Тікелей эфир

42 500 теңге төлем алуға өтінім қабылдау тоқтатылды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Еңбек министрі 11 мамырға дейін келіп түскен өтінімдердің барлығы қаралатынын айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылған азаматтарға берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтінім беру тоқтатылғанын мәлімдеді.

Бүгінге дейін 4 млн 539 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып, бюджеттен 193 млрд теңге төленген. Оның ішінде төтенше жағдай режимінің бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініштерін өткізген 3 млн 735 мың адам екінші айға да төлем алуға құқылы. 5-6 мамыр күні 2 млн жуық адамның шотына 99 млрд теңге жіберілді. Қалған адамдарға да төлем жасалды.

"11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталғандықтан, бүгіннен бастап 42 500 теңге алуға өтінім қабылдау тоқтатылды. 11 мамырға дейін өткізілген өтінімдердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса, әлеуметтік төлем тағайындалады", – деді Біржан Нұрымбетов.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?

Бюджеттен коммуналдық қызметтерді өтеуге 49,3 млрд теңге бөлінген. Жақын уақытта жергілікті атқарушы органдар 1,6 млн азаматқа 15 мың теңгеден береді. Карантин қашан жарияланғанына қарамастан барлық елді мекенде 1-30 сәуір және 1-30 мамыр аралығында екі айға коммуналдық қызметтер үшін төлем беріледі.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары