Тікелей эфир

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты жаңа құжаттар табылды

Комиссия күштеп жер аударылған 203 адамның ісін толық қарап шықты. 

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттарынан қуғын-сүргіннің құрбаны болған 2 847 адамның ісі табылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия есеп берді. 

"Ғалымдар мен тарихшылар, ЖОО ұстаздары үлкен әрі маңызды іс атқарды. Солардың арқасында мұрағаттардан әлі бітпеген 2 847 адамның ісі табылды. Осы істердің 2 666-сы оңалту шараларымен қамтылуы тиіс. Комиссия өз кезегінде барлық қажет құжатты әзірлеп қойды. Мұнымен қатар, өз туысының тағдыры туралы білгісі келетін азаматтардың өтінішімен арнайы портал аштық. Мамандар әр өтінішті жіті қарап шығатын болады. Қазірдің өзінде 494 іс мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілгелі тұр", – деді Даниал Ахметов. 

Өңір басшысы осы сәтте 494 істің мемлекеттік комиссия қарауына жіберілгелі тұрғанын мәлімдеді. Мұнымен қатар, комиссия күштеп жер аударылған 203 адамның ісін толық қарап шықты. 


Оқи отырыңыз: 


"Мамандар ҰОС кезінде концлагерьде болған Шығыс Қазақстан тұтқындарының ісін де қарап жатыр. Алдағы уақытта осы жұмыстарға ерікті, магистрант және студенттерді тартуымыз қажет. Біз өз кезегімізде оларды қажетті жабдықпен қамтамасыз ететін боламыз", – деді өңір басшысы.  

Еске салсақ, Түркияда Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Еңбек "Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы" аталады, авторы – түрік ғалымы Ашур Өздемір.

Серіктестер жаңалықтары