Димаш – миллиард жанкүйері бар адам. Әншінің фанаттары туралы
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің саны артып, олар біріккен клубтар да күн санап көбейіп келеді. Шындығында санының қанша екенін ешкім білмейді. Мысалы, бір Қытайдың өзінде жүздеген, мүмкін мыңдаған фантоптар бар. Ол мұнда "Дауысымен әлемді жаулаған қазақ", "Шетелден келген кішкене аға", "Бинго" аттармен танымал.
Дінмұхамед Қанатұлы Құдайберген – 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде дүниеге келген. Марапаттары: 2015 жылы "Славянский базар" байқауының бас жүлдегері; 17 Top Chenise Music Awards – "Best International Artist"; 24 Top China's Music Awards – "Best Asian Singer"; Top Global Chinese Music – "Жыл әншісі" және тағы басқалар.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс Димаш Құдайбергеннің құқығын қорғайтын заңды мақұлдады
Димаштың отбасы мүшелері: атасы – Құдайберген Айтбаев, әжесі – Миуа Низамутдинова, әкесі – Қанат Айтбаев, шешесі – Света Айтбаева және қарындасы Раушан мен інісі Мансұр.
Фантоптар қалай құрылады?
Еділ Нұрболатұлы – Димаштың жанкүйерлер клубының Қазақстандағы үйлестірушілерінің бірі, ЕНУ студенті, Guardian қатарлы бірнеше фанклубтың мүшесі:
– Мұндай клубтар арнайы мемлекеттік тіркеуден өтпейді. Тек жанкүйерлердің бейресми ұйымдасуы арқылы құрылады. Әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, жанкүйер жинайды. Әр клубта бірнеше адамнан ондаған мыңға дейін болуы мүмкін. Тіптен, арнайы сайт ашатындар да бар.
Оқи отырыңыз: Димаштың дүние жүзіндегі #dears-тарымен сұқбат
Жоғарыдағы сурет туралы ФБ әлеуметтік желісінде "Екі миллиардер: бірінде миллиард доллар бар, бірінде миллиард жанкүйер бар" деген сөз тарады.
Кей фантоптарға кіру үшін жарна төлеу керек. Мысалы, қытайдағы бір фантопқа кіру 100 юан (5 мың теңге мөлшерінде). Алайда ол ақша сыйлықпен немесе басқаша өзіңізге қайтады. Мысалы Димаштың суреті басылған киімдерді, бейджді сыйлыққа алуыңыз мүмкін.
Соңғы жылдары басқа елдерде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейді. Қытайда тіпті кей университетте қазақ тілі мамандығы ашылған. Бұған да Димаштың әсер көп болды – дейді Еділ.
Оқи отырыңыз: Диаз Мусалимов: "Қазақ әндері – менің негізгі репертуарымда"
Фан клубтар не істейді?
Мұны төмендегі Топтың ережесінен білуге болады.
- Димаштың өнерін дәріптеу;
- Жанкүйерлерімен тілдесуді және ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
- Қолдау көрсету ретінде әртүрлі хит-парадтар мен премияларда дауыс беруді ұйымдастыру;
- Фантоптың мүшелерінің кездесуін, байқаулар, көрмелер, аукциондар мен лотерея ойындарын ұйымдастыру;
- Әншінің өнер көрсетуіне бірігіп баруға дайындықты ұйымдастыру;
- Фантоп мүшелерінің Димашпен ресми кездесуін ұйымдастыру;
- Әнші атынан қайырымдылық пен басқа да іс-шараларды өткізу;
- Димаштың өнерін қолдайтын жаңа жанкүйерлерді фантопқа тарту;
- Димаштың ар-намысына тиетіндей, моральдық және материалдық тұрғыда залал келтіретін әрекеттерді мейлінше болдырмау;
- Димаштың өнерін қолдау және дәріптеу үшін басқа фантоптармен тығыз байланыста болу.
Жерлес қарындасы Данэлия Тулешованы қолдауға келді / Сурет Djukic Anastazija ФБ парағынан
Қытайлық фанаттар "Шетелден келген кішкентай аға" деп атайды
– Егер Димаштың рейтингі түсіп бара жатса, шұғыл жиналыс ашып, қажет жағдайда рейтингті көтеру үшін мыңдаған АҚШ долларын шығаруы мүмкін.
Мысалы, Димаштың ән таспасы шығатын болса, көп тиражбен сатып алып, сатылымы бойынша әлемдік рекорд жасау үшін талпынады. Теле-радиоларға, сайттарға арнайы хабарландыру мен мультимедия жарнама тарату сияқты жұмыстарды өз еріктерімен, өз қаржыларымен іске асырады, – дейді Еділ мырза.
Фантоптар өзара көмектеседі
– Басқа елдегі концертіне қатысқысы келгендер визадан бастап, билет алуды, басқа да қызықты шараларға қатысуын жергілікті фанклубтар арқылы ұйымдастырады.
Оқи отырыңыз: Q-POP, яғни QAZAQ поп музыкасы қазаққа не береді?
Мысалы, Астанадағы концерт кезінде фанаттарды Қояндыдағы қазақ дәмханаларына апарып, қазы-қарта, құрт-ірімшік секілді қазақша дастарқан жайып, күттік, – деген Еділ Нұрболатұлы.
Үш тілде жүретін фантоп та бар
Ол – "Dimash & Dostar" фантобы.
Клуб 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ресми ФБ парақшасы және сайты бар.
Фанаттар Қазақстанға ағылып жатыр
2018 жылы 31 мамырда Димашқа Қазақстан туризмінің елшісі сертификаты табыс етілді.
Енді "Димаш тур" арнайы бағдарламасы бойынша оның фанаттарынан құралған туристерді қабылдай бастады.
Оқи отырыңыз: Мәдина Сәдуақасова Инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирге шығады
– Қазірге дейін мыңдаған фанаттары Қазақстанға келген. Күн санап көбейіп жатыр. Олар Димаштың туған жерін көріп, өскен ортасымен танысқысы келеді, – дейді Еділ Нұрболатұлы.
Оқи отырыңыз: Қазақ киносы мазаққа айналды. Ақша мен атақ үшін "жер өртейтіндер" көбейді
"Құнды сыйлықтарды жеткізіп бердім"
– Бірде атын айтқысы келмеген қытайлық азамат Димашқа сыйлық жіберді. Сол заттың құжаты мен келуінің өзіне 600 мың теңге кетті. Ал қорапта не бар екенін де білмеймін. Бірақ өте қымбат сыйлық екенін ескертті. Димаштың әке-шешесіне жеткізіп бердім, – дейді Еділ Нұрболатұлы.
Әнші құрметіне арналған шара көп
Еділ мырзаның айтуынша, 2017 жылы қытайлық фанаттар хабарласып, Астанада көшеде тұратын ең үлкен, ең қымбат экрандарды сатып алып, әншінің суретін ілдіріпті.
Сонымен бірге Қытайдың, АҚШ-тың Нью-Йорк сынды қалаларында да фанаттар ең үлкен экрандарды жалға алып, әншінің суреттерін ілдірген, әндерін қойдырған.
Хаңжоу қаласындағы бір фантоптың басшысы мұндағы үлкен экранды жалдауға өз қалтасынан 60 мың юань (3 млн теңге мөлшерінде) қаржы шығарған.
Оқи отырыңыз: "Әміре" фильмі. Актерлар түсіру алаңында біршама қиындықтарды бастан кешкен
Еуразиялық фанаттар Ресейге өкпелі
Димаш Құдайберген шілдеде Беларусияда "Славян базары – 2018" халықаралық байқауына қатысқан болатын. Алайда оның ән айтқан сәтін эфирден қиып тастаған. Сол үшін жанкүйерлері реніш білдірді.
"Dimash & Dostar" фантобының әкімшісі Мадина Құрманғалиева: "Қазір фанаттармен ақылдасып жатырмыз, "МИР" телеарнасының басшылығына, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне хат жазбақшымыз. Димаш – енді танылып келе жатқан жас әнші емес қой, Азия жұлдызы. Оны көптеген елде өз тыңдарманы бар" – деп жазған.
Оқи отырыңыз: Халықтың сүйіктісіне айналған сазгердің шығармалары неге өз нақышында орындалмай жүр?
Лондондағы концертке 43 елден жанкүйер келген
Бұл туралы Dimash Dears Eurasian Fan Club әкімшісі Бақытгүл Түгелбаева жазыпты.
Мысалы, мына бір постқа қараңыз:
"Димаш, саған зор табыс тілейміз! Сен соған лайықсың! Бәрі ойлағаныңдай сәтті өтсін. Бақытты бол!
Барша dears-та ұйқы жоқ! Шоудың әсері жадымызда мәңгі қалмақ. Сахнаға жақынырақ тұру үшін көрермендер концерттің басталуынан 6 сағат бұрын жиналған! Концерт әдемi, отансүйгіштік "Алға, Қазақстан!" атты әнмен басталды" – деп жазған Ming Xi ханым(Қытайлық фанат)
BBC тілшісі не деді?
Лондонда өткен концерттен соң, Димаш бірнеше сұхбат берді. Солардың біреуінен үзінді аударып берейік. BBC радиотолқынындағы Тина Даэли (Tina Daheley) жүргізетін "Cultural Frontline" бағдарламасы:
"Біздің бірінші қонағымыз үшін аншлагпен өтетін концерттік турлар мен қуаныштан шыңғыратын фанаттар – өмір шындығы. Ол Қазақстанның поп-жұлдызы – Димаш Құдайберген. Әлеуметтік желілердегі миллиондаған жанкүйерлер үшін жай ғана Димаш!
Оқи отырыңыз: Instagram арқылы Ержан Максимнің ән кешіне билет ұтып алыңыз!
Ол небәрі 24 жаста. Алайда өзін Азияның супержұлдызы ретінде танытып үлгерді. Алғаш рет ол жайлы әлем апта сайын жүздеген миллион көрермен тамашалаған "Singer 2017" шоуына қатысқаннан кейін білді!
Ол – Орта Азияның басты жұлдызы ретінде белгілі және шын мәнінде халықаралық деңгейдегі өнер жұлдызы. Алайда, өз мәдениетін бүкіл әлемге танытатын аты әйгілі алғашқы қазақстандық әртіс болу қалай екен?" – делінген.
АҚШ фанаты өзін сүйіп тұрған Димаштың суретін сызды
Вереника Граас (Veronique Graas) Dimash USA Fan Club-қа сурет жариялады. Онда:
"Қымбаттыларым ... Мені осы үшін жек көретіндеріңізді білемін ... Бірақ ерте ме, кеш пе, осылай болады ... Сіздердің жүректеріңізге дақ салғаным үшін кешірім сұраймын"– деп жазған.
Оқи отырыңыз: "Елден жырақ жерге апарып, үш ай бойы сиыр бақтырды" деп бастады әңгімесін Рамазан
Ажалдан арашалап қалғаныңыз үшін рақмет
Канадалық Lynda Dassylva:
"Мен Димашпен өмірімнің ең қиын кезінде таныстым. Содан бері міне 2,5 айдан асты, оның әніні тыңдамасам отыра алмаймын.
Бұл кешқұрым уақытта болды. Қараңғылықта қайғыдан у ішіп, қатты құлазып отыр едім. Өйткені бір мезетте бар жақынымнан – ата-анамнан, бауырым мен сіңлімнен және баламнан айрылып, қан жылап отырдым. Өмір сүргім келмеді. Осы түні өмірмен қош айтысамын деп шештім. Қанша көз жасымды төктім. Тек өлімнен басқа жолды көрмедім. Достарым да жоқ. Отбасымнан да айрылдым.
Дәріні уыстап, ішуге дайындалдым. "Бір белгі берші. Маған бұл өмірде не қызық қалды" деп сыйынып, құдайыма соңғы сөзімді айтып отырғанмын. Тап сол мезетте жұмақтағы періштенің дауысындай ғажап сыйқырлы үнді естідім. Басында түсінбей отырдым. Сөйтсем, компьютерді өшіруді ұмытқан екенмін. Ғажап үн компьютерден шығып жатыр екен.
Оқи отырыңыз: "Арыстан патшаны" қазақша сөйлеткен кім?
Өзімді ажалдан, үлкен күнәдан арашалап қалған, өмірге қайтарған сол дауыс иесі жайлы білгім келді. Бұл – "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындаған Димаш Құдайберген еді. Жас әншінің періштедей үлбіреген жүзінен көз алмадым. Денем түршігіп тыңдай бердім. Тыңдай бердім. Ол туралы көбірек білгім келіп, интернетті ақтардым. Оның орындауындағы әндердің барлығын тыңдап, рақатқа бөлендім.
Сөйтіп жүріп, Димаштың фан-клубының мүшесі атандым. Олар тіпті менің жаңа отбасы мүшелерім сияқты болып кетті.
Осылайша, сол бір қаралы түнде Димаш пен оның музыкасы, ғажап әуезді үні мені ажалдан арашалап қалды. Сол үшін оған алғысым шексіз.
Мүмкін ол өзінің менің жан дүниемді қаншалықты жаулап алғанын білмес. Ал мен Димаштың арқасында жадырап жүремін, жан -жағыма күлімсіреп қараймын. Өзімнің жер басып, тірі жүргеніме қуанамын. Менің қымбатты Бекзатым, мені ажалдан арашалап қалғаныңыз үшін сізге алғыс айтамын! Және өзімнің қымбат адамдарым үшін мен қазір әрбір күнді бақытқа балаймын. Мен сізді жан жүрегіммен жақсы көремін" – деп жазды.
"Шаршаған аққулар махаббаты" – 2018-дің жыл әні
Хорватиялық бойжеткен Djukic Anastazija:
"Игор Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнін Димаштың орындауы – биылғы ең қызу талқыланған тақырып болды. Бұл – Димаштың ұзақ әрі табысты өнер жолындағы тағы бір тамаша жетістік" – деп жазған.
Естеріңізге сала кетейік, бұл – Игорь Крутойдың 2014 жылы Лари Фабиан үшін жазған әні. Сөзін жазған Михаил Гуцериев. 2018 жылы қарашада Мәскеуде орындаған әнді орыс әлемі сенсация ретінде қабылдады.
Бұл туралы Димаштың канадалық жанкүйері Fada Jones:
"Назар аударсаңыз, ән шырқап болып,сахнадан кетіп бара жатқан Димашқа көрсеткен халықтың ыстық ықыласы мен шапалағынан көп нәрсені түсінуге болады. Димаш орыстарға ұлы сезім сыйлады. Бұл – үлкен жетістік" – деп жазды.
АҚШ жанкүйерлері Димаш жанкүйерлерінің байланыс тобынан шықты
Ол туралы Dimash USA Fan Club-тың ФБ парағында хабарланды.
Олардың айтуынша, мұндағы себеп – өзара таным-түсініктің, көзқарастың сәйкес келмеуі. Олар енді ешқандай клубтың ықпалынсыз өз беттерінше жұмыс жасамақ.
Естеріңізге сала кетейік, Димаштың жанкүйерлері клубтарының жұмысын үйлестіріп, бірігіп жұмыс жасауды мақсат ететін Dimash Dears Eurasian Fan Club, ДИМАШ КУДАЙБЕРГЕНОВ. DIMASH KUDAIBERGENOV "The World Club", Dimash Kudaibergen International Fan Club деген клубтар бар.
Бұл – Бинго. Сіз бұл адамды көрдіңіз бе?
Бұл туралы Димаштың канадалық жанкүйері Djukic Anastazija былай деп жазаыпты:
"Бүгін бір қызық хабарлама келді. Ол – бір сүйкімді иттің хабарсыз кеткен Димашты іздеп жүргені туралы екен. Бұл – Бинго (ұтыс билеті). Қалжың. Бір қарасаңыз ешкім де Димаштың әр қадамы туралы бізге хабарлауы керек деп ойламайды. Бірақ іздейді. Шынымен де күлкілі әрі өте жақсы жұмыс.
Мына тіршілік әлеміндегі осы күндеріміз осыдан 10-20 жылғыдай қарапайым ғана емес. Меніңше, Димаш 5 жасында өзін осындай фанаттар қоршаған кино жұлдызы, ән патшасы боларын ойламаған да болар.
Димашта музыка әлеміне деген нағыз махаббат, таза талпыныс болды. Өскеннен кейін шын жүрегімен биік асуларды бағындырып, бүкіл әлем халқын әндерімен сусындатты" – деп жазыпты.