Тоқаев Үндістанда өтетін БРИКС саммитіне қатысады

Фото: hindustantimes.com
Фото: hindustantimes.com
Сонымен қатар мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Нью-Делиде "Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту" тақырыбына арналған "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. 

Сапар аясында Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

Ал 14-16 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.

16 қыркүйекте мемлекет басшысы "Орталық Азия – Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау