Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді", – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бүгін Үндістан астанасы – Нью-Делиде XVIII БРИКС саммиті басталды. Оған ұйымға мүше және онымен серіктес елдердің басшылары қатысып жатыр.
Саммит аясында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди БРИКС аясында сабақтастық пен бастамаларды іске асыру тетігін (BRICS Continuity and Implementation Mechanism) құруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл механизм "үштік" форматы арқылы – өткен, қазіргі және болашақ төрағалық етуші елдердің қатысуымен – бастамалар мен саммит қорытындыларының үздіксіз жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.
БРИКС саммитінде Үндістан премьері жаһандық басқару жүйесін реформалауды ұсынды
Тоқаев Үндістанда өтетін БРИКС саммитіне қатысады