Денсаулық сақтау магистрі, ДСМ ҚДСҰО "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Манар Смағұл вакцина салдыруға қарсы көрсеткіштері бар азаматтарға берілетін анықтаманың қанша мерзімге жарайтынын түсіндірді.
Оның айтуынша, вакцинаны денсаулығы көтермейтін азаматтарға келесі 2 түрлі анықтаманың бірі беріледі:
- Вакцинаға қарсы тұрақты көрсеткіші бар азаматтарға берілетін анықтама. Оларға қандай жағдай болмасын вакцина салынбайды;
- Уақытша көрсеткіштері бар азаматтарға арналған анықтама. Ауыр ауру түріне шалдыққан, созылмалы ауруы бар азаматтарға 14 күнге беріледі.
Оқи отырыңыз: Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Атырау облыстарында карантинді күшейтуді тапсырды
"Уақытша көрсеткіштері бар азаматтарға берілген анықтаманың жарамдылық мерзімі аурудың қауіптілігіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Адамдар ауруынан айыққан соң дәрігерге қаралып, кейін вакцина салдырады. Біздің мақсат – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру", – деді Манар Смағұл.
Сондай-ақ, маман "вакцина салдырған адамдар екі жылдан кейін өледі" деген қауесетке сенбеуге шақырды.
"Вакцина салдыру туралы әлі күнге дейін ойланып жүрген адамдарға осындай жалған ақпараттар кері әсерін тигізеді. Денсаулық сақтау саласында жаппай вакцина салу тәжірибесі бізде бірінші рет емес. Мысалы, балаларға қызылша, қызамыққа қарсы салынады. Оның тиімділігі әлдеқашан дәлелденген", – деді денсаулық сақтау магистрі.
Манар Смағұлованың пікірінше, коронавирус жұқтырғандар ішінде вакцина салдырғандардың аз екені оның тиімділігін көрсетеді.