Су тасқыны жағдайы: 736 елді мекенде қауіп деңгейі төмендеді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде су тасқыны шарықтау кезеңінде.

27 наурыз күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында елдегі су тасқыны жағдайы талқыланды.

Жиында Әсет Жылқайдаров жедел ақпарат беріп, талқылауға Су ресурстары және ирригация министрлігі мен "Қазгидромет" өкілдері қатысты.

Мамандардың мәліметінше, су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталып, жоспарланған шаралардың 92%-ы орындалған. 1 наурыздан бастап ТЖМ-ның жедел штабы тәулік бойы жұмыс істеп, жағдай нақты уақыт режимінде бақылауға алынған.

Өңірлерде бөгеттерді нығайту, өзен арналары мен каналдарды тазарту, дренаж жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде:

  • 234 елді мекен су басудан қорғалды
  • 736 елді мекен үшін қауіп деңгейі төмендетілді
  • 1 242 елді мекеннің 272-сінде қауіп әлі де сақталып отыр.

"Қазіргі таңда оңтүстік өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталған. Ал Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жағдай шарықтау кезеңінде. Сонымен қатар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстары бақылауда. Наурыз айының басынан бері Абай облысында ауа райының күрт жылынуы салдарынан алты жеке тұрғын үйді су басу фактісі тіркелген. Қазіргі уақытта олардың салдары толық жойылған. Автожолдарда 22 су тасқыны және бір жолды су шаю дерегі анықталып, оның 5-еуі бақылауда тұр. Жағдайды бақылау жерден де, әуеден де жүргізілуде. 13 өңірде 29 әуеден барлау жұмысы жүргізіліп, 196 елді мекен қамтылған", – делінген хабарламада.

Алдын алу шаралары аясында:

  • 7 млн м³-ден астам қар шығарылды
  • 126 мың тонна жанар-жағармай дайындалды
  • 374 мың тонна инертті материал әзірленді
  • 4,5 млн қап қоры жасақталды
  • 275 мың м² аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Жедел әрекет ету үшін 39 мыңнан астам адам, 12 мыңнан астам техника, 4 мың су сору құралы және 700 жүзу құралы дайын тұр. Барлық қызметтер жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Қажет болған жағдайда күштер жедел түрде күшейтіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз