Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 16 мамыр оқиғалары. Алматыда турфирмалар мен екінші деңгейлі банктер ашылады

Informburo.kz суреті
Informburo.kz суреті
Бір тәулікте 161 адам Covid-19 жұқтырғаны анықталып, 273 науқас емделіп шықты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. 64 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

16 мамыр. Коронавирус жұқтырғандар саны – 5 850

  • Алматы – 1 709;
  • Нұр-Сұлтан – 1 199;
  • Атырау облысы – 506;
  • Батыс Қазақстан облысы – 288;
  • Шымкент – 267;
  • Қызылорда облысы – 245;
  • Ақтөбе облысы – 224;
  • Қарағанды облысы – 219;
  • Жамбыл облысы – 201;
  • Түркістан облысы – 197;
  • Алматы облысы – 201;
  • Павлодар облысы – 162;
  • Маңғыстау облысы – 147;
  • Ақмола облысы – 116;
  • Қостанай облысы – 76;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 57;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 36.

Жазылғандардың жалпы саны – 2 980.

Көз жұмғандар – 34.

Тоқаев ТЖ кезінде президенттің өкілетілігі туралы түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мәселелері бойынша Заңға өзгерістер енгізді. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

14 сәуірде Парламент Сенатының депутаттары төтенше жағдай туралы заңға түзетулер енгізген болатын. Ол төтенше жағдай кезінде Президент өкілетін кеңейтеді. Заң қабылданғаннан кейін билік төтенше жағдай кезінде жеңілдетілген тәртіппен шешім қабылдай алады.

Құжатқа сәйкес, төтенше жағдай кезінде президент экономикаға әсер ететін заңнаманың 14 саласы бойынша қоғамдық қатынастарды реттеудің әртүрлі тәртібін көздейтін құқықтық актілерді қабылдауға құқылы:

  • салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңдар;
  • денсаулық сақтау, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңдар;
  • әлеуметтік қорғау, мемлекеттік меншік, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында;
  • елдің халықаралық міндеттемелерін орындау.

Оқи отырыңыз: Карантиннен кейін АҚШ-тың бизнес саласы қалай өзгереді? Сараптама

ТЖ кезінде табысынан айырылған 3 миллионға жуық қазақстандық екінші рет 42 500 теңге алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан соңғы мәліметке сәйкес, 2,9 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды.

11 мамыр күні сағат 18.00-ден кейін бұл әлеуметтік төлемді алуға өтініш қабылдау тоқтады. Ал сол сағатқа дейін өтініш жолдап үлгергендерге төлемді тағайындау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады.

42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге төлем алуға өтінім қабылдау тоқтатылды

18 мамырдан бастап Алматыда туристік фирмалар, екінші деңгейлі банктер ашылады

Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, 18 мамырдан бастап туроператорлар қызметіне жұмыс істеуге рұқсат етілді. Ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банк және қаржы секторының басқа да ұйымдары да жұмысқа толық орала алады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Қалада карантиндік шаралар әлі де жалғасуда. Сондықтан, аталған ұйымдар жұмысы келесі алгоритмді орындау шартымен ғана мүмкін болады:

  • Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысу;
  • ереже талаптарына сәйкес нысанды дайындау;
  • міндетті әлеуметтік қашықтықты сақтау;
  • қатаң санитарлық режимді қамтамасыз ету;
  • infoalmaty.kz сайтында тіркелу;
  • дайындалғанын растау және электронды цифрлық қолтаңбамен хабарламаға қол қою.

Оқи отырыңыз: Мешіттер 18 мамырда ашылады. Намаз оқу, құран оқыту және неке қидыруға қандай талаптар қойылады?

Қазақстанда зертхана қызметкерлеріне төлем жасау ережелері өзгертіледі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында зертхана қызметкерлеріне төлем жасау ережелеріне өзгерістер енгізу керек екенін хабарлады. Ол елордадағы Ұлттық сараптама орталығының аймақтық вирусологиялық зертхана қызметкерлерімен кездесіп, үстемеақы мәселесін талқылағанын жазды.

"Зертхана қызметкерлеріне ақы төлеу ережелеріне өзгерістер енгізу керек деп шештік, өйткені олар вирусты жұқтыруы ықтимал пациенттермен және олардың биологиялық сынамаларымен үнемі тікелей жұмыс істейді", – деп жазды Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, министр Covid-19 індеті басталған кезде аталмыш зертханадағы әріптестері 600 тест жасағанын, қазіргі таңда бұл сан тәулігіне шамамен 2 мыңды құрайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Бірінші кезеңде 54 пойыз жолға шығады. Билет бағасында өзгеріс бола ма?

Алматыда коронавирус жұқтырған орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері қайтыс болды

Алматыда қауіпті кесел жұқтырған орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері қайтыс болды. Ол медициналық мекемеде лифтер болып жұмыс істеген. Суыт хабарды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарлады.

"16 Сәуірде науқастың ағзасынан Covid-19 вирусы анықталды. Әйел бірден инфекциялық стационарға жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдады. Бірақ, жүргізілген қарқынды емге қарамастан, полиоргандық жетіспеушіліктің себебінен көз жұмды", – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Қазір өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссия осы жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Пәтер жалдап тұратындар коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге ала алмайды. Маңызды 8 сұраққа жауап

Нұр-Сұлтанда қайтыс болған әйелді коронавирустан көз жұмғандар қатарына қоспады

Нұр-Сұлтанда Covid-19 диагнозы қойылған 62 жастағы науқастың өлімі инфекция салдарына жатпайды, деп хабарлады қала әкімдігі. Өлімнің басты себебі прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсерден болған. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен бірге басқа да аурулармен ауырған.

"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында КВИ тесті оң нәтижелі болған науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды КВИ салдарынан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 62 жастағы әйел 13 мамырда қайтыс болды. Ол жекеменшік клиникада дәрігер болып жұмыс істеген. Науқас өзін-өзі емдеп жүрген, бірақ 31 наурызда жағдайы нашарлап ауруханаға түскен. Қарқынды емге қарамастан, дерттен қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары