Тікелей эфир

Екпе салдырғандардың 95 пайызы коронавирус инфекциясын жеңіл өткерді

Науқастардың қалған 5%-ы артериалды гепертония, қант диабеті сынды ауруларға шалдыққан.

14 шілдедегі жағдай бойынша, ПТР-тест көмегімен 466 792 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, 58 086 адамнан алынған сынама теріс нәтиже көрсетті. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ проректоры Бақыт Көшерова науқастардың 95 пайызы емделіп шыққанын хабарлады. 


Оқи отырыңыз: Екпені денсаулығы көтермейтін адамдарға берілетін анықтаманың екі түрі бар. Бірі 14 күнге ғана жарамды


Осы орайда инфекционист қазақстандықтарға жаппай вакцина салдыруға кеңес берді.  

"Вакцинаның бірінші және екінші компонентін алғандар арасында ковид-инфекциясын жұқтырғандар бар. Біз кішігірім зерттеу жүргіздік: 400-ден астам адамды бақыладық. Науқастардың 95%-і бұл аурудың жеңіл, орташа ауыр және сырт белгілері білінбейтін түрлеріне шалдыққан. Оларға оттегі қажет болмады, қарапайым әдістермен емделді. Науқастардың қалған 5%-ы комаробиялық жағдайда болды: олар артериалды гипертония, қант диабеті сынды ауруларға шалдыққан. Олардың жағдайы басқаларға қарағанда ауыр болды, бірақ ем жақсы аяқталды", – деді ДСМ штаттан тыс инфекционист Бақыт Көшерова. 

Еске салсақ, Денсаулық сақтау магистрі Манар Смағұл алдағы уақытта жүкті әйелдерге жаппай вакцина салынуы мүмкін екенін хабарлады. 

Серіктестер жаңалықтары