SCAT әуе компаниясының паркі екі жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағымен толықты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Шымкентте өткен салтанатты рәсімде ұшақтардың кілті "SCAT әуе компаниясы" АҚ президенті Владимир Денисовке табысталды.
"Жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтарының келуі әуе компаниясы флотының кеңейе түскенін білдіреді. Бұл өз кезегінде мүмкіндіктерімізді нығайтады. SCAT үшін жаңа әуе кемелерінің Шымкент әуежайы базасында хабты дамытуға жұмылдырылуы өте маңызды. Бүгінде әуежай біздің маршруттық желіміздің негізгі даму тірегіне айналып отыр. Біз Шымкенттің ірі авиациялық хаб ретіндегі позициясын жүйелі түрде күшейтіп, ұшу бағыттарын кеңейтіп, жолаушылар үшін Қазақстан ішінде де, сыртқы жақтарында да жаңа мүмкіндіктер ашудамыз", – деді ол.
Айта кетейік, 2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағандыға, Қостанайға, Бішкекке, Новосібірге, Санкт-Петербургке және Тюменьге жаңа әуе рейстерін, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы – Ұлан-Баторға тікелей рейсті іске қосты.
USD:
463.1 / 465.7
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13

