Қазіргі таңда Қазақстан бойынша ҰБТ сынағы өтіп жатыр.
Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант байқауына құжаттар қабылдау ҰБТ тестілеуі аяқталған соң, 13-20 шілде аралығында өтетінін еске салды.
Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.
Грант байқауына қатысу үшін келесі құжаттарды әзірлеу қажет:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
- B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Информбюроның грант байқауы қалай өтетіні туралы түсіндірме материалын осы жерден оқи аласыздар.
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67

