Прямой эфир Новости спорта

Қуантыров Ұлттық қор қаржысы балаларға неге доллармен аударылатынын түсіндірді

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, қаражат жыл сайынғы негізде аударылады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазіргі таңда Ұлттық қордан балаларға аударылатын ақша көлемі есептеліп жатқанын мәлімдеді. Жоба бойынша, ақша 18-ге толмаған балаларға жылына бір рет аударылады.  

"Жүйе 2024 жылы қолданысқа енгізілетін болса, бала оған жасына байланысты бірнеше жыл, мәсалы, бір не бес жыл қатыса алуы мүмкін. Сәйкесінше, оның шотында жиналатын қаражат та азырақ болады. Ал "бала 18 жасқа толғанша шотындағы ақша құнсызданып кетпей ме?" дегенге келсек, қаражат құнсызданбайды, себебі ол доллармен аударылады", – деді министр.

Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан балалардың шотына қаржы неліктен доллармен аударылатынын түсіндірді.

"Себебі, Ұлттық қордағы қаражат 100% доллармен сақталады. Өйткені, қордың бүкіл активтері шетелде, яғни шетелге инвестицияланған. Ол да бізге ыңғайлы. Сол үшін солай шоттарға жберілетін болады", – деп түсіндірді министр.

Министр қаражаттың жыл сайынғы негізде аударылатынын айтты. Әр жыл сайын өткен жылдың инвестициялық табысы есептеліп, соның елу пайызы шоттарға бөлініп, жіберіледі.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, соңғы он жылда Ұлттық қордың инвестициялық табысы орташа есеппен 2,74 пайызды құраған.


Оқи отырыңыз:


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары