер бар. Арнайы қорғаныш костюмдегi медициналық мекеме өкілдерімен бірлесе байланыста болған адамдардан анализ алынады.
19.00 – Келесі аптадағы Balapan арнасынан көрсетілетін телесабақтар кестесін осы жерден жүктеп алуға болады.
Бейнесабақтар көпшілікке қолжетімді болуы үшін Balapan арнасының YouTube желісіндегі ресми арнасынан да тікелей көрсетіледі. Сонымен қатар сабақтар "Қазақ радиосында" өткізіледі.
Оқи отырыңыз: "Денсаулық сақтау, білім беру салаларын түбегейлі реформалау қажет". Президент мәлімдемесіндегі 10 маңызды мәселе
18.55 – Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқлықова өңір тұрғындаhынан азаматтық жауапкершілік танытуды сұрады.
Ол облыста тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қатаң шаралар қабылданса да, ереже орындамай, тәртіп сақтамайтындардың көп екенін атап өтті.
"Мен сіздерден азаматтық жауапкершілік танытуды сұраймын. Ол – өз бетінше оқшаулану, үйден шықпау, жақындарыңызбен жүздесуден уақытша бас тарту. Тіпті көшеге шыққан көршіңізді осы тәртіпке бағындыру да сіздің қазіргі борышыңыз. Осының өзі – коронавируспен күреске қосқан үлкен үлес", – деді облыс әкімі.
Гүлшара Әбдіқалықова коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүргендердің еңбегін қадірлеуді сұрады. Аймақта коронавируспен күреске медицина саласының 3 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылған. Тосқауыл бекеттерінде 200 полицей мен 170 әскери қызметкер үздіксіз кезекшілік етеді.
18.45 – Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқас туралы:
1998 жылғы қыз бала Талғар ауданы, Ақтас ауылының тумасы. Ол Covid-19 табылған Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғынымен байланыста болған. 12-сырқат Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Онымен байланыста болған 11 адам анықталып, барлығы да карантинге алынды.
12 сәуірде Алматы облысында бір адам емделіп шықты.
18.40 – Қызылорда облысында Covid-19 анықталған адам туралы:
21 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошағы дезинфекцияланып, жақын және ықтимал қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Қызылордада коронавирус жұқтырған барлығы 117 адам анықталды.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға индексацияланады. Президенттің дағдарысқа қарсы 8 тапсырмасы
18.35 – Қызылорда облысында жеңіл өнеркәсіп саласындағы 80 астам кәсіпорын мен еріктілер жеке қорғаныс құралдарын шығаруға атсалысып жатыр.
Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында – 8, Қазалы ауданында – 22, Қармақшы ауданында – 21, Сырдарияда – 12, Шиеліде – 5 және Арал ауданында – 3 кәсіпкер бетперде тігу ісін қолға алды.
Облыс кәсіпкерлері 20 наурыздан бүгінгі күнге дейін дәріханаларға бір реттік және көп реттік 1 миллионға жуық маска өткізді. Маска бағасы 80-200 теңге аралығында.
Ал "Далатекс" серіктестігі күн сайын 2 мыңға жуық маска тегін таратады.
"Ас-Ка" және "ПромКоммерцКА" серіктестіктері бір реттік 677 қорғаныс костюмін тіксе, "НеоХимТех" кәсіпорны мен №50 дәріханасы қаладағы дәріханалардың сұранысына сәйкес 500 литрден астам антисептик шығарды.
18.25 – Павлодар облысында Covid-19 анықталған адам туралы:
Инфекция 1979 жылы туған Екібастұз тұрғынынан анықталды. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласынан келісімен үй карантиніне жіберілген. 10 сәуірде Екібастұз қаласының №1 емханасының медициналық қызметкерлері бақылаудағы ер адамның жағдайын білгенде, одан дене қызуының көтерілуі, әлсіздік сияқты сырқат белгілерін анықтаған. Сол күні ер адам Екібастұз қалалық ауруханасының уақытша бөлімшесіне жатқызылған.
Қазір науқас жұқпалы аурулар госпиталінде. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Қарым-қатынаста болғандар анықталды, оларды оқшаулау жұмыстар жасалуда.
Павлодар облысында коронавирус жұқтырған барлығы 10 адам тіркелді. Оның ішінде бір науқас сауығып шықты және біреуі көз жұмды.
18.20 – Коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан 11;
- Павлодар облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 1;
- Алматы облысы – 1.
Елімізде Covid-19 жалпы 911 адамнан анықталды.
Оқи отырыңыз: #Biz birgemiz! Төтенше жағдай кезінде кімге және қандай көмек беріледі?
18.10 – Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытудың алғашқы аптасын қорытындылады. Оқушылардың басым бөлігі Kundelik, BilimLand, Daryn.online жүйесі және басқа да бірнеше цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланған.
- 800 мыңнан астам оқушы телесабақтарды тамашалаған;
- интернет байланысы мүлдем жоқ 57 елді мекенде 4 мыңға жуық бала пошта байланысы арқылы қашықтан оқып жатыр;
- 25 мыңнан астам оқушы білім алатын 454 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.
18.05 – Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова қашықтан оқыту кезінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалғанын айтты.
"Телесабақтар көрсетіліп жатқан республикалық "Ел арна" және "Балапан" арнасына оқудың екінші күнінен бастап сурдоаудармашылар қосылды. Бүгінде коррекциялық педагогика ұлттық ғылыми зерттеу орталығы осы бағыттағы жұмыстармен айналысып жатыр. Қашықтан оқыту барысында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар назарымыздан тыс қалған жоқ", – деді білім және ғылым вице-министрі.
17.55 – Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтырған жеті адам туралы:
Үш адам коронавирус анықталған жақын туыстарымен байланыста болып, оқшауланған болатын. Төрт адам – екі жақты пневмониямен және тыныс жетіспеушілігімен стационарлық емделуде болған науқастар.
Елордада коронавирус жалпы 238 адамнан анықталды.
Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж
17.45 – Талдықорғанға Шарджадан келген 135 жолаушының анализдерінің нəтижесі теріс болып шықты. Олар ені екі күн карантинде болады. Содан соң тұрғылықты жеріне жеткізіледі.
Шарджа – Талдықорған бағытындағы əуе рейсі 11 сəуір күні сағат 21:30-да қонған еді.
17.40 – Атырау облысында коронавирустан сауығып шыққандар туралы:
12 сәуірде жұқпалы аурулар стационарынан 14 жасар қыз бен 19 жастағы жігіт емделіп шықты. Екеуі де 27 наурызда ауруханаға жатқызылды. Енді олар 14 күн бойы медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй карантинінде болады.
16.20 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Атырауда "КТК" телеарнасының түсірілім тобының ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Министр жергілікті биліктен төтенше жағдай кезінде БАҚ өкілдерінің жұмысына түсіністік танытуды сұрады.
"Біздің мәліметімізше, журналистер тарапынан карантиндік шектеулерді әдейі бұзу болған жоқ. Төтенше жағдай олардың құқығына қысым жасауға себеп емес. Журналистер алдыңғы қатарда жүр, біздің шынайы ақпарат алу құқығымызды іске асырып жатыр. Осыны ұмытпайық", – деді Дәурен Абаев.
16.15 – 12 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 30 ошақ аумағы бар.
Оқи отырыңыз: "Сақтаныңыздар, бұл – ойын емес!" Коронавирус тараған елдердегі қазақстандықтардың монологы
16.05 – Алматыда келесі мекенжайдағы 30 індет ошағының аумағында шектеу шаралары алынып тасталды:
- Алатау ауданы – Заря Востока ы/а, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ы/а, 7; Ақбұлақ ы/а, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек Батыр көшесі, 121;
- Алмалы ауданы – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;
- Әуезов ауданы – Жетісу-2 ы/а, 70а; Мамыр-4 ы/а, 313;
- Бостандық ауданы – Тұрғұт Озал көшесі, 242;
- Медеу ауданы – Зенков көшесі, 59; Достық даңғылы, 162; Гоголь көшесі, 75; Достық даңғылы, 111; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ы/а, 25; Достык даңғылы, 116; Достық даңғылы, 493.
- Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ы/а, 45;
- Түрксіб ауданы – Алтай-1 ы/а, 8; Жас қанат ы/а, 86; Майлин көшесі, 77; Спасский көшесі, 63а; Ғанибет, 276; Жас қанат ы/а, 1/53; Жұлдыз-1 ы/а, 13;
- Наурызбай ауданы – Береке-1 көшесі, 97.
15.05 – Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық штаб қала тұрғындарын коронавирустың таралу қаупі әлі жойылмағаны туралы хабардар етеді.
Президент тапсырмасына сәйкес карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзарды. Осыған байланысты қоғамдық көліктің жұмысы да тоқтайды.
12 сәуірде елордада инфекцияны жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Тұрғын үй кешенінің 4 кіреберісі мен жатақхана карантинге жабылды. Осыған дейін коронавирус жеке такси жүргізушісінде және №1 автобус паркінің қызметкерінде анықталды. Олармен байланыста болған барлық адам анықталды. Олардың қатарында медицина қызметкерлері де бар.
Тұрғындарға үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне/дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат.
Адам көп жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар/кафелер (онлайн-тапсырыстардан басқа) жабық қала береді. Қоғамдық көлік жұмысы жаңартылмайды.
14.10 – Бес адам коронавирустан жазылды:
- Нұр-Сұлтан – 3;
- Атырау облысы – 2.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен күреске қатысатын дәрігерлерге айына 850 мың теңгеге дейін үстемеақы беріледі
13.15 – Қарағанды облысында Covid-19 жұқтырған тағы 2 адам туралы:
Науқастар коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен Covid-19 нақтыланды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Үй карантинінде 1643 адам жатыр, ал стационарлық карантинде тәулік бойы бақылауға 725 пациент алынған.
13.05 – Коронавирус жұқтырған тағы 17 адам анықталды:
- Ақмола облысы – 10;
- Нұр-Сұлтан – 5;
- Қарағанды облысы – 2.
Қазақстанда коронавирус жалпы 897 адамнан анықталды.
12.15 – Батыс Қазақстан облысында Covid-19 анықталған екі адам туралы:
11 және 12 сәуірде өңірде екі коронавирус жұқтырған адам анықталды. Екеуі де БҚО азаматы. Олар Мәскеуде жұмыс істеген. Жұмыс біткеннен кейін Саратов облысы арқылы Тасқала шекара автобекетіне келіп түседі. Саратовтан келгенде олармен бірге алты жолаушы болған.
"Бәрі Тасқала бекетіндегі шекара қызметіндегі санитарлық-карантиндік пунктіге келіп тоқтағаннан кейін, мамандар дене қызуын өлшегенде сол екі азаматтан жоғары температура анықталған.Олар жедел жәрдем арқылы Орал қаласындағы провизорлық госпитальге әкеліп жатқызылған соң коронавирусқа қарсы лабораториялық талдау жүргізілді. Нәтижесі – оң. Науқастар облыстық жұқпалы ауруар ауруханасына оқшауланып, ем алуда", – БҚО көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.
Алты азамат та тексерістен өткізіліп, теріс нәтиже көрсетті. Қазір карантиндік жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Содан кейін 14 күн бойы үйде оқшауланып, медициналық бақылауда болады.
29 наурыз бен 12 сәуір аралығында облыста Covid-19 жұқтырған 8 адам тіркелді. Барлығы – басқа елдімекеннен әкелінген вирустық инфекция:
- Ресей – 7;
- Атырау облысы – 1.
Нақуастармен қарым-қатынаста болған 79 адам лабораториялық тексеруден өтті. Нәтижесі – теріс. Үй карантиніне жатқызылып, 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.
Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап
12.07 – Түркістан облысында коронавирус анықталған науқас туралы:
1995 жылғы Арыс қаласының тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген.
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 36-ға жетті:
- Жетісай ауданында 14 адам тіркелді, оның ішінде 1956 жылғы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды;
- Кентау – 5;
- Ордабасы – 2;
- Сайрам – 2;
- Мақтарал – 4;
- Арыс – 8;
- Сарыағаш – 1.
12.00 – Маңғыстау облысы Шетпе кентінде коронавирус 1992 жылы туған әйел адамнан табылды. Ол осыған дейін анықталған науқастың бірімен байланыста болған. Сондықтан тест пен қан талдамалары алынған. Зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.
Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар саны – 10:
- Ақтау – 5;
- Жаңаөзен – 2;
- Шетпе – 3.
Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі
11.50 – 13 сәуірден бастап Павлодар облысында карантин режимі енгізіледі.
Облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың аумағына көліктер мен адамдардың кіріп-шығуына тыйым салынады.
Бұл шектеу:
- халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне;
- медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін, карантинді енгізу кезеңінде стационарларда емделіп жатқан, карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдарға;
- шұғыл мамандандырылған көмекке мұқтаж азаматтарға;
- карантиндік шараларды орындау шартымен, растайтын құжаты болған жағдайда жақындарының қайтыс болуына байланысты кететін/келетін адамдарға;
- растайтын құжатты ұсынған жағдайда көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, байланыс объектілерінің қызметін жүргізуге тартылған азаматтарға қатысты емес.
Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 9 адам тіркелген.
11.35 – Талдықорғанға Біріккен араб әмірлігінен 135 қазақстандық мінген ұшақ келіп қонды. Түскен сәтте ден қызуы өлшеніп, вирусқа қатсты талдау алынды. 90 адам – Текелі қаласына, 45 адам Талдықорғандағы "Мерует" қонақ үйіне карантинге жатқызылды. Жағдайлары жақсы.
11.00 – Алматыда инфекциялық стационарда коронавирус анықталған 99 адам емделіп жатыр:
- 70 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық;
- 7 адамның жай-күйі – ауыр;
- 22 адамның жай-күйі (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесінде.
Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі
9.53 – Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсарғанын, қарқынды терапияны қажет етпейтінін айтты.
Екі адамның бірі 46 жастағы әйел адамнан 3 наурызда Covid-19 анықталып, ауруханадан тыс "екі жақты полисегментарлы пневмония, тыныс алу жетіспеушілігіне байланысты ауыр ағымы" диагнозымен келіп түскен.
Екінші науқас 1955 жылы туған. Жан сақтау бөлімшесінде екеуіне де короновирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес вирусқа қарсы, бактерияға қарсы терапия, оксигенотерапия, инвазивті емес кеуде қуысының аппараттық вибромассажы және т. б. жүргізілді.
Қазақстанда барлығы 10 науқас реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды:
09.00 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді:
- Алматы – 8;
- Шымкент – 3;
- Нұр-Сұлтан – 2;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 1.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.