Тікелей эфир

Пәтер жалдап тұратындар коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге ала алмайды. Маңызды 8 сұраққа жауап

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Жергілікті атқарушы органдар 1,6 млн азаматқа 15 мың теңгеден көмек береді.

Карантин қашан жарияланғанына қарамастан барлық елді мекенде 1-30 сәуір және 1-30 мамыр аралығында екі айға коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге төлем беріледі.

Informburo.kz Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарма басшысы Әсет Масабаев мәлімдеген коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ережесіндегі өзгерістерді ұсынады.

№1. 15 000 теңге кімге беріледі?

  • І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көп балалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
  • ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын жалғыз басты зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

№2. Қалай өтініш беруге болады?

Алматыда +727 341 05 27, +727 377 74 44 байланыс орталығы өтініштерді қабылдайды. Жоғарыдағы санаттарға жататын азаматтар осы нөмірлерге хабарласып, ЖСН мен санатын айтады. Мәртебесі расталса өзінің не бірге тұратын туысының жеке шотын көрсетуге тиіс. Call-орталықта тізімдегі азаматтардың мәліметі бар. Мәртебесін растаған азаматтарға ғана өтемақы төленеді.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?

№3. Басқа есеп шотты көрсетуге бола ма?

Иә, болады. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қала тұрғындары есеп шоты болмаса, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің шотына ақша аударылады. Ол үшін call орталыққа хабарласып, өзіжайлы ақпарат беріп, шот нөмірін көрсетуі тиіс. Отбасы мүшелеріне ерлі-зайыптылар, ата-аналар және балалар кіреді. Бүгінгі күні Энерготиімділік басқармасының байланыс орталығында 148 мың қоңырау тіркелді, оның ішінде 17 505 өтініш мақұлданды.

№4. ТЖ режимінен кейін шығындарды өтеуге өтініш беруге бола ма?

Иә, болады. Санаттардың біріне жататын азаматтар мамыр, маусым айында өтініш берсе осы қаражатты алуға құқылы.

№5. ТЖ режимінен кейін коммуналдық өтемақы алуға бола ма?

Иә, болады. Комиссия шешімімен коммуналдық шығындар сәуір және мамыр айларына беріледі. Сәуірдің өтемақысы мамырда, мамырдың өтемақысы маусымда түседі.

Оқи отырыңыз: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы мен биологиялық қауіпсіздік кеңесі. Президент мәлімдемесіндегі маңызды мәселелер

№6. Жалдамалы пәтерде тұратындар 15 000 теңге ала ала ма?

Жоқ. Алматы әкімдігі жалға алатындардың шығындары өтелуіне құқығы бар адамдардың санатына қосу жөнінде ұсыныс енгізген. Өкінішке қарай, тұрғын үйді жалға берудің ашық болмауына және нақты мәліметтердің болмауына байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады.

№7. 15 мың теңгемен өткен айдағы қарыздарды өтеуге бола ма?

Жоқ, болмайды. Қаңтар, ақпан, наурыз айлары басқа кезең. Бұл қаржыға сәуір мен мамырдағы коммуналдық қызметтер ақысын өтеуге болады.

№8. Алматыда қанша адамның шығыны өтеледі?

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы шығындардың өтелуіне құқығы бар адамдардың санын 62 мыңнан 119 мыңға дейін өзгертті. Call-орталыққа 158 мың қоңырау келіп түскен.

Серіктестер жаңалықтары