Тікелей эфир

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы заң жобасы әзірленеді

Бұл мақсатта ғалымдармен, өлкетанушылармен, құқық қорғаушылармен кеңестер өткізіледі.

"Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау тәсілдері мен критерийлерін әзірлеу үшін ғалымдармен, өлкетанушылармен, құқық қорғаушылармен, Мемлекеттік комиссия мүшелерімен дөңгелек үстелдер, онлайн-конференциялар, кеңестер өткізіледі. Барлық материал қуғын-сүргін түрлері мен қуғын-сүргін санаттары бойынша сыныптала", – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Оның сөзінше, комиссияның басшылары Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің қызметкерлерімен бірге өңірлік комиссиялардың қызметін бақылау үшін өңірлерге көшпелі инспекциялар жүргізеді.

Мәдениет және спорт министрлігі осы жылы Ұлттық мұрағат және Орталық мемлекеттік мұрағат базасында саяси қуғын-сүргін мәселелері бойынша мамандандырылған мұрағат материалдарының қорын құрды. Бүгінде қорда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 1 040 мұрағаттық іс сақтаулы. Қор комиссия қызметі аясында құпия құжаттар есебінен толықтырылады.


Оқи отырыңыз: Алаш арысы Әлихан Бөкейханның есімі Теміртау орталық мешітіне берілді


Мемлекеттік комиссия қызметінің қорытындысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелерін заңнамалық қамтамасыз ету бойынша екі бағытта жұмыс жүргізіледі:

  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы заң жобасын әзірлеу;
  • қолданыстағы бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалтудың жаңа тетіктері пысықталып, оңалтуға құқығы бар адамдардың тізімі кеңейтіледі. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелері кезең-кезеңімен Мемлекеттік комиссия отырыстарында қаралып, көпшіліктің назарына ұсынылады. 

Осы ретте ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнаулы Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтті.


Оқи отырыңыз: Айту да, есту де қиын. Зұлмат статистикасы мен деректер, ашаршылық нәубетінен аман қалғандардың естеліктері


"Мемлекеттік комисия елімізге белгілі тарихшы ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, Парламент дептутаттарының және мемлекеттік органдардың өкілдерінен – 49 адамнан тұрады. Комиссияның алдында бірнеше нақты міндеттер бар. Біріншіден, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру мәселелері. Екіншіден, жазықсыз сотталған және саяси қуған-сүргінге ұшырағандарды ақтау процестерін ғылыми зерделеу", – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар жабық мұрағаттардағы қуғын-сүргін жөніндегі материалдардың зерттеушілерге қолжетімді болуын қамтамасыз ету мәселесі де алдымызда тұрған үлкен сұрақтардың бірі. Мұнан бөлек, еліміздің азаттығы, тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру бойынша да ұсыныстар әзірлеу сияқты маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Комиссияға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жетекшілік етеді. Жарлыққа сәйкес, комиссияның жұмыс органы ретінде Білім және ғылым министрлігі бекітілген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары