Мемлекет басшысы тиісті өкімге қол қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия туралы өкімге қол қойды.
Комиссия құрамы:
- Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
- Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
- Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
- Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
- Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
- Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
- Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
- Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
Каспийдегі қайғылы оқиға: Сарбаздардың бірі жағаға өзі жүзіп жетіп аман қалды
Каспийде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді. Жерлеу рәсімі ертең өтеді