Еңбек "Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы" аталады, авторы – түрік ғалымы Ашур Өздемір.
Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, әскери стратег және белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 111 жылдығына орай түрік ғалымы Ашур Өздемірдің "Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы" атты кітабының тұсаукесері өтті.
Жиында сөз сөйлеген Елші Абзал Сапарбекұлы биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы екенін және еліміздің егемендігін алғаш болып мойындаған бауырлас Түркияның орнының ерекше екеніне назар аударды. Осыған байланысты Елші Түркияда көптеген іс-шаралардың өткізілгенін еске салып, бүгінгі іс-шараның да тәуелсіздік мерейтойына және қазақтың біртуар батыры әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының рухына тағзым және оның 111 жылдығына тарту екенін айтты.
Оқи отырыңыз: "Бауыржан Момышұлы тұлғасы әлі де зерттеуді қажет етеді". Мұрағаттағы сирек суреттер
Момышұлының батырлығына, шебер қолбасшылығына тоқталған Елші "Момышұлы Кеңес одағы азаматы және Қызыл армия қолбасшысы. Дегенмен де ол өмір бойы ұлттық болмысын сақтап, ұлттық рухын биік көтеріп өткен өз халқының бел баласы. Сондықтан ол сол кезеңде жаппай қолданылатын –ов жұрнағын тегіне алмай, ұлы сөзін қолданып, "Момышұлы" тегін мақтанышпен алып жүрген нағыз қаһарман", – деп атап өтті.
Еске сала кетсек, Ашур Өздемірдің қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениетіне байланысты мақалалары ғылыми журналдар мен баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Сонымен қатар, Өздемірдің Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Шерхан Мұртаза сияқты белгілі жазушылардың шығармалары туралы зертеп жүрген ғалым екенін атап өту керек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-