25-30 маусым аралығында Алматы–Достық бағыты бойынша қатынайтын бірқатар пойыздың билеттерін 20 пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жеңілдік №207/208 және №211/212 Тальго пойыздарының "Турист" санатындағы вагондарына қолданылады.
Компания мәліметінше, жеңілдік төменгі және жоғарғы орындардың барлығына беріледі.
"Аталған бағыт Жетісу өңірінің көрікті аймақтары арқылы өтеді және жаз мезгілінде Алакөл жағалауына демалуға баратын жолаушылар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі саналады", – делінген хабарламада.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан, "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан және мобильді билет сату сервистерінен сатып алуға болады.
Қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы ала алады.
150-ден астам адамды алдаған туристік компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды
"Жеті ата" институтын жояды: Қырғыздар қос фамилияға рұқсат беру идеясына қарсы шықты