USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Тарихшылардың ауқымды жұмысы Конституцияға маңызды норманы енгізуге негіз болды – Ерлан Қарин

Фото: ҚР Президенті әкімшілігі
Фото: ҚР Президенті әкімшілігі
Астанада Қазақстан тарихының көптомдық академиялық басылымын әзірлеу жөніндегі Редакциялық алқаның қорытынды отырысы өтті.

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдық академиялық басылымын әзірлеу жөніндегі Редакциялық алқаның қорытынды отырысында тарихшылар атқарған ауқымды жұмыс тұңғыш рет Конституциямызға тарихымыз туралы маңызды норманы енгізуге негіз болғанын жеткізді. 

"Қазақстан тарихының академиялық басылымын әзірлеу барысында айқындалған жаңа ұстанымдардың барлығы Конституциялық комиссияның қызметінде ескерілгенін жақсы білесіздер. Сөйтіп, осы күнге дейін атқарылған жұмыстар тұңғыш рет Конституциямызға, яғни, жаңа Ата Заңның преамбуласына тарихымыз туралы маңызды норманы енгізуге негіз болды. Преамбуладағы "мыңдаған жылдық тарих" деген ұғым – ғылыми тұрғыдан негізделген маңызды тұжырым. Сондықтан, көптомдықтың жұмысы қазірдің өзінде тарихи сананы жаңғыртуға белгілі бір деңгейде үлес қосты деп айтуға болады. Бұл – бірнеше жыл бойы жүргізген жұмысымыздың нақты бір көрінісі", – деді Ерлан Қарин.

Фото: ҚР Президенті әкімшілігі 

Еске сала кетейік, көптомдықты жазуға 350-ден астам ғалым атсалысты. Олардың қатарында шетелдің жетекші мамандары бар. Атап айтқанда, Ресей, АҚШ, Түркия, Жапония, Польша, Италия, Болгария, Украина, Аустралия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан секілді 12 елдің 56 авторы өз еңбектерін ұсынды. 

Бұған қоса, еңбекті жазу барысында 90 архив пен музейдің материалдары пайдаланылды. Оның 35-і – шетелдік архив. Жалпы 9 мемлекеттен 5 мыңнан астам архивтік құжат әкелінді. Бұрын-соңды беймәлім болған тың деректер ғылыми айналымға енгізілді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау