USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 542.5 / 547.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Ерлан Қарин тойда тілек орнына уағыз айтатындарды сынға алды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оның сөзінше, Қазақстанда бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады.

Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қарин қоғамдағы мәдениет пен дінді бір-біріне қарсы қоюды және әсіредіншілдікті сынға алып, әлеуметтік желіде пост жазды

Оның айтуынша, Қазақстан қоғамында бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұруы тиіс. 

"Тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосын желіден көріп қалдым. Шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат. Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады", – деді ол. 

Ерлан Қарин өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою да – асыра сілтеушілік екенін ортаға салды.

"Мемлекетіміз таңдаған жол бұл емес. Керісінше, еліміз білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке басымдық беріп келеді.Көпшілік алдында адамдарды бұлайша алалау, өз пікірін қасақана тықпалау әдептілікке жатпайды. Біз өзара құрмет пен мәдениетті биік қоямыз. Еліміздің жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға ерекше мән беріп отырғаны да сондықтан.

Осы ретте Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары ұлттық болмыс пен елдік ұстанымдарға қайшы келетін мұндай әрекеттерге қоғам болып тосқауыл қоюға шақырды. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Роза Әлқожа тойда тілек айтуға шыққан қонақтың әншілерді "шайтанның азаншысы" деп атағанын айтып, сынға алған болатын.

"Қожасын пайғамбардың әулеті деп қадірлеген ел. Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті? Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе?", – деп жазды әнші. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау