USD: 467.9 / 470.7
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 6.17 / 6.29
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Бауырлаc өзбек елі Түркістанға жаңа мешіт тарту етті

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды. 

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.   

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.   

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз