Қордың 18 жылдағы орташа инвестициялық табысының 50 пайызы балаларға аударылады.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет кулуарында Ұлттық қордан балаларға ақша аудару ережелері қашан бекітілетінін айтты.
"2024 жылдан бастап осы тетік іске асырылады. Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайызы жылдың қорытынды бойынша әр балаға үлестірілетін болады. Жалпы Қазақстанда 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады. Мысалы, инвестициялық кіріс теріс болса, не болатынын да талқыладық. Сол себептен тек бір жылдың кірісін ғана алмаймыз. Біз орташа 18 жылдағы кірісті аламыз. Себебі, біздің мониторинг бойынша 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек. Сол себепті осы механизм бойынша жұмыс істейміз", – деп түсіндірді министр.
Оқи отырыңыз: Қуантыров Ұлттық қор қаржысы балаларға неге доллармен аударылатынын түсіндірді
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бала 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырса, шоттағы ақшасын ала алмайды.
"Бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты алмайды. Ол басқа балаларға бөлінеді. Бірақ бала шетелге шыға алады, азаматтығын ауыстырмаса болды, ақша өзінде қалады", – деді министр.
Сонымен қатар ол бала 18 жасқа толғаннан кейін шотындағы ақшаны алғанда салық салынбайтынын ескертті.
Министрдің айтуынша, қазір ақша аудару механизмі дайын. Қаржы министрлігі ережелерін дайындап жатыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
347
-
1
-
4
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
340
-
0
-
1
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
311
-
0
-
4
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
300
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
302
-
0
-
1
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
302
-
0
-
1
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
290
-
0
-
1
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
286
-
0
-
1
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
289
-
0
-
1
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
298
-
0
-
1
-