Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметтен босатты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкетті. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.
Оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("Кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша тергеліп жатыр.
Күдіктілер анықталды. Қорғаныс министрлігі жүйесінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру жүргізуді тапсырды
Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты 5 лауазымды тұлға ұсталды. Олар кімдер