20 қазанда Шымкенттен Сингапурға әуе рейсі ашылады. Билет бағасы қанша

Фото: SCAT Airlines әуе компаниясы
Фото: SCAT Airlines әуе компаниясы
Ұшақ Қытайдың Санья қаласында 2 сағат аялдап, әрі қарай ұшуын жалғастырады.

Қазақстандық SCAT Airlines әуе компаниясы 20 қазаннан бастап Шымкенттен Сингапурға әуе рейсін іске қосатынын хабарлады.

Жолаушылар тасымалы үшін компания Boeing 737 MAX 8 әуе кемесін қолданады. 

Рейстің жалпы ұзақтығы 11 сағатты құрайды. Бұл ретте ұшақ Қытайдың Санья қаласында қонып, қайта ұшатынын хабарлаймыз. Сәйкесінше, Саньяға дейінгі аралық 6,5 сағатты, аялдау уақыты 2 сағатты және әрі қарай Сингапурға дейінгі тасымал 3 сағатты құрайды. 

Компанияның мәлімдеуінше, сапардың бірінші бөлігінде жолаушыларға ыстық тамақ ұсынылатын болса, екінші бөлігінде жеңіл ланч беріледі. 

Әуе компаниясының ресми баспасөз хабарламасында билет бағасы жазылмаған. Дегенмен, Tickets.kz сервисінің мәліметінше, 20 қазандағы рейстің стандартты билетінің бағасы шамамен 170 мың теңгені құрайды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау