Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда жағдай тұрақты, тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр. Су тасқыны шыңы қазір Ақмола облысы аумағында байқалады. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бақылауда тұр. Ал елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде ахуал тұрақталған.
Су тасқынының алдын алу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілді:
- 9 млн текше метрден астам қар шығарылды
- 1,3 млн текше метр еріген су сорылды
- 1,9 млн метр арықтар мен каналдар тазартылды
- 5 мыңнан астам уақытша бөгет тұрғызылды
Сондай-ақ 43 әуе барлау жүргізіліп, 305 елді мекен тексерілген. Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға 700-ге жуық адам мен 200-ден астам техника жұмылдырылған.
Бірқатар өңірлерде жағдай ерекше бақылауда. Мәселен, Қостанай облысында су деңгейі қауіпті межеден аспаған, ал Абай облысы мен Қарағанды облысында су тасқыны кезеңінің белсенді фазасы аяқталған.
Сонымен қатар Ақмола облысында "Шөптікөл" бөгетінде ішінара бұзылу тіркелгенімен, қазіргі уақытта қалпына келтіріліп, елді мекендерге қауіп жоқ.
ТЖМ мәліметінше, су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу үшін барлық қажетті алдын алу және жедел шаралар жалғасып жатыр.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17