2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Каспийдегі қайғылы оқиға: Сарбаздардың бірі жағаға өзі жүзіп жетіп аман қалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл туралы сарбаздың анасы айтып берді.

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметші Бекет Мырзағалиев жағалауға өз күшімен жүзіп жеткен. Қазір 19 жастағы сарбаз өзін жақсы сезінеді және өздігінен жүріп-тұра алады. Бұл туралы "Ақ Жайық" хабарлады.

Сарбаздың анасы Қарлығаш Мырзағалиеваның айтуынша, ұлы 2025 жылғы 3 қазанда мерзімді әскери қызметке шақырылып, Ақтаудағы №29011 әскери бөлімінде қызмет атқарған.

Бекет 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде теңізге кеткен әскери қызметшілердің арасынан аман қалған үш сарбаздың бірі.

"Таңертең Ақтауға келіп, баламызды көрдік. Аман-есен, өздігінен жүріп жүр. Ұлым жағалауға өз күшімен жеткен. Қалған жайттар тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады деп ойлаймын. Балаларымыз әлі жас. Олардың басынан өткені өмір бойы есінде қалатыны анық", – деді Қарлығаш Мырзағалиева.

Ол қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты.

24 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде қолайсыз ауа райына байланысты әскери қызметшілер Каспий теңізіне ағып кеткен. Ресми мәлімет бойынша, 17 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.

Бұған дейін қаза болған сарбаздардың туыстары олардың үйге бір аптадан кейін оралуы тиіс болғанын айтқан. 23 және 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында желдің күшейетіні туралы ескерту жарияланған.

Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында 30-дан астам әскери қызметші жауап беріп, қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған.

25 қыркүйек Қазақстанда қаза болған әскери қызметшілерді еске алуға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау