Тікелей эфир

19 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 115 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 109 623-ке жетті.
19 қазан қорытындысы

Науқастар

109 623

Сауыққандар

105 145

Көз жұмғандар

1 768 (11 қазан)

Нұр-Сұлтан 14309 13690 317
Алматы 14539 14156 275
Шымкент 5216 5129 71
Ақмола облысы 3573 3334 77
Ақтөбе облысы 3270 3216 35
Алматы облысы 5028 4810 62
Атырау облысы 11209 10948 69
ШҚО 9030 8385 206
Жамбыл облысы 4155 4068 61
БҚО 6924 6771 110
Қарағанды облысы 10416 9950 279
Қостанай облысы 3552 3057 21
Қызылорда облысы 3249 3119 15
Маңғыстау облысы 3372 3247 44
Павлодар облысы 4073 3903 56
СҚО 4309 4026 24
Түркістан облысы 3399 3336 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 115 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 18;
  • Қарағанды облысы – 16.

Республика бойынша барлығы 109 623 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 145.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 799-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 35 980 адам ауырып, 387 науқас көз жұмған (19 қазанда тіркелген науқас саны – 15, көз жұмғандар – 5).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 679 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 199 науқас жатыр. 480 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 8 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Covid-19 екінші толқыны: қателік қайталанбай ма? Сараптама


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары