Air Astana әуе компаниясы Ормуз бұғазы маңындағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
Компанияның хабарлауынша, 21 шілдеден 31 тамызға дейін Дубайға тұрақты рейстер орындалмайды.
Ал 21 шілдеге дейінгі рейстер Дубайда жүрген жолаушыларды Қазақстанға қайтару мақсатында жүзеге асырылады.
Air Astana мәліметінше, рейстері тоқтатылған жолаушыларға бірнеше нұсқа ұсынылады:
- әуе билетінің толық құнын қайтару;
- ұшу күнін кейінгі мерзімге ауыстыру;
- Air Astana әуе компаниясының өзге халықаралық бағыттарына билетті қосымша ақысыз қайта брондау.
Компания жолаушыларға қосымша ақпарат үшін өзінің байланыс орталығына немесе билет сатып алынған орынға жүгінуге кеңес береді.