Қазақстандықтар жұмыс күнін кофемен бастағанды ұнатады – Poster

Фото: Poster
Фото: Poster
Ел кофеханалары кофенің төрттен бірін таңғы сағат 8:00-10:00 аралығында сатады.

Poster компаниясының Қазақстандағы кофе мен кофеханалар нарығына қатысты дәстүрлі зерттеуінің қорытындысын жария етті. 

Одан қазақстандықтар ұнататын кофенің үздік бестігі соңғы бір жылда аса өзгермегені байқалады. Алайда, 2024 жыл қорытындысы бойынша бірінші орында латте болса, 2025 жыл қорытындысы бойынша капучино қайтадан бірінші орынға көтерілген. Айта кетейік, бұл екі сусын барлық сатылымның 77%-дан астамын құрады. Үшінші орында бұрынғыша американо тұрса, флет вайт пен раф бір жылда орын ауыстырған. 

Инфографика: Poster

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар әлі де "сүтті" сусындарды көбйрек қалайды. Яғни, тұтынушылар классикалық қара кофеден гөрі жұмсақ әрі үйреншікті дәмдерді жиі таңдайды.

"2025 жылы Қазақстандағы кофеханаларда сатылған кофе көлемі айтарлықтай артты. Ел тұрғындары бір жыл ішінде кофе тұтынуды 24%-ға көбейткен. Сонымен қатар, бір шыны кофенің орташа бағасы 8%-ға өсіп, 1310 теңгеге жеткен. Сонымен қатар, соңғы жылы фильтр-кофе мен бамбл сияқты балама сусындар ең жоғары өсімді көрсетті. Фильтр-кофе сатылымы 65%-ға артса, бамбл бойынша транзакциялар саны үш еседен астам өскен. Бұл сусындар әлі нарықтың шағын бөлігін ғана құрағанымен, тұтынушылардың жаңа дәмдерге қызығушылығы артқанын көрсетеді", – делінген зерттеу қорытындысында. 

Бір қызығы, Қазақстанда кофе бағасының өскеніне қарамастан, оны сатып алатындар қатары да көбейген. Баға өсімі шамамен кофе түріне қарай 7-14 пайыз аралығында. 

Зерттеуден Қазақстандағы ең ірі екі қала – Астана мен Алматыда кофе сатылымы артқанын да көреміз. Астанада кофе сатылымы 31 пайызға артса, Алматыда бұл көрсеткіш 16 пайыз деңгейінде тіркелген. 

"Қазақстанда кофені ең көп сатып алатын уақыт – таңғы 9:00. Жалпы сатылымның 26%-дан астамы 8:00-10:00 аралығында жүзеге асады, ал барлық кофенің жартысы 8:00-13:00 аралығында сатылады", – делінген зерттеуде. 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз